-лықаффиксі арқылы нақтылы зат атауы да жасалады.
Мысалы: белдік, ауыздық, егіндік. Болгарияның жер аумағының көпшілік бөлігін егіндік алқап алып жатыр.
Жеке ғылым салалары мен шаруашылықтың, техниканың түрлеріне қатысты осындай жаңа сөздер жасау процесі тоқтап қалмай ары қарай өрістей бермек.
-шылдық, -шілік аффиксі арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіптің, шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт күй қалыптың атауы болып отырады. Мысалы:
Мақташылық диқаншылық, ойланушылық, оқытушылық т.б. Бұл жылы диқаншыларүлкен көлемде өнім алды.
-шылдық,-шілдік аффиксі арқылы жасалатын төрешілдік, кеңесшілдік, гегельшілдік, контшылдық тәрізді сөздер көбінесе саяси тілде көп қолданады.
Халық тілінде белгілі бір зат атауын жасауда ертеден қалыптасқан тәсілдің бірі – етістік сөздерден
–қыш, -кіш, -ғыш, -гіш аффиксі арқылы жаңа сөздер жасау.
Мысалы: сыпырғыш, жапқыш, жылытқыш, сепкіш, мұздатқыш, шаш кептіргіш. «Био Комфорт» компаниясы шаш кептіргіштің тұтынушыларға оңай түрін ойлап тапты.
Тіл ғылымында тілдік құралдардың пайдалану аясына байланысты зеріттеулер жүргізіліп жатыр. Соның ішінде қарастыратынымыз «Тілдің ғаламдық бейнесі» атты ғылыми зеріттеу.
Мұнда ғалым жұмыстың басын Міржақып Дулатұлының тілдік тұлғасын зеріттеуден бастаған. Онда ол «Алаш ардақтыларының бірі Міржақып Дулатұлының тілдік мұрасы түрен түспеген тың өлкелердің бірі. Алғаш «Оян қазақ!» деп үн қатқан ардақты ағамыздың тілдік тұлғаға саналу сипатын дәлелдеу осы тектес зеріттеулердің басты мақсаты.» деп Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла бастаған «Тілдік тұлға» мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зеріттеліп сөз болатынын айтты. Сонымен қатар «Тілдік тұлға» ақынның немесе жазушының өз образы мәселесінде әдебиет тұрғысынан және тілдік тұрғыдан зеріттеліп келеді. Мысалы: Р.Сыздық «Абай шығармаларының тілі» А,1968; Е.Жанпейісов «М.Әуезовтың «Абай жолы эпопеясының тілі», А,1976. Бұл іргелі зеріттеулерде белгілі бір суреткер тілінің жалпы сипаты мен шығармашылық ерекшелігі сөз байлығы, көріктеу амал-тәсілдерін шебер қолданудың тілдік көріністері (метафора, теңеу, эпитет т.б.), стильдік қолданыс ерекшеліктері шығарма тілінің құрылымдық жүйесіне сүйеніп жасалған еді. Ал, осы дәстүрлі лингвистика негізінде одан әрі даму үстіндегі қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағыты негізгі назарды сол шығарманы жазушының жанына, танымдық (шығармашылық) болмысына аударады да, тілді соның нәтижесі көрінісі деп қарайды. Осымен байланысты қазақ тіл біліміндегі Ф.Қожахметова, А.Әмірбекова, Ш.Ниятова т.б. зертеулерін атап өтуге болады.
Екінші этапта ғалым ақынның тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейін сипаттады.
Тілдік тұлғаның өзінің болмысына сай қалыптастырған, енгізген түрі, сөз саптауы, көзқарасы эталондық сипатдәрежесіне көшеді де оның тілін зеріттеудің арқауы бола бастайды. Бұл көбіне тілдік тұлғаның дәстүрлі вербалды-семантикалық деңгейінде байқалатыны даусыз.
Сонымен мәтіннің негізгі бөлігі болған «Міржақып Дулатұлы дискурсындағы тілдің ғаламдық бейнесі» деген бөліміне де ғалым мынадай фактілермен айшықты дәлелдемелер келтірді. Мысалы:
Дискурс орыс тілінде «речь» деген ұғымды берсе, қазақ тіл білімінде Р.Қ.Бөкейханова дискурсты – тілдік тұлғаның қасиетін көрсететін тілдік факті деп бағалады. Дискурста тілдік тұлғаның мынадай ерекшеліктері байқалады: 1.Сөйленіс деңгейі;2.Ұлттық таным деңгейі;3.Сөз қорыту, түсінік, ұғыну, сезіну деңгейі;4. Қоғамдық ойының сипаты; 5. Интелект деңгейі .