ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАДАН ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТІН
ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АСАНОВА А, ХАНИЕВА А.Х. –магистранттар
ЖУМАТОВ С.С. - ф.-м.ғ.д.,профессор
Шымкент университеті
Мақалада мектеп оқушыларының математика пәнінде зерттеушілік қабілетін
дамытудың педагогикалық ерекшеліктері қарастырылған
ХХІ ғасыр қоғам өмірінің көптеген салаларындағыдай, жеткіншек ұрпаққа білім
беру, тәрбиелеу, дамыту мәселелеріне де үлкен өзгерістер енгізу қажеттілігін күн тәртібіне
қойып отыр. Бұл мәселені нақтылай түссек, қазіргі уақытта білім беру үрдісінде білімді
механикалық түрде игеру емес, шығармашылық түрде игеру негізгі мәселелердің бірі
болып отыр. Яғни, жаңа дәуірдің мұғалімдерінен оқушылардың шығармашылық іс-
әрекетін, оқушылардың өз бетімен білім ала алуын дамыту арқылы білім деңгейін көтеру
талап етіледі. Зерттеушілік қызмет ой қызметімен тығыз байланысты.
Ойлау адам миы қабілетінің нәтижесі. Ой – түйсіну, қабылдау, елестету арқылы
алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау барлық
адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму үрдісінде тәрбиеге қоятын міндеттерге сай
жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін өзінде қалыптастырады.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әртүрлі түсінік беріледі. «Ойлау дегеніміз –
әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психологиялық үрдіс, сол
арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелеу
адам ойын талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады.
Ойлау сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең
биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері
нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі», -
дейді психология ілімінде .
Ойлау дегеніміз математикаға қойылған міндеттің мазмұны мен типіне қарай
іріктелген біліммен жұмыс жасау. А.М. Матюшкиннің ойынша «білім − ойлаудың
бастапқы түрткісі, негізгі құралы және соңғы нәтижесі. Бұл жерде адам білімінің
ауқымынан гөрі оның жүйелі, дәл, мағыналы және ыңғайлы болуы маңызды рөл атқарады»
Ойлау - аса күрделі психологиялық үрдіс. Оның ішінде математикалық логика мен
психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда
болуын, дамуын, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің
заңдылықтарын қарастырса, математикалық логика бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің
заңдары мен формаларын айқындайды, адам оның нақты нәтижесі болып табылатын ұғым,
пікір, дәлел ой формаларының табиғатын зерттейді.
Психологиялық еңбектерде ойлаудың төмендегідей түрлерін бөліп көрсетеді.
Көрнекілік-әрекеттік ойлау – заттар мен құбылыстарды (нәрселерді) тікелей
қабылдауға, әрекеттік үрдісте оларды шынайы түрлендіруге сүйенетін ойлау түрі.
Көрнекілік-бейнелік ойлау – түсінік пен бейнелер көмегімен сипатталатын ойлаудың
түрі. Бұл ойлаудың түрі адамдардың жағдайларды өздерінің өзгертетін әрекеттерінің
нәтижесі ретінде алуды көздейді және ол олардың өзгерістері туралы түсінікпен
байланысты. Бейнелік ойлаудың маңызды ерекшелігі – заттар мен оларға тән қасиеттерінің
336
әдеттен тыс, ақылға сыймайтын үйлесімдіктерінің пайда болуында. Бұл екі ойлаудың бір-
бірінен айырмашылығы мұндай жағдайдың бейнелік тұрғыда ғана түрленуінде.
Математикалық-логикалық ойлау − ұғымдарға логикалық амалдар қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Ойлаудың бұл түрі ойлаудың теориялық және практикалық,
интуитивтік және аналитикалық, реалистік (ақиқаттық-қатынастық) және аутенттік
(ақиқаттық), нәтижелі (продуктивті) және репродуктивті түрлеріне бөлінеді.
Теориялық және практикалық ойлауды ажырату шешілетін мәселелер (есептер)
түріне және одан шығатын құрылымдық және динамикалық ерекшеліктерге байланысты.
Теориялық ойлау – заңдар мен заңдылықтардың ережелерін танып білу. Ал, практикалық
ойлаудың негізгі міндетіне - ақиқат дүниені физикалық тұрғыдан түрлендіруге дайындау
жатады: мақсат қою; жоспар, жоба, кестелер құру. Кейде теорилық ойлауды эмпирикалық
ойлаумен де салыстырады. Мұнда келесідей крийтерилер қолданылады: ойлауға қатысы
бар жалпылаудың сипаты бірде ғылыми ұғым болса, ал кей жағдайда – тұрмыстық,
жағдайлық (ахуалдық) жалпылау.
Сол сияқты сөздік-логикалық ойлаудың интуитивтік және аналитикалық (логикалық)
түрлерінің де арасында айырмашылық бар. Әдетте мұндай жағдайда ойлаудың үш белгісі
қолданылады: уақыттық (үрдістің өту уақыты), құрылымдық (кезеңдерге бөлу), өту
деңгейі (түсіну немесе түсінбеу).
Уақыттық ойлау - аналитикалық ойлау түрінің белгілі бір кезеңдері болады, ол ой
үстіндегі адамның санасында белгілі дәрежеде көрініс табады. Интуитивтік ойлау өту
тездігімен сипатталып, оның кезеңдері нақты емес, ол арқылы саналы меңгерудің деңгейі
өте төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |