1-кезең. Балдәурен (оқушылар), Көкшетау облысы, Қарағанды облысы бойынша
(Жалпы – 554 адам)
Айырма мәні
төмен 2-31
Айырма мәні
орташа 32-60
Айырма мәні
жоғары 61-88
2-кезең. Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша
(Жалпы – 1022 адам)
Айырма мәні
төмен 4-36
Айырма мәні
орташа 37-68
Айырма мәні
жоғары 69-100
Айырма мәні төмен болған орфограмманың екі нұсқасы да емле ережелерін әзірлеушілер үшін назарға алынуға тиіс. Қазіргі тілдік-мәдени қауымдастық санасында олардың екі нұсқасы да танымалдығы жоғары екенін осы мәндер арасындағы айырманың төмендігі көрсетіп отыр. Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін:
екі нұсқаның қолданыстағы емле ережелерінде жарыспалы вариант болуы;
қолданыстағы емле ережелеріндеекі нұсқаның бірінің жаңа кодификациялануы, екіншісінің жақын тарихта бұған дейін норма болып саналған кезеңінің болуы;
латыннегізді әліпбимен таңбалағанда басым қолдау алған нұсқаның көзшалымдық тұрпатының қолданыстағы емле ережесі бойынша жазылған нұсқадан әлдеқайда тартымды (ықшам, ыңғайлы, т.б.) болып көрінуі;
Қорытынды. Бұл топтағы орфограмма нұсқаларын жарыспалы вариант және босаң норма ретінде насихаттауға болады;
- тілтанушы үшін дұрыстығында күмән жоқ нұсқаны жұртшылық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу керек;
- алдағы сынамаларда тағы тексеруге беруге болады.