Тапсырма 3. Теориялық материалды өзіңіз оқып шығыңыз [3], келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Ғылыми ақпарат көзі дегеніміз не?
Ақпарат көзі–деп қандай да бір мәліметтерді қамтитын құжатты айтады. Құжаттарға ғылыми ақпараттың негізгі көзі болып табылатын түрлі басылымдар жатады.
2. Ғылыми ақпарат көздерін ұсыну нысаны бойынша қалай бөлуге болады?Құжаттық және электронды болып бөлінеді.
3. Ғылыми ақпарат көздерін ақпараттың жаңалығы бойынша қалай бөлуге болады? Ғылыми ақпараттың барлық құжаттық көздері бастапқы және қайталама болып бөлінеді.
4. Бастапқы құжаттар деп нені түсінеді және оларға не жатады? Бастапқы құжаттар бастапқы ақпаратты, ғылыми зерттеулердің тікелей нәтижелерін (монографиялар, ғылыми еңбектер жинақтары, диссертациялардың авторефераттары және т.б.) қамтиды.
5. Қайталама құжаттар дегеніміз не және оларға не жатады? Қайталама құжаттар бастапқы құжаттарды аналитикалық және логикалық қайта өңдеу нәтижесі болып табылады (анықтамалық, ақпараттық, библиографиялық және басқа да осындай басылымдар).
6. Мерзімді емес басылым дегеніміз не? Мерзімді емес басылым бір рет шығады және оның жалғасы алдын ала қарастырылмаған күйде болады. Бұларға кітаптар, брошюралар, парақшалар жатады
7. Кітаптар мақсатына қарай қалай бөлінеді? Кітап– көлемі 48 беттен артық басылым түрі. Кітаптар мақсатына қарай: ғылыми кітаптар және оқу кітабы болып бөлінеді.
8. Монография дегеніміз не? Монография– бір мәселені (проблеманы) немесе тақырыпты толық және жан-жақты зерттеуді қамтитын және бір немесе бірнеше авторларға тиесілі ғылыми немесе ғылыми-танымал кітап басылымы.
Ғылыми еңбектер жинағы дегеніміз не?
Ғылыми еңбектер жинағы– ғылыми мекемелердің, оқу орындарының немесе қоғамдардың зерттеу материалдарынан тұратын жинақ.
Баяндама тезистері мен ғылыми конференция материалдары дегеніміз не?
Ғылыми конференцияның материалдары– ғылыми конференцияның қорытындылары (бағдарламалар, баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер) бар ғылыми-периодты емес жинақ
Ғылыми конференцияның баяндамаларының (хабарламаларының) тезистері – конференция басталғанға дейін алдын ала жарияланған материалдары (аннотациялар, баяндамалар мен хабарламалардың рефераттары) бар ғылыми периодты емес жинақ.