Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесіқатынасқА



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата28.11.2022
өлшемі0,85 Mb.
#53239
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Зерттеудегі адалдық
Ғылым саласы өте қатал, жалған сөйлеуді, жаңсақ пікірді, ақпараттардың бұрмалауын кешірмейтін 
сала. Бұның бәрі онсыз да анық әрі түсінікті, сондықтан оны талқылаудың, оны жеке бір дәріс етіп 
алудың қаншалықты қажеті бар едеген орынды сұрақ туындауы мүмкін. Бірақ іс жүзінде келгенде ғылыми 
ізденіс жүргізуде кейде біз ойламаған, немесе алдымыздан шыққанда қалай әрекет етуімізді білмей 
қалатын жайттар көп кездеседі. Әсіресе, бұл әлеуметтік мәселелерді зерттейтін, кейбір жеке тұлғалардың 
жеке өміріне байланысты жағдайлармен тікелей қарым-қатынасқа түсуге міндетті болатын әлеуметтік 
бағыттағы зерттеулерге тікелей қатысты.
Сондай-ақ бұл зерттеушінің өз зерттеу жүргізуіндегі тәсілдерді таза жолмен құрастыруына да 
байланысты. Көбіне әлеуметтік саланы зерттеушілердің тақырыбы қоғамдағы жағдайлармен тікелей 
байланысты болады. Бұл көбіне әлеуметтану, мәдениеттану, дінтану, саясаттану, антропология, кейде 
педагогика сияқты гуманитарлық ғылымдарға тән. Әрине бұл саладағы зерттеулер таза дереккөзздермен 
жұмыс істеумен шектелуі біздің елімізде басым, бірақ менің ойымша біздің де жас ізденушілеріміз, 
уақыттың өтуімен, жеке адамдармен, кейс стади бойынша, далалық зерттеулер арқылы зерттеулер 
жүргізетін уақыт алыс емес. Сондықтан осы сында зерттеулерде кездесуі мүмкін қиындықтармен таныс 
болғанның еш артықтығы болмайды. Сонымен, бұл бағыттан қоғаммен тікелей жұмыс істейді дедік, яғни 
олар кадімгі сіз бен біз сияқты адамдармен жұмыс істейді дегенді білдіреді. Жеке адамдармен жұмыс 
істегенде ескеретін жайттар бар:
Сіз зерттеу жүргізу барысында бір отбасыдағы зорлық-зомбылық туралы, немесе белгілі бір мекемедегі 
заңға қайшы әрекеттер туралы біліп қалдыңыз делік. Бұндай жағдайда қалай іс-әрекет еткен дұрыс? 
Зерттеушінің ешбір іс-әрекеті заңға қайшы болмауы керек екені онсыз да түсінікті, бірақ егер зерттеушінің 
өз іс-әрекеті емес, бірақ оның білген нәрсесі заңға қайшы болатын нәрсе болса ше? Бұндай жағдайда 
үзілді-кесілді тікелей полицияға хабарлаңыз деп айтып қоя салу дұрыс болмайды. Себебі әр жағдай 
әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан да оның бәріне жарай беретін бір ғана шешім болуы да мүмкін емес. 
Соған байланысты, бұндай жағдай алдыңыздан шығып жатса, бірінші кезекте бұл жайында ғылыми 
жетекшіңізге хабарлағаныңыз жөн. Жетекшіңізбен бұл жайтты ашық талқылап, осыған қатысты кеңес алу 
дұрыс болады. Енді осы дәрісті жазуға себеп болған оқулық бойынша бұндай жағдайда этикалық кеңеске 
жүгінуге кеңес береді. Бірақ, өкінішке орай, бізде ондай кеңестер жоқ. Сол себепті де сіз бұндай жағдайда, 
мүмкін болып жатса, қажетті органдарға немесе сіз қажет деп тапқан адамдарға айтқаныңыз дұрыс болар. 
Бірақ қалай болғанда да, сіздің шешіміңіз сізге зиян тигізбейтіндей болатынын ескергеніңіз дұрыс. Өз 
қауіпсіздігіңізді қатерге тікпеңіз. 
Кейде зерттеу барысында сіз ауыр жағдайды бастан өткізген, немесе ауыр жағдайды көрген адамдардан 
сұхбат алуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайларда сіз алып отырған сұхбат нәтижесінде респонденттердің 
көңіл-күйінің нашарламауын, оған психикалық немесе физикалық ауыртпашылықтар түсірілмеуіне аса 
мұқият болуыңыз керек. Егер сұхбат сіз ойлағандай жеңіл түрде жүрмей жатса, респонденттің жағдайының 
жақсаруын күтіп, сұхбатты кейнге шегерген, немесе оның мүмкіндігінше жеңілірек өтуі үшін сұрақтардың 
құрылымы туралы, сұхбатты қалай тиімдірек жүргізу туралы ойланғаныңыз абзал. Өйткені сіз өз 
зерттеуіңіз үшін ешкімнің де жапа шегуіне жол беруге құқыңыз жоқ. Сұхбат дұрыс жүргізіліп болған соң 
да, респонденттердің жауаптары зерттеуде қалай көрініс табуы керек екені жайлы да мұқият ойланыңыз. 
Болашақта сіздің зерттеуіңіздің себебінен зерттелушілер ешқандай зардап шекпейтіндей болуы керек. 
Оның ішіне зерттелушіге қатысты құпиялық міндетті түрде кіреді. Басқа талаптар туралы егжей-тегжейлі 
оқулықтан қарап біле аласыздар.
Келесі дәрісте біз зерттеу ұсынысын жазуды үйренеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет