Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет187/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

 

Реалистік  (шындық  тұрғысынан)  -  ойлау,  негізінен,  сыртқы  ортамен  байланысты 

болып,  логикалық  заңдылықпен  реттеледі.  Ал,  «аутистикалық  -  ойлаудың»  адамның 

тілегін  (кім  орындалатын  тілегін  орындалған  ретінде  қабылдап  көрмеді  дейсің)  жүзеге 

асырумен  байланысты.  Басқа  адамның  көзқарасын  қабылдау  мүмкін  болмаған  жағдайды 

сипаттауда  «эгоцентрлік  (дарашылдық)  ойлау»  термині  қолданылады.  Субьектінің 

айналысқан  жұмысына  қатысты  ойлау  үрдісінде  алынған  нәтиженің  жаңалық  дәрежесіне 

байланысты  продуктивті  және  репродуктивті  ойлау  түрлерін  ажырату  маңызды  мәселе 

болып  табылады.  Сондай-ақ  еріксіз  ойлау  үрдістерінен  ерікті  ойлау  үрдісін,  яғни  түстегі 

образдарды еріксіз өзгертуді ойдағы мәселелерді бағытты шешуден айыра алу керек.  

 

Логикалық ойлау нақты және дерексіздендірілген (абстрактілік) болып бөлінеді. 



 

Нақты  логикалық  ойлау  затты  біздің  тікелей  қабылдауымыз.  Мұны  кейде  көрнекі 

ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау оқушылардың оқу үрдісінде, еңбек іс-

әрекетінде байқалады.  

 

Абстрактілік логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. 



 

Алгоритмдік  ойлау  көздеп  отырған  нәтижені  қамтамасыз  ететін  нақты  әрекеттерді 

қатаң нұсқау бойынша орындау арқылы жүзеге асады. 

 

Индуктивтік  ойлау  ғылыми  зерттеу  немесе  оқушыларға  жаңа  білімдерді  баяндауда 



оның жекеден жалпыға және деректерден оларды жинақтауға қарай қозғалуын талап етеді. 

 

Дедуктивтік  ойлау  жалпыдан  жекеге,  дербестікке  қарай  жүретін  ойлау  үрдісімен 



байланысты. 

 

Психологиялық  көзқарас  тұрғысынан,  ойлау  үрдісін  математиканы  оқыту 



әдістемесінің  қажетті  негізі  ретінде  қарастыру  көзделген.  Себебі  ойлаудың  жоғарыда 

аталған түрлері математика ғылымындағы ой қорытуларымен тығыз байланысты.  

Жоғарыда  айтылған  ой  ерекшеліктері  математиканы  оқыту  барысында  ескерілсе, 

оқушылардың шығармашылық белсенділігінің артуына жағдай жасалынады.  




337 

 

Шығармашылықпен  еңбек  ететін  оқушыға  ойлау  зеректігі,  терең  білім  қабілетінің 



жан-жақтылығы тән.  

Шығармашылық  ой  -  өз  бетімен  орындалатын  жұмыс  кезінде  маңызды.  Кез  келген 

өздігінен ұйымдасатын жүйеде шығармашылық қажеттілік туындайды. Адам миы өзін-өзі 

реттейтін  нейрондар  тармағы  сияқты  жұмыс  жасайтынын  фактілер  дәлелдейді.  Неге  біз 

шығармашылық ойлауға парасатпен қарамаймыз, егер ол мәселелерді шешуде және жаңа 

идеялардың туындауына ойлаудың маңызды элементі болатын болса.  

Шығармашылық  –  тек  адамға  ғана  тән  құбылыс.  Маркстің  айтуы  бойынша, 

адамдардың  қабілетінің,  іс-әрекетінің  хайуанаттардың  тіршілігінен  өзгешелігі,  оның 

дүниені өзгертуінде.  

Сонымен, шығармашылық қабілетті дамыту үшін ойлаудың кейбір арнайы тәсілдерін 

меңгеру қажет болады. Бұл тәсілдер алда арнайы сөз болатын «стандарт емес ойлаудың» 

бір бөлігін құрайды, олар белгілі типке жатпайды және қисынсыз көрінетін провокациялық 

идеяларды  ұсынуды  қамтиды.  Шын  мәнінде  бұл  әдістер  аталған  модельдер  жүйесінде 

толық  қисынды.  Біздің  түсінігімізде  шығармашылық  қабілеттер  Алланың  жұмбақ  сиы 

сияқты болып қалмауы керек. Шығармашылық ойлауды дамытудың арнайы тәсілдері бар. 

Психологиялық  зерттеулерде  стандартты  емес  ойлаудың  бір  арнасы  —  таным  деп 

қарастырылады. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске асып отырады. 

Оқушы  білімді  қысқартылған,  педагогикалық  тұрғыдан  өзгертілген  жолмен  мұғалімнің 

және  арнайы  жазылған  оқулықтардың  көмегіне  сүйене  отырып  алады.  Дүниені  тануда 

оқушы ғалым адамдармен салыстырғанда өзі жаңадан ғылыми жаңалықтар ашпайды, ол — 

ғылымда  бұрын  ашылған,  зерттелінген  фактілерді,  заңдылықтарды  арнайы  тәсілдерді 

қолдану әдістері арқылы ұғынуы міндетті.  

Оқушылардың  оқу-таным,  шығармашылық  әрекетін  арттырудың  тиімді  әдістерінің 

бірі  –  оқушылардың  өзіндік  жұмысы  мен  өздігінен  білім  алу  әрекеті.  Олай  болса 

оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыру  жолында  олардың  әр  пәнге  қызығуын, 

өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу - 

қазіргі мектептің міндеті.  

Соңғы  кезде  оқушылардың  танымдық  ізденімпаздық  қабілеттерін  арттыруға  көп 

көңіл  бөлініп  отыр.  Әдістемелік  еңбектер  де  баршылық.  Бұл  мәселелер  төңірегінде  әр 

түрлі  көзқарастар  бар.  Мысалы:  ғалым-педагог  Л.В.  Занков:  «Оқыту  –  оқушының  жалпы 

рухани  дамуын  қамтамасыз  етуі  қажет»,  −  десе,  көрнекті  психолог  Л.С.  Выготский: 

«Жақсы  оқыту  деп,  баланың  дамуынан  ілгері  жүретін,  оны  жетекке  алатын  оқытуды 

айтады»,  -  деп  тұжырымдайды  және  оқу  –  баланың  өзінің  танымдық  белсенділігі  екенін 

анықтайды. 

Белгілі  педагог  ғалым  А.Е.  Әбілқасымованың  еңбектерінде  жеке  адамның 

белсенділігі  дегеніміз  «серпінді»  ізденімпаздық,  ал  ізденімпаздық  тұрақты  белсенділік 

деген  түсініктеме  беріледі.  Ғалымның  айтуы  бойынша  танымдық  белсенділік  пен 

ізденімпаздық әлеуметтік белсенділік пен ізденімпаздықтың түрлері болып табылады. Ол 

«танымдық  қажетсіну  – белсенділіктің және ізденімпаздықты дамытудың қайнар көзі», − 

деп жеке адамның белсенділігі туралы пікірлерді одан әрі саралай түскен. Одан әрі ғалым 

ізденімпаздық  мәселесіне  өте  тыңғылықты  да  жан-жақты  тоқтала  отырып,  танымдық 

ізденімпаздықты жеке тұлғаның сан қырлы білім алуы ретінде қарастырады. Бұл білім алу 

танымдық әрекетте сезімнің, таным мен еріктің, үрдістің нәтижесі болып табылатын өзін-

өзі  икемдеу,  көрнісімен;  танымдық  уәж  бен  ізденімпаздық  мінез-құлық  тәсілдерінің 

синтезімен;  оқушының  мінез  −  құлқындағы  танымға  деген  тұрақты  көзқараспен 

сипатталатынына,  алайда,  танымдық  ізденімпаздықтың  мұндай  түсініктемесін  негіздеу 

үшін жеке тұлғаның бітімін талдау қажеттігіне еңбекте баса көңіл бөлінген. 



338 

 

Я.А.  Коменский  оқытудың  мақсаты  ғылыми  білімді  меңгеру  және  өмірге  пайда 



келтіру деп білді. Ол «Ұлы дидактика» еңбегінде: «заттың не құбылыстың түп тамырына 

жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу» қажеттілігін 

ерекше атап өтті. 

Сондықтан мұғалімнің негізгі мақсаты ізденімпаздық іс-әрекетті дамыту, өйткені сол 

арқылы ғана білім тереңдей түспек. 

ХІХ ғасырда танымдық ізденімпаздық мәселесіне орыс революционер демократтары 

да  үлкен  мән  берді.  Олар  жан-жақты  адам  тәрбиелеп  шығарудағы  ақыл  –  ой  тәрбиесіне 

көңіл бөлді. 

Ізденімпаздықтың  қалыптасуының  жоғары  деңгейіне  –  оқушылардың  танымдық 

есептерді анықтай және тани білуі, яғни ойша математикалық моделін құра алуы; іс-әрекет 

етуге  тез  бейімделуі;  іс-әрекетін  жоғары  дәрежеде  ұйымдастыра  алуы  мен  өзгелердің 

көмегін, нұсқауын қажетсінбеуі жатады. 

Р.Г. Лемберг математикадан өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың келесі шарттарға 

байланысты екендігін айтты: оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуіне; 

жұмыстың  жемісті  аяқталуына;  оның  алдыңғы  нәтижесіне  қызығуына;  жұмысты  өз 

еркімен, қалауымен орындауына. 

Сонымен,  оқушылардың  оқу,  таным  әрекеттерін  арттырудың  тиімді  құралдарының 

бірі – оқушылардың математикадан өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет