Курстық, дипломдық жұмыста пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Әдебиеттерге қойылатын талап және рәсімделуі.
Курстық жұмысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10,15-тен кем болмауы тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді. Курстық жұмысында пайдаланылған еңбектер номірленіп, толық және белгілі жҥйемен, ретпен орналастырылады және жұмыстың мәтінінде беріледі. Курстық жұмысында келесі әдебиет көздері қолданылуы мүмкін. 1. ҚР Заңдары, ҚР Президентінің Жолдауы, Ҥкіметтің ресми құжаттары; 2. Оқулықтар, оқу құралдары т.б.; 3. Ғылыми еңбектер, монографиялар, ғылыми мақалалар; 4. БАҚ материалдары, Интернет желісіндегі ғылыми басылымдар; 5. Диссертациялар мен авторефераттар; 6. Архив және мұражай материалдары. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде осы көрсетілген барлық тарауларда пайдаланылған әдебиеттер жалпы бірыңғай реттік номірмен беріледі. Мысалы: 1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999 ж. -293 б. Ал егер осы әдебиет екінші рет пайдаланылса мәтінніңішіне [1, 297 б.] немесе [1, 297298 бб.] деп көрсетіледі. Газет, журналдарда т.б. сол сияқты мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар төмендегіше көрсетіледі: автордың фамилиясы мен аты-жөні, мақаласының аты, газет немесе журналдың аты, шыққан жылы, айы, кҥні немесе номірі. Мысалы: Мырзахметов М. Ақын мұрасыныңзерттелуі. // Социалистік Қазақстан, 1971 ж. 29 мамыр. Егер студент диссертациялық, диплом жұмыстарды пайдаланса, олардың жазылуы төмендегіше болады: - автордың фамилиясы мен аты-жөні; - жұмыстың аты; - жұмыс қорғалған қаланыңаты; - жұмыстың қорғалған орны (мекеме), жылы; Мысалы: Бекмырза С. Абайдыңақын шәкірттері Мұхтар Әуезов творчествосында. (Филология ғылымдарыныңкандидаты дәрежесін алу ҥшін жазылған диссертациялық жұмыс). - Алматы: М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, 1998 ж. Бір автордыңәр тҥрлі томдары сілтеме жасағанда жеке номірмен бөлек көрсетіледі.
Мысалы: 1 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1977 ж. 1 Құнанбаев Абай. Шығармаларыныңтолық жинағы. Т.2. Қара сөздері мен аудармалары. – Алматы: Жазушы, 1986 ж. Архив немесе кітапхана қоры болса: 42 Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, 1142-қор, 1-тізбе, 795іс; 11-16 бб. Web сайттар пайдаланылса: Автордыңаты-жөні, еңбектің атауы, web сайттар Мысалы: 43 Бұрханов К.Н. Саяси даму. www.stat.gov.kz