Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесіқатынасқА



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата28.11.2022
өлшемі0,85 Mb.
#53239
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
ПАРАДИГМА ДЕГЕНІМІЗ НЕ? 
Парадигманы басқаша айтқанда мектеп деп те айтуға болады. Яғни сіз бір сұрақты зерттегенде қандай 
зерттеу дәстүріне жүгінесіз, қандай жолмен зерттегенді дұрыс санайсыз, қандай ғалымдардың пікірін 


3
Кітап:
Дәріс:
Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесі
Кіріспе
қолдайсыз, қандай әдістерді қолданасыз, осы сынды сұрақтардың бәрінің жиынытығы парадигма бойынша 
жіктеліп беріледі. Сіздің таңдаған парадигмаңызға сай, сіз зерттеуді қалай жүргізетініңізді анықтайсыз. 
Парадигмаңыз анықтала салысымен, сіз қай бағытта жылжитыныңызды оңай анықтай аласыз. Сондықтан 
парадигма туралы түсініп алғаныңыз сіз үшін аса пайдалы болады. Егер парадигмалар туралы жетік 
хабардар болсаңыз, кейін жұмысыңызға шабуыл жасалған жағдайда да, оларға қарсы тұра алатын негізіңіз 
болады. Алдыңғы дәрісте айтып өткеніміздей, әлемді танудың әртүрлі жолдары болады екен. Сол әртүрлі 
жолдарды парадигма деп айтсақ та болады. 
Реализм – сыртқы әлем біздің қабылдауымыздан тысқары, дербес деген көзқарас. Басқаша айтқанда, біз 
оны көрсек те, көрмесек те, түсінсек те, түсінбесек те, ақиқат әйтеуір бар.
Яғни бізді қоршап тұрған әлем анық, ол бар дейді.
Эмпирицизм – «білім – сезімдермен ғана шектеледі» дейтін пікір. Ғылыми әдістің маңызды іргетасына 
жатады.
Яғни біз сезе алмайтын нәрсені зерттей де алмаймыз, ол біздің танымымыздан тысқары деп есептейді.
Позитивизм – «барлық шынайы білім – ғылыми білім, оны ғылыми әдістер арқылы ғана тиімді түрде 
танимыз» дейтін түсінік.
Сенім тудыруға қабілетті жұмысқа қойылатын талаптар
Зерттеу жүргізу сан түрлі жағдайларды ескеруді талап етеді. Соның ең бастыларының бірі – басқалардың 
көзқарасынша сенімді болатындай еңбек жазып шығу. Зерттеуді өзіңіз жүргізіп шыққан соң, ол сіз үшін 
сенімді, ең дұрыс, нағыз жақсы сапада жазылған ізденістей көрінуі мүмкін. Бірақ сіздің қаламыңыздан 
шыққан соң, ол көпшілікке жол тартатынын естен шығармаңыз. Сіздің еңбегіңіздің сапасы, деңгейі жайлы 
баға беретін сіздің оқырмандарыңыз, сондықтан сіздің пікіріңізше жұмыс қаншалықты құнды болып 
көрінгенімен, ол оқырман арасында сенім ұялата алмаса, оның нәтижесі сондай жақсы бола қоймас. 
Сондықтан зерттеуіңізді жазуда оның сенім тудыру қабілетін өлшей алатын бірнеше талаптарын үнемі 
ескеріп отырыңыз және оны естен шығармаңыз.
Сіз қай зерттеу парадигмасын таңдайтыныңызға байланысты зерттеу стратегияңыз да құрылады. Дәл 
сол секілді зерттеуіңіздің сенім тудыра алу қабілеті де парадигамаға сай әртүрлі болады. Қазір позитивистік 
және пост-позитивистік парадигманың бірдей талаптарға қалай жауап беретінін салыстырып көрелік: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет