Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесіқатынасқА


Зерттеудің нысанының табиғаты ашылды ма?



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата28.11.2022
өлшемі0,85 Mb.
#53239
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
2. Зерттеудің нысанының табиғаты ашылды ма?
Позитивистер бұл сұраққа келгенде зерттеу нәтижесі жарамды ма, ол шынайы ма деген жағына қарайды. 
Сондай-ақ зерттеуге қолданылған әдістер, тәсілдер және техникалар зерттеу сұрағымен байланысты 
ма, олар орнымен қолданылған ба деген сияқты мәселеге мән береді. Мысалы, бір ахуалды зерттеуде 
сауалнама жүргізу қаншалықты дұрыс болды, сауалнама қаншалықты зерттеу сұрағына жауап бере 
алады, мүмкін оның орнына сұхбат алған дұрыс болар ма еді деген сияқты жағына мән береді. Егер осы 
шарттар дұрыс орындалса, онда ол зерттеудің нәтижесіне сенуге болады. Ал постпозитивистер зерттеу 
нысанының аутентиттілігі немесе түпнұсқалығы жағына қарайды. Яғни мысалы, бір зерттеуде қоғамдағы 
жағдай зерттелген болса, ол жағдайды түпнұсқа бойынша зерттеді ме, жоқ әлдебіреудің айтқанынан, өсек-
аяңдар бойынша деректер құрастырылды ма деген сұраққа жауап іздейді. Егер түпнұсқа бойынша зерттеу 
жүргізілген болса, онда постпозитивистер ол зерттеуге сенуге болады деп санайды.
3. Зерттеуде әдістер бірізді қолданылған ба?
Позитивистер үшін зерттеу жүргізгенде деректер бір жүйе бойынша жиналып, бірдей әдістер бойынша 
талданып, және бір талаптар бойынша қорытындыланды ма, осы сұрақ маңызды. Мәселен, сізге мектепте 
жаңадан ендірілген пәннің қаншалықты сәтті болып жатқанын зерттеу керек болды делік, сонда сіз бірнеше 
мектептерде зерттеу жүргізіп, өзара салыстыруыңыз керек болады. Сонда егер сіз бір мектепті зертегенде 
сұхбат алу тәсілін қолдансаңыз, бір мектепте сауалнама жүргізсеңіз, тағы біреуінде құжаттармен жұмыс 
істеу тәсілін қолдансаңыз, сіздің зерттеуіңіздің тәсілі бірізді емес болып саналады, сондықтан да ол сенім 
тудыруға лайық емес еңбек болып шығады. Ал егер сіз барлық мектепте бірдей сауалнама жүргізіп, және 
ол сауалнамалардың нәтижелерін бірдей тәсілмен талдасаңыз, онда сіздің еңбегіңіз сенімге лайық болады. 
Ал постпозитивистердің көзқарасынша әлеуметтік ғылымдардағы нәтижелер толығымен сенімді болуы 
мүмкін емес. Бірақ қолданылған тәсілдер жүйелі ме, құжаттау жағы дұрыс ұйымдастырылған ба және 
зерттеу жобасы зерттеу субъективтілігіне сай құралған ба осы жағына қарайды..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет