Ғылымның қалыптасу кезеңдері


Эмпирикалық зерттеу әдістері. Бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекетіндегі қарым-қатынасы, бірлескен әрекетін бақылау және бірге талдап қорытынды шығару



бет20/44
Дата06.05.2023
өлшемі254,27 Kb.
#90768
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
?ûëûìíû? ?àëûïòàñó êåçå?äåð³

Эмпирикалық зерттеу әдістері. Бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекетіндегі қарым-қатынасы, бірлескен әрекетін бақылау және бірге талдап қорытынды шығару.

Эмпирикалық әдістері өзінің қолдану аясына қарай жіктеледі. Оның ішінде тәжірибеде көп қолданылатыны педагогикалық бақылау және эксперимент. Сондықтан эмпирикалық зертету әдістері төмендегідей болып жіктеледі: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, сұхбаттасу, эксперимент, іс-құжаттарды талдау, бастауыш мектеп мұғалімілердің тәжірибесін жинақтау.
Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау зерттеу жұмысына құнды материалдар береді.Бастауыш мектеп мұғалімінің шығармашылық ізденісі күрделі проблемаларды шешуде көмегін игізеді. Зерттеу объектісіне жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді. Жағымсыз тәжірибе қателер мен кемшіліктерді белгілеуде ықпал етеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе бастауыш мектеп мұғалімідердің жаңашылдығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады.. Алдыңға қаралы тәжірибенің екі түрі бар: педагогикалық шеберлік, жаңашылдық. Шеберлік -педагогтың ғылыми нұсқауларды кешенді, жүйелі, білікті қолдануы. Жаңашылдығы: педагогикалық әрекетті ұйымдастыруда жаңашылдығының мазмұны. Тәжірибені зерттеу және тұжырымдау үшіні төмендегідей жүйелілік сақталады: -бақылау, әңгімелесу, сұрау, іс-құжаттарды зерттеу негізінде тәжірибені сипаттау; -бақыланған құбылысты жіктеу, белгілі анықтамалар мен ережелердің негізінде қорытындылау; себеп-салдар байланыстарын, оқу-тәрбие үдерісінің түрлі байланыс тетігін белгілеу.

  1. Педагогикалық ғылыми тәжірибе нәтижелерін көрсету әдістері.

Мұғалімдердің, жаңашыл- педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.Тәжірибе дегеніміз педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық- педагогикалық іс- әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі.”Тәжірибе” және “практика” ұғымдар ұқсас емес.Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу- тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес.Мұғалімнің баяндамалары,ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу,сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу,сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зертеудің көзі бола алады. Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды.Тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зертеушінің жеке дара қасиеттерін есепке ала отырып сүйенуге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет