БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МАМАНДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН
ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ӘЛИЕВА Д.М., ЗҰЛПЫХАРОВА А.А .- магистранттар,
АХМЕТОВА С.Т.- ф.-м-ғ.к.
Шымкент университеті
Бұл мақалада кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуы мен дамуын психологиялық-
педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету кәсіпті меңгерудің әр кезеңінің ерекшеліктерін
есепке алғанда ғана мүмкін болатындығы қарастырылған.
Болашақ маманның кәсіби білімін кәсіби ойлау мен әрекет ету іскерлігіне толықтай
ауыстыру
үшін
“оқытушы↔кәсіби
білім
беру
міндеті↔студенттер
тобы”,
“оқытушы↔кәсіби білім беру міндеті↔студент”, “студент↔ тапсырма↔студенттер
тобы”, “кәсіби құзыреттілікті меңгеруші студент↔өзіндік жұмыс↔кәсіби құзыреттілікті
меңгеруші студент” т.с.с. қатынастағы ықпалдастық жеткіліксіз болады. Сондай-ақ кәсіби
көмек пен қызметті қабылдаушы субъектімен кәсіби ықпалдасу процесі мен нәтижесінде
студенттің өз білімін қолдану тәжірибесі де қажет. Бұл – кәсіби әрекеттердің орындауға
және осының негізінде тиісті кәсіби іскерліктердің қалыптасуына көмектеседі. Осы ерекше
үдерістерде студенттің кәсіби білім беру үдерісінің субъектісімен және кәсіби көмек пен
қызметті қабылдаушы субъектімен бірлесе-бөлісе еткен еңбегінің бірегей пәндері
жасалады. Сондықтан кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуы мен дамуын психологиялық-
педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету кәсіпті меңгерудің әр кезеңінің ерекшеліктерін
есепке алғанда ғана мүмкін болады.
Жоғарғы оқу орнының білім беру жүйесіндегі маманның кәсіби құзыреттілігінің
қалыптасуын біз кәсіби іскерліктің қалыптасуы мен дамуының кезеңдік міндеттерінен
кәсіби міндеттерді шешуге теориялық және практикалық мүмкіндігі мен дайындығының
бірлігінен көрінетін нәтижеге бағытталған қозғалыс циклдері ретінде түсінеміз.
Алайда, отандық жоғары оқу орнындағы студенттер бірінші курстан-ақ олардың оқу-
танымдық іс-әрекетін толықтай қолдануын қамтамасыз етуге арналған міндеттерді шеше
бастайды. Ал кәсіби міндеттер жоғары курстарда, педагогикалық практика кезеңінде және
білім алуды аяқтаған соң дербес еңбек ету процесінде студенттердің алдынан шығады.
И.Б.Гришпунның пікірінше, психологтардың кәсіби іс-әрекетті меңгеру үдерісінде
оқыту үдерісінің мынандай амалдарын қолдануға болады:
- оқушылардың арнайы ұйымдастырылған белсенділігінің барысында шынайы, кәсіби
құрылымы жағынан жақын іс-әрекеттің қажетті амал-тәсілдерін меңгеру:
- іс-әрекет амал-тәсілдерін қажет болған жағдайда түсіндіре отырып, сол қызмет иелерінің
(кәсіпкерлердің) көрнекті түрде көрсету (демонстрация);
- студент жадында сақталуын, одан соң оны өзі дербес туындатып, жүзеге асыра алуын
ескере отырып, кәсіби іс-әрекеттің ұғымдық моделін мазмұндау;
- шындық өмірдің жекелеген салаларын сипаттаудың ғылымда қабылданған амалдары
туралы жеңілдетілген түсініктерді хабарлау және оны студент кәсіби іс-әрекетте өзіндік
тәсілдерін жасау үшін пайдаланады деп болжау.
Амалдардың алғашқы варианттары психологтерді кәсіпке даярлау талаптарын едәуір
қанағаттандыра тұра, дәл осы варианттар кәсіби білім беру бағдарламасында бәрінен аз
қарастырылған.
340
Зерттеуіміз көрсеткендей, педагог пен психологтің кәсіби шығармашылық және
дарындылығынің пайда болуы мен іштей қалыптасуының басты резерві әуелі өзіндік
бағасы бар оқу-танымдық мақсаттарды кәсіп меңгеру стратегиясымен толықтыру және
оқытудың әр кезеңінде, оны жүзеге асыру үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар
жасау болып табылады.
Оған осы зерттеу аясында жасалған кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуымен дамуына
білімдендіруші ішкі білім жүйесі мүмкіндік береді. Ішкі білім жүйесі деп отырғанымыз –
кәсіпті меңгеру мақсаты, мазмұны мен технологиясының педагогикалық жағдайлар мен
психологиялық механизмдерді ескере отырып жасалған тұтас жиыны. Бұл жағдайда,
біріншіден, жоғары оқу орнында оқушы жай ғана студент болып қана қоймайды,
қалыптасушы және дамушы маман болады, екіншіден, оның жинақталған әлеуметі
(потенциалы) модельденген, имитацияланған немесе шынайы кәсіби іс-әрекет жағдайда
кәсіби шығармашылық және дарындылығынің өзі қарышты дамытуын қамтамасыз етеді.
Ішкі білімі жүйені түзгенде біз кәсіби құзыреттіліктің пайда болуы мен
қалыптасуына болашақ маманды міндеттердің үш типін шешуге жүйелі әрі мақсатты түрде
тартып отырғанда ғана қол жетеді деген идеяға сүйендік. Ол міндеттер:
-субъектілік – жүзеге асырушылық (өзіндік аккомодациялық,
мотивациялық, жұмылдырушылық, ұйымдастырушылық, диагностикалық, бақылау,
реттеу, түзету, талдау, бағалау, т.б.) міндеттерін студент жоғарғы оқу орнында кәсіби білім
алу үдерісінің субъектісі ретінде кәсіби құзыреттіліктің қол жеткізген деңгейін өзіндік
белсендендіру, өзіндік жүзеге асыру және өзіндік дамыту тактикасы мен стратегиясына
сүйеніп шешеді;
-мазмұндық-технологиялық (диагностикалық, мақсат қоюшылық
жобалау, конструктивтік, басқару, ынталандыру, жұмылдыру, ұйымдастыру, жүзеге асыру,
бақылау, реттеу, түзету, талдау, бағалау т.б.с.) міндеттерді студент кәсіби іс-әрекеттің
(немесе оның үзіндісінің) түпкі ниетін модельдеу, оны “қорғау”, имитациялау процесін,
оқу жағдайында; өзінің іс-әрекетін және тікелей ықпалдастықта болатындардың іс-
әрекетін кәсіби практикада жобалау, жүзеге асыру, талдау барысында; сондай-ақ
мамандардың және курстардың кәсіби іс-әрекетін теориялық және практикалық оқытудың
барлық кезеңінде бақылау, талдау мен бағалау барысында анықтайды, әрі шешеді.
-пәндік-нәтижелік (аналитикалық, жобалау, диагноздау, бағалау)
міндеттерді студенттер өзінің кәсіби қалыптасуы мен гуманитарлық сала маманы ретіндегі
кәсіби қалыптасуы мен гуманитарлық сала маманы ретіндегі кәсіби іс-әрекетінің аралық
және қорытынды нәтижелерін анықтау критерийлерін (қажет болса, алдын-ала жасау
арқылы) қолдану үшін алдыңғы екі міндеттермен қатар ұсынып, қатар шешеді. Ал
нәтижелер кәсіби құзыреттілікке қол жеткен деңгейден, оқу-практикалық тікелей
ықпалдастықта болушылардың іс-әрекеттерінің өнімінен көрінеді.
Мұндай әдісте оқу-танымдық нәтижеге бағдар алу қара бастың қамы
Болудан қалады да, кәсіби құзыреттілікті меңгеру мақсатына жетудің құралына айналады.
Студент кәсіби білім бағдарламасының барлық цикліндегі іс-әрекеттің амалдары мен
білімін субъектілік жүзеге асырушылық, мазмұндық-технологиялық және пәндік-
нәтижелік міндеттерді шешудің құралына айналдыру технологиясын меңгереді.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Еуразия Гуманитарлық
институтында, Абай атындағы АлМУ, МБЖИ (мамандардың біліктілігін жетілдіру
институттарында) осыган орай зерттеу жүргіздік. Мақсат жоғарғы оқу орнында білім беру
бағдарламасының әлеуметін тұлғаның өзін жүзеге асыруының ішкі резервіне сүйеніп,
кәсіби құзыреттіліктің пайда болуы мен дамуының негіздерін салу үшін пайдалану
болады.
341
Студент іс-әрекетінің кәсіби маңызды бағытын психология, педагогикамен
қамтамасыз ету үшін және танымдық, кәсіби-практикалық іскерліктерін қалыптастыру
үшін кәсіби құзыреттілікті меңгеру, жүзеге асыру мен дамыту механизмдері қолданылады.
Бұлар кәсіпті меңгеру процесінің ішкі әрекеттенуінің сипатын береді. Бұл жерде
“механизм” сөзі ауыспалы мәнде “әлдебір әрекетті, құбылысты айқындайтын күй
қалыптардың, үдірістердің бірізділігі” ретінде, түсіндіріледі. Көрсетілген еңбекте
“функционировать” деген орыс сөзі, “әрекет ету, әрекеттену жұмыс үстінде болу” деген
мағынада беріледі, кәсіби құзыреттілікті меңгеру, қалыптастыру мен дамыту механизмінің
жұмысы ретінде студенттің кәсіптік меңгеру іс-әрекетінің субъектілік, нысандық, пәндік
компоненттерінің бірізді, үйлесімді ықпалдастығы ретінде ұғынылады.
Жоғарғы оқу орындары оқытушыларының студенттерге білім беру үстінде
ықпалдасу іс-әрекетін тиімді ететін кәсіби бағыттылық пен іскерлікті тұрақтандыру,
толықтыру және трансформациялау.
«Тұрақтандыру» сөзі (лат.сөзі stabilis - тұрақты), сөздіктің түсіндіруінше, белгілі бір
шаманы тұрақты күйге келтіру, тұрақтылығын сақтау» 250 деген мағынаны білдіреді.
Сонда бұл сөзге «тұрақтану» сөзі балама бола алады. Кәсіби құзыреттілікті тұрақтандыру
деп оның компоненттерін тұрақты күйге келтіріп, іс-әрекетте бекітуді ұғамыз.
Болашақ мамандардың өзіндік рефлекциясына қозғау салу жолымен өз кәсіби
құзыреттілігінің параметрлерін анағұрлым терең түсініп, нақтылауы арқылы жойылса,
екінші жағдайда оқытушының кәсіби құзыреттілік деңгейін ескере отырып, студенттер іс-
әрекетін даралай – топтап диффенциациялау талабын орындау арқылы жойылады.
Тұрақтандыру механизмі толықтыру механизмімен өзара байланыста болады. Бұл
механиз төртінші және бесінші буындармен жарыса жұмыс істей бастайды. Бұл жерде
«толықтыруды» «Неғұрлым толық ету, бір нәрсеге қосу, жетпеген нәрсенің орынын
толтыру » деген мағынада түсінген жөн.
Толықтыру механизмі кәсіби құзыреттілікті меңгеру, қолдану бағыттылығы және
іскерліктерінің маңызын арттыру ретінде қарастырылады. Бұл механизм екі жағдайда
қолданылады:
- оқытушы кәсіби маңызы мол тапсырмалар дайындайды, бірақ студенттердің кәсіби
құзыреттілігінің параметрлерін есептей келгенде, ол тапсырманың ойдағыдай орындалуы
дүдәмал болады. (Мұндайда оқытушы ол тапсырмаларды мақсатты түрде толықтыру
механизмін қолдана отырып, орындалуына негіз бар басқа тапсырмалардың құрамдас
бөлігіне айналдырады);
- іс-әрекет барысында жоспарланбаған кәсіби маңызды нәтиже алынады (Мұндайда
оқытушы толықтыру механизмін сол сәтте импровизациялық жолмен қолданады).
Достарыңызбен бөлісу: |