«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет50/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94
Байланысты:
Ғзн ворд

Қорытынды кезең. Библиографиялық құралды дайындаудың қорытынды кезеңіне анықтамалық -әдістемелік аппарат дайындау, түзету, библиографиялық құралды безендіру жұмыстары енеді.
Анықтамалық-әдістемелік аппарат құрамында алғысөз (немесе оқырманға) болады. Шағын құралдың өзін де алғысөзбен ашу керек.
Бұл жерде құралдың кімге арналғаны, қандай құжаттар енгені, материалдардың орналасу тәртібі, тараулар мен бөлімдер атаулары, тақырып атаулары, аннотация түрлері, көмекші құралдар (оқырман назарын құралдың құрылымына аудару қажет), әдебиеттерді таңдаудағы хронологиялық аумақ (жылы,айы, күні) туралы міндетті түрде мәліметтер беріледі.

  1. Академиялық мəтіннің түрлері, оларды салыстыру, талдау.

Кез келген оқырман өзінің таңдауына байланысты түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Ал ол мәтіндер шартты түрде академиялық немесе академиялық емес деп екі топқа бөлуге болады. Бұл мақала академиялық мәтіндердің білім мазмұнын, ерекшеліктерін, оқылым әрекетін, кіріспені жазу, гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, параграф және оның құрылымы, қорытынды бөлімді жазу,плагиаттық және одан сақтану жолдарын көрсетеді. Академиялық мәтін – белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Әдетте, академиялық бағытта жазылған мәтіннің негізгі ерекшеліктері болады. Олар: күрделі, формалды, нақты, объективті, шекетулі және жауапкершілікті. Бірақ мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы. Күрделі – Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады. Формалды – академиялық жазылым барысында әртүрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты – академиялық жазылымда ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысу керек. Мысалы, «көптеген адамдар» дегеннің орнына «30 мың адам» деп нақты көрстеу керек.
Объективті – академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті ұстанбауы тиіс. Яғни, бір жақты немесе қандай да бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Сонымен қатар, академиялық мәтінді оқу барысында автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны қызықтырады. Сол себепті, «менің ойымша» немесе «мен сенемін» деген сөздер мен сөз тіркестері қолданылмағаны абзал. Мысал келтіретін болсақ, «Менің ойымша, бұл жақсы жазылған еңбек» деп көрсеткен дұрыс емес. Оның орнына «Жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деген орынды болады.
Шектеулі – академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпаратты беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан, жоғарғы оқу орындарында жазба жұмысы ретінде тапсырма берілгенде жұмыс тақырыбы мен қамтылатын зерттеу нысанына қарай оқытушы тарапынан көлемі белгіленіп беріледі. Белгіленген көлес студент үшін тақырып жөніндегі оның толық мәлімет беріп, артық ақпарат жазбауына мүмкіндік береді. Сонымен, академиялық жазылымның 4 ерекшелігін атап көрсететін болсақ:
1. Объективті түрде жазылуы;
2. Ғылыми стильде жазылуы;
3. Жүйелі құрылыммен жазылуы;
4. Сілтемелерді жиі қолдану;
Сондықтан, академиялық құрлыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті, дәлді етіп анық жеткізу. Бұл ғылыми стильге тән ерекшелік болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет