Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМНІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



Pdf көрінісі
бет74/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМНІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 

 

НУРМЕТОВА А.О. - Шымкент университетінің магистранты 

 

Мақалада  білім  берудің  мазмұнын  одан  әрі  жетілдірудің  тиімді    міндеттерінің  бірі 

линиялық әдіспен құрылған бағдарламалар жасау екендігі қарастырылған. 

Ы.Алтынсарин  1861  жылы  Торғай  мен  Ырғыздың  қалаларында  қазақ  балалары  үшін 

бастауыш  мектептер  ашты.  Сол  кездердегі  орыстың  прогресшіл  педагогтарына  ортақ 

болған өміршең өзекті мәселе-бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны мен білім шеңбері 

туралы  мәселе  еді.  Бастауыш  орыс  мектебінің  оқу  мазмұнын  шешуде  бірін-бірі 

толықтырып, осы проблемаларды шешуге негіз болған бастауыш  мектеп жөніндегі ірі үш 

қайраткердің  көзқарасы  бар.  Олар  бастауыш  мектеп  білімінің  көлемін  сөзбен  теориялық 

түрде  ғана  топшыламай,  өздерінің  бастауыш  мектепке  арналған  оқулықтарында 

дәлелденді. 

К.Д.  Ушинский  бастауыш  білім  проблемаларын  әр  тараптан  зерттей  келе  бастауыш 

білім  арқылы  баланың  ақыл-ойы  мен  адамгершілігі  жетілуі  тиіс  деді.  Бұл  жетілу  нақты 

ғылыми  бағыттағы  табиғи  және  тарихи  материалдарға  негізделуі  керек,  әрі  материалдар 

сол заманға барлық ғылыми білімдердің жүйесінен  ерекшеленіп, сұрыпталып алынуы тиіс 

және педагогикалық жағынан балаға түсінікті, тартымды болуы керек дейді. Н.А.Корфтың 

(1837-1883)  пікірі  негізінен  Ушинскийдің  пікірімен  жақындаса  түседі  де,  Ушинский 

оқулықтарында  баланың  ақыл-ойының  дамуына  зер  салып,  шаруаның,  жұмысшының  

балаларының  тұрмысы  мен  тіршілігінен  мәлімет  бермегеніне,  оларды  ескермегеніне 

ризашылығын  білдірмейді.  Оның  ойынша  бастауыш  білімнің  негізгі  талабы,  міндеті 

баланың  ақыл-ой  жағынан  дамытумен  қатар  оқушылардың  тұрмысқа,  өмірге  қатысты 

білім  мағлұматтарын  кеңейту  болып  саналады.  Өзінің  «Наш  друг»  (Біздің  дос)  деген 

оқулығында  осы  мәселені  енгізеді.  Ол  Ушинскийдің  «Ана  тілі»  атты  еңбегін  тәжірибе 

құралы, өмір мәселелері  туралы қосымша оқу мазмұнын шешуге А.Н.Толстой өзіндік тың 




143 

 

көзқараспен қарады. Ол екі көзқарасты да қолдай отырып, оқу материалдарының көңілсіз, 



жалықтыратын, құрғақ кітабы тілде болуына қарсы шықты А. Н. Толстой. 

Табиғи,  ғылыми  материалдардың  барлығы  да  тартымды  көркем  сөзбен  әдеби  түрде 

берілуін  талап  етті.  Сондықтан  Толстой  өзінің  «Оқу  кітаптарында»  жазған  әңгіме-

мақалалары  педагогикалық  бағытта  болуын,  табиғи-ғылыми  және  тарихи  мазмұнда 

болуын көздеді.  

Ы.Алтынсарин  осы  ұлы  педагогтардың  пікірлерін  өзінің  ағартушылық  қызметінде 

әрқашан басшылыққа алып отырды. 

«Қазақ  хрестоматиясында»  қазақ  балаларына  арнап  жазған  әңгімелері,  аудармалары 

тәрбиелік-педагогикалық мазмұнда болуы балалар туралы «Асан мен Үсен» деген әңгімесі 

А.Корфтың  пікірімен  ұштасып  жатыр.  Орыстың  прогрессивті  педагогикасының 

дәстүрлеріне  еске  алатын  болсақ,  ежелден–ақ  баланың  сауатын  өзінің  ана  тілінде  ашу 

керек  деген  пікір  Я.А.Коменскийдің  еңбектерінен  кіреді.  Ол  өзінің  атақты  «Ұлы 

дидактика»  (1632)  деген  еңбегінде  педагогикалық  жүйені  толық  және  дәлелді  түрде 

баяндаған.  Бұл  еңбекте  ақыл-ой,  адамгершілік  тәрбиесінің  мәселелері,  сондай-ақ  ұлы 

педагог  ұсынған  жаңа  мектепті  ұйымдастыру  мәселесі  зерттелді.  Ол  адамның  өсіп 

жетілуіндегі  жас  ерекшеліктерін  негізге  ала  отырып,  бір-бірімен  байланысты  құралған 

оқудың төрт сатылы кезеңін осыларға сай төрт түрлі мектеп  оқуының жүйесін  ұсынды. 

1.Баланың туғаннан бастап алты жасқа дейінгі кезеңі «Ана мектебі»; 

2.Алты жастан он екі жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қоғамдағы «Ана тілі мектебі»; 

3.Он екі жастан он сегіз жастағы жастар үшін әрбір қалада латын мектебі (гимназия); 

4.Он  сегіз  жастан  жиырма  төрт  жастағы  жастар  үшін  әрбір  мемлекеттік  академия 

болуы керек дейді. 

Коменский  оқудың  мақсаты  ғылыми  білімді  меңгеру  және  өмірге  пайда  келтіру  деп 

білді.  Сол  заманда  мектептерде  латын  тілінде  оқу  үстем  болып  тұрған  кезде,  бастауыш 

мектептегі  оқу  ана  тілінде  болуын  талап  етті.  Бұл  мәселеде  ол  өмірге  қажетті  бастапқы 

білім  тек  ана  тілі  арқылы  ғана  беріледі,  тек  осылай  ғана  баланың  ақыл-ойын  дамыту 

міндетін  жемісті  шешуге  болады  деген  негізгі  қорытындыға  сүйенеді.  Сонымен  бірге 

«Ұлы дидактикада»  төмендегідей төрт дидактикалық сұрақтарға жауап берген: 

1.қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады; 

2.оқыту мен оқудың жеңілділігі; 

3.оқыту мен оқудың  негізділігі

4.тез оқытудың ережесі мен тәсілдері; 

«Ұлы дидактикада» оқыту ісіне қойылатын талаптар баяндалады. 

Бұл талаптар: 

а) оқытуға қолайлы уақытты таңдау; 

ә) оқушыларды оқуға ынталандыру

б) материалды біртіндеп күрделендіру; 

в) пайда келтіретін мәселелерді ғана оқыту; 

г)  қалаған  және  меңгере  алатын  нәрсені  ғана  оқыту,  саналы  түрде  меңгеретін 

нәрседен басқаны  жаттатпау. 

Мектепте  білім  берудің  мазмұны  оқу  жоспарларында,  оқу  пәндерінде,  оқу 

бағдарламада өз көрінісін тапқан. Бұл құжаттар  республика көлеміндегі барлық мектептер 

үшін міндетті болып табылады.  

Мектептің оқу жоспары - Қазақстан өкіметі бекіткен мемлекеттік құжат. Бұл құжат 

мектепте оқу үшін іріктеліп алынған оқу пәндеріне  берілетін  сағат сандарын анықтап, оқу 

жылының  құрылымын белгілейді. 




144 

 

Барлық  бағдарламалар  қосымша  түсінік  хаттармен  жабдықталған,  бұл  хаттарда 



пәнді  оқыту міндеттері  ашып, оқу пәнінің  жалпы жүйесіндегі  алатын орны және пәннің 

басқа  пәндермен  байланысты  сипатталған.  Сонымен  қатар  пәннің  жеке  бөлімдері, 

тақырыптары  мен  сұрақтарын  оқып  үйренуге  қажетті    жалпы  нұсқау,  пәннің    негізгі  

құралдары,  оқыту әдістері  жөнінде ұсыныстар да беріледі [6]. 

Білім  берудің  мазмұнын  одан  әрі  жетілдірудің  ең  таяудағы    міндеттерінің  бірі 

линиялық әдіспен құрылған бағдарламалар жасау. 

Мұндай  бағдарлама  оқу  материалын  компактілі  (жинақы-шағын)  жайғастыруға 

және оқытылатын материалға оқтын-оқтын  оралуға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік 

береді. Біздің елімізде  жалпыға бірдей сегіз жылдық  және  одан орта  білім  алуды жүзеге  

асыру  білім беру  саласындағы міндетті  ойдағыдай шешудің маңызды алғышарты. Әрбір 

пән  бойынша  оқу  жоспары  мен  бағдарламасы  негізінде  оқулықтар  құрастырылады, 

оқулықтарда  белгілі  жүйеде  оқу  пәнінің  мазмұны  баяндалады.  Оқулық  оқу 

бағдарламасына  сәйкес  болуы  тиіс;  оқулықта    бағдарламада  белгіленген  курс  мазмұны 

қиындықтың  біртіндеп өсуі және оқушылардың жас ерекшеліктерімен түсініктілікте, жас 

шамасына  лайықты  принципінің  талаптарына  сай  болуы  талап  етіледі.  Оқулық  балалар 

үшін  қызықты  да  түсінікті,  жеңіл  тілмен  жазылуы  тиіс.  Оқулықтар  әдетте  бөлімдерге, 

тараулар  мен параграфтарға  бөлінеді. 

Мектеп  оқулықтары  жақсы  көркемделіп,  әшекейлі  көрініспен  қамтамасыз  етіліп, 

әріптермен  басылып,  баспадан  шығарылады.  Балаларға  арналған  оқулықта  анықтамалар 

мен қорытындылар ерекшеленіп көрсетіледі.  

Көптеген жаттығуларды орындауды немес есептерді шығаруды талап ететін пәндер 

бойынша  оқулықтарға  қосымша  есептер  мен  жаттығулардың  жинақтары  шығарылады. 

Оқулықтардың  мазмұнына  елеулі  өзгерістер  енгізілген    кезде  оқу  жоспардары  да, 

бағдарламалар да, оқулықтар да өзгертіледі.  

Білім  беру  мазмұнын  анықтағанда  нені  басшылыққа  алу  керек,  оны  өз  еркімен 

белгілеуге  бола  ма?  Бұл  сұрақтарға  жауап  беру  үшін  білім  беру  мазмұнын    құру 

теориясына  тоқталуымыз  қажет.  Білім  берудің    мазмұнын  анықтайтын  негізгі  қағида 

критерийі  оның  ғылым  дамуының    осы  заманғы  дәрежесіне  сай  келуі  болып  табылады. 

Білім беру мазмұнын ғылымның даму дәрежесімен сәйкестендіруге тырыса отырып, жаңа 

оқу жоспары  мен бағдарламаларын құрастырушылар оқытуды тәрбиеден бөліп, оны тұтас 

бір  бүтін  деп  қарайды,  әрі  мұның  жемісті  болуы  білімдерді  игеру  процесі,  сонымен  бір 

уақытта  қандай  дәрежеде  адамның  белгііл  бір  ақылы  мен  мінезін,  сезім  мен  нанымның 

тәрбиелеудің тиімді процесі болғандығына қарай анықталатындығына сүйенеді. Ал қазіргі 

уақытта елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты соңғы кезде мектепте білім беру 

мазмұнын  өзгерту пайда болды. 

Оған  себеп  болған  саяси-әлеуметтік  жағдайлар  болып  отыр;  Қазақстанның 

егемендігін  және  қазақ  тілінің  мемлекеттік  статус  алуы  жалпы  білім  беретін  мектептегі, 

әсіресе, қазақ мектебіндегі білім мазмұнын жаңарту осы жүйедегі басқа да  мәселелермен 

ұштасып  жатыр.  Олар-ана  тілімізде  қызмет  ететін  үзіліссіз  білім  беру  жүйесін  құру  әр 

тілде білім беретін мектептердің өз ұлтының болмысын  сақтай отырып, републикамыздың 

мүддесін  ұштастыру,  жалпы  білім  беретін  жаңа  типті  мектептердегі  оқу  процесін  қазақ 

тілінде  жүргізуге  қажетті  мүмкіндіктердің  бәрін  жасау,  оқыту  процесін  ғылыми-

техникалық прогресс талабына сай ұйымдастыру. 

Бүгінгі  таңда  мұндай  күрделі  мәселені  шешуде  алғашқы  қадамдар  жасалды.  1992 

жылғы  «Қазақстан  мұғалімі»  газетінің  желтоқсан  айындағы  нөмірінде  «Қазақстан 

Республикасында  жалпы  біілм  беретін  мектептер  білім  мазмұнының  тұжырымдамасы 

жарияланды. 



145 

 

Тұжырымдаманың  кіріспе  бөлімінде  қазіргі  әлеуметтік–экономикалық  жағдайға 



байланысты  мектептің  барлық  сатысында  білім  мазмұнын  қайта  қараудың  қажеттілігі 

айтылған.  Әр  халықтың  тарихы,  мәдени  дәстүрлері  бүкіл  адамзат  мәдениеті    дамуымен 

диалектикалық бірлікте қарастырылды. 

Ол  мектептегі  білім  мазмұнын  жаңартудың  қайнар  көзі  болуы  қажет. 

Тұжырымдамада осы заманғы жалпы білім мазмұнын қалыптастырудың ғылыми негіздері 

анықталған.  Республика  мектептерінде  білім  мазмұны  мәдениеті  өркендеген 

демократиялық қоғамға үйлесімді, жаңа адамды тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. 

Болашақ қоғамның азаматы  мыналарды меңгеруге міндетті: 

-  дүниеге диалектикалық көзқарастың негізгі болып саналатын  ғылымдардың белгілі  

бір мөлшерде  білім жүйелерін; 

-  жаңа  хабарды  өздігінен  дұрыс  қабылдап  бағалай  білуге,  дереу  шешімін  табуға 

қабілеттілікті; 

-  кез келген теориялық және нақты жағдайларды өз бетімен талдай білуді; 

-  ана  тілі  мен  ұлтаралық  қатынас  тілдерін,  өзінің  және  басқалардың  тарих 

мәдениетін,  әдет-ғұрыптары  мен  дәстүрлердің  қайнар  көзі  болып  табылатын  рухани 

адамгершіілк байлықты; 

-  өздігінен  денсаулықты  нығайтуға,  эстетикалық  талғамын  қалыптастыруға 

әлеуметтік белсенділік, азаматтық нарықтық қатынастар жағдайындағы әрқилы өмірде өз 

бетімен еңбек етуге дайын болуға міндетті. 

Осыларға  байланысты  білім  мазмұнын  жаңарту  тұжырымдамасының  негізгі  бағыттары 

төмендегідей болуға тиіс.  

-  Біріншіден,  мектептегі  білім  мазмұнын  қазіргі  ғылымының  диалектикалық 

құрылымына сәйкестендіру. 

-  Екіншіден,  тәрбиелеу  мен  сезімді  дамытудың  барлық  өрісін  оқу,  тұрмыс,  қарым-

қатынас ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты оқушылардың шығармашылық ойлау 

мен еңбектенуі мақсатына аудару. 

-  Үшіншіден, жалпы адамзаттың және біздің елдегі  басқа халықтардың   тарихы мен 

мәдениетін  ескере  отырып,  ұлттық  рухани  мәдениеттің  қайтадан  жаңаруына  байланысты 

өсіп  жатқан  ұрпақтың  дүниетанымын,  адамгершілік  байыту  және  олардың  өсуін 

қамтамасыз  ету.  Осылардан  оқушыларға  өмір  бойы  қызмет  ететін,  олардың  ғылыми 

дүниетанымын  қалыптастыруға  және  ғылымның  негізгі  байлықтарын  ұлттық,  жалпы 

адамзаттық  мәдениетті  игеруге мүмкіндік беретін білім,  практикалық білік, дағдылардың 

көлемін анықтау қажет болғандықтан. 

Бастауыш  мектептегі  оқытудың  мазмұнында  ерекше  орын  алатын  пән-ана  тілі.  Ана 

тілдің  маңызы  туралы.  Ж.Аймауытов  былай  деген:  “Оқылатын  пәндердің  бәріне  бірдей 

керекті,  бәрін  қапсырып,  орап  алатын  пән-ана  тілі  екендігі  даусыз.  Ана  тілін  жақсы 

менгере алмай, өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі 

жан дүниесінің айнасы: өніп түрлене беретін мәңгі қурамайтын бәйтерегі. Жанның барлық 

толқындарын ұрпақтарын-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы-сол халықтың тілі. 

Ана  тілін  үйрену-сөздерді  жаттау,    олардың  жүйесін  өзгеру  заңдарын  білу  ғана  емес,  тіл 

үйренумен  қатар,  бала  тілдің  сансыз  көп  ұғымдарының,  ойларын,  сезімдерін,  сұлу 

үлгілерін  ойлау  жүйесін  де  меңгереді.  Қазақ  тілі-мемлекетік  тіл.  Олай  болса,  қазақ  ұлт 

мектебінінің  негізі  де  арқауы  да-ана  тілі.  Ана  тілі-мектепте  тек  пән  ретінде  оқытылып 

қоймайды, өзге пәндердің бәрінен де білім беруге және ондағы бүкіл тәлім-тәрбие, қойған 

жұмыстардың  жүргізуге негізгі құрал есебінде қызмет етеді. 

Ана  тілі-балаларды  жүйелі  сөйлеуге,  ана  тілінің  сөздері  мен  құралдарын  саналы 

түрде жұмсай білуге үйретеді.  



146 

 

Шығармашылық  жұмыстар  жеке  тұлғаның  танымдық  іс-әрекеті  арқылы  жүзеге 



асады. Бұл жерде оның бұрынғы білімі, дағдылары көмекке келеді.  

Шығармашылық  жұмыстарда  оқушының  танымдық  іс-әрекеті  басқа  сипатта  болады. 

Мысалы,  қазақ  тілін  әдебиетпен  байланыстыра  оқыту,  осы  негізде  тапсырмалар  беру, 

бұрыннан  да  бар.  Шығармашылық  жұмыстардың  түрі  ретінде  шығармалар  жаздыру, 

әртүрлі дидактикалық ойындар жүргізу т.б. өткізіліп келді. Технологияны ұстанымға алған  

шығармашылық  жұмыстарда  тәжірибеде  бұрыннан  бар  қолданыста  жүрген  оны  дәстүрлі 

түрлерін жаңғырта пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығы 

мен  қабілетін  дамыту  -  тіл  дамытудың  бірден-бір  жолы.  Шығармашылық  жұмыстардың 

қай  түрінде  болмасын  мақсатқа  жету  үшін,  мұғалім  өз  тарапынан  көмек  беріп,  жетелеп 

отырады.  Шығармашылық  қабілетін  дамытатын  жұмыстар  -  ең  алдымен  оқушының 

еңбегінің  ізденісі,  жеке  еңбегін  талап  ететін  жұмыстар.  Сол  себептен  де  олардың  

мүмкіндігі,  қалауына  санасу  өте  қажет.  Бір  ғана  жұмыс  түрімен  шектелмей,  бір 

тақырыптың  өзінде  бірнеше  жұмыстарды  ұсыну  тұлғаның  шығармашылық  қабілетін 

дамытудың өнімді бір тәсілі болып табылады. Оқушы қандай дарынды, терең білімді болса 

да оны жетелеп отыру, мұғалім тарапынан басшылық көмек, бағыт-бағдар берудің маңызы 

зор. Бұл жөнінде ғалым-педагогтар, жаңашыл ұстаздардың тұжырымдамалары баршылық.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет