11. Оқулық пен оқу құралы дегеніміз не? Оқулық – оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқу пәнінің (оның бөлімінің, бөлімшесінің) жүйелі баяндалуын қамтитын оқу басылымы.
Оқу құралы– басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқулықты толықтыратын немесе жартылай (толық) ауыстыратын оқу басылымы.
Мерзімді басылым дегеніміз не?
Мерзімді басылымдар әр жыл үшін мазмұны бойынша қайталанбайтын, бір үлгіде рәсімделген, нөмірленген және (немесе) атауы бірдей белгіленген шығарылымдармен тұрақты уақыт аралығында шығады. Бұларға газеттер, журналдар, бюллетендер, хабаршылар жатады.
13. Электрондық ғылыми ақпарат көздері қол жетімділік режиміне байланысты қалай бөлінеді?Жергілікті қол жеткізу көздері және қашықтықтан қол жеткізу көздері.
15. Кітапханадан ақпаратты қалай іздеу керек? Кітапханаларда жүйелі, алфавиттік және пәндік каталогтарды, диссертациялар авторефераттарының, журнал және газет мақалаларының каталогтарын қарау қажет.
16. Интернетте ғылыми ақпаратты іздеудің қандай әдістері бар? 1) іздеу жүйесінің рубрикаторы бойынша;
2) кілт сөздер арқылы іздеу.
Тапсырма 4. "Орта мектепте функция ұғымын оқыту мәселесі" тақырыбында ақпарат іздеңіз. 1. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Сіздің зерттеуіңіз қамтуы тиіс уақыт аралығы қандай?
Сіздің зерттеуіңізде қамтылуы тиіс географиялық ауқым қандай?
Сіздің зерттеуіңіздің қарастыратын жас тобы немесе білім деңгейі бойынша қандай топтар?
Сіздің шолуыңызда әдебиеттің қандай түрі қамтылады?
Сізді қызықтыратын тақырып бойынша ақпаратты іздеу үшін қандай дереккөздер базасын пайдаланатындығыңызды анықтаңыз.
2. Өзіңіздің ақпарат іздеу стратегияңызды жасаңыз. Іздеуді бастамас бұрын кілт сөздер мен іздеу параметрлері туралы біраз уақыт бөліп ойланыңыз. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:
Сіздің зерттеу тақырыбыңыз қандай? Зерттеу тақырыбының барлық компоненттерін құра отырып, оны компоненттерге бөліңіз.
Іздеу кезінде кілт сөздер ретінде пайдалануға болатын әртүрлі элементтерді сипаттайтын кілт сөздер мен сөз тіркестерінің тізімін жасаңыз.
Осы ұғымдардың әрқайсысын сипаттайтын ұқсас сөздер бар ма?
Іздеуді шектейтін басқа да нақты кілт сөздер бар ма?
Іздеу үшін осы кілт сөздерді қалай біріктіруге болады?
Қажетті ақпаратты табу үшін әртүрлі кілт сөздерді қолданып көріңіз.
3. Scopus, Web of Science, researchgate.com, cyberleninka.ru. деректер базаларында ақпаратты іздеуді жүзеге асырыңыз. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіз нені білгіңіз келеді? Сіз тапқан жұмыстардың аннотациясы мен қорытындысын оқыңыз.
Табылған жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
Мақалаларда қолданылатын зерттеу әдістерін анықтауға тырысыңыз.
Сіз не таптыңыз? Қандай нәтиже алдыңыз? Табылған жұмыстарда сипатталған мазмұн мен нәтижені талдаңыз. Табылған әр жұмыс үшін тезис дайындаңыз.
Сіз бұл нәтижелерді қалай алдыңыз? Ақпаратты іздеу нәтижелерін, зерттеу барысында туындаған мәселелерді, алынған нәтижелердің маңыздылығын бағалаңыз.
аталған тақырып бойынша ғылыми жұмыс үшін пайдалануға болатын әдебиеттер тізімін жасаңыз.
4. Жасалған жұмыс туралы есеп дайындаңыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер 1. Байбородова Л. В., Чернявская А. П. Методология и методы научного исследования : учебное пособие / Л. В. Байбородова, А. П. Чернявская. – Ярославль: РИО ЯГПУ, 2014. – 283 с.
2. Elaine Wilson, Aizhan Abibulayeva. Білім беру-зерттеу әдістеріне кіріспе. 81-100 стр.
3. Источники информации_презентация.pdf
4. Methodology of educational research. Directorate of Distance Education TRIPURA UNIVERSITY. Reader, Bhagwati College of Education, Meerut. 2016