«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет28/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94
Байланысты:
Ғзн ворд

2. Неізігі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды
қолданып тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептерін
көрсетеді.
3. Қорытынды - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер
бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді.

  1. Академиялық шағын эссенің жазылу мақсаты, түрлері, ерекшілігін «SWOT» талдау арқылы түсіндіріңіз.



  1. Парафраз, дəйексөздер жəне қорытынды жасаудың ерекшеліктерін «Кластер» əдісі арқылы тұжырымдаңыз.


Парафраз, парафраза (гр. - сипаттау, сипаттама оралым)
сөздін сөз тізбегінін мәнін басқаша түсіндіріп жеткізу (мәтінде мен деудін орнына осы жолдардың авторы делінуі);
жай сөздін орнына оның ауыс мағынасын білдіретін сөздердін қолданылуы. Мысалы: арыстан — аң патшасы, жылан — аты жаман, уры — қолы жылдам.
Парафраз[1](гр. қайта айту мағынасында) – әдеби шығарманы қысқаша баяндап беру. Парафраз өлеңді қара сөзбен немесе қара сөзді өлеңмен айтуға негізделген. Мысалы, “Мың бір түн” ертегісінің, “Дон Кихот”, “Робинзон Крузо”, т.б. шығармалардың балаларға арнап қысқартылған (жеңілдетілген) басылымдары. В.К. Тредиаковский мен А.П. Сумароковтың “Библия” сюжетіне негізделген туындылары парафразға жатады. Парафраз негізінде пародия, еліктеулер қалыптасты. Термин ретінде сирек қолданылады, перифразбен шатастыруға болмайды.
Парафраза - мәтінді жақсырақ түсінуге қол жеткізу үшін оны түсіндіру немесе түсіндіру. Парафраз сөзі латыннан шыққан парафраз бұл өз кезегінде грек тілінен шыққан παράφρασις.

Парафразалау жақсы түсінуге ықпал ету үшін түпнұсқаға сәйкес келмейтін мәтінді еркін аударуға негізделген. Парафразаның негізгі сипаттамасы Бұл жеке тұлғаның өз тілінің қолданысы, ол қарапайым сөздерді қолдануға негізделген, түпнұсқа мәтінін жақсы түсінуге қол жеткізу үшін, сонымен қатар оқырманның пікірлері немесе пікірлері түпнұсқа мәтінін кеңейту арқылы қосылады.
Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.

Дәйек сөз, негізінен, баспасөз материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.

Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет