Ғылымның объекті



бет15/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
J.B

Жеке-дара оку формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық катынаска келуінен кұралады.
Оқудың топтық формасында оқушылар әрқилы мүдде-мақсатқа орайласкан топтарда оқиды, тәрбиеленеді.
Толық сыныппен жұмыс формасы окуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп,сынып қатысушыларының бәріне ортақ іс-әрекеттер төңірегінде бірқалыпты оку жұмыстарын алып барады.
Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оку формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тән ара катынас, езара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады.
Жұптасын оқуда негізгі өзара байланысты оқу әрекеттері екі окушының қатысуымен орындалады.
Дәрісханалық және дәрісханадан тыс, сыныптық және сыныптан тыс, мектеп ішілік және мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінін еткізілген орындарымен белгіленеді.
Оқуды ұйымдастыру формасы- бұл оку процесінің жекелеген бөлігінің құрылымы, дәрістің белгілі бір түрі (сабақ, дәрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дәріс, емтихан, сынақ және т.б.).
Оқуды ұйымдастырылу формалары әртүрлі негіздемелерге байланысты карастырылуы мүмкін.
- оқу процесінде басым болған мақсатқа орай - кіріспе сабак білім терендете оқыту дәрісі; практикалык сабак; білімді жүйелестіру және қорытындылау сабағы; білім, ептілік және дағдыларды бақылау, тексеру сабағы; аралас сабак формалары.
-Дидактикалық мақсаттарға орай теориялык, практикалык, енбектік, аралас сабақтар формалары;
Жеке-дара етілетін дәріс түрлері: репетиторлык, тьюторлық, менторлык, гувернерлык, отбасылық оқу, өзіндік оқу.
Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішінде дәрісбаян, семинар, конференция, олимпияда, оку саяхаттары және іскердік ойындарды қамтиды.
Даралықты-ұжымды дәрістер - пән, тақырып жұмыстарына толық шомдыру, шығармашылдық пталары, ғылыми апталар, жоба жұмыстары. Бақылау сұрақтары:

1. Казіргі жалпы білім беретін мектеп-жоғары ұйымдасқан күрделі мекеме болғандықтан, алға қойылған мақсаттарды шешуді бақылаудың түрлері қандай?


2. Бақылау жұмысының көпмақсаттылығы неде?
3. Бақылау нысаны десеген не?
4. Өткізілу мерзіміне байланысты бақылаудың қандай турлері бар?
5.Бақылаудың ұтымды және ұтымсыз жақтары неде ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет