Ғылымның объекті


Зерттеу объектісінің өзіне тән ерекшеліктері



бет11/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Зерттеу объектісінің өзіне тән ерекшеліктері объект ретінде кімді немесе нені қарастыруға байланысты: а) адамдардын өздері, олардың психикалық процестері, жағдайы, психологиялык касиеттері, олардыі әрекеті, яғни құбылыстың өзі; б) адамдар өмі олардын «заттандырылған өнімі» немесе в) адамның іс-әрекетінің және мінез-құлығының, оның ұйымдастырылуының, басқаруының кейбір сипаттамалары, бағалануы, көрсеткіштері. Әрине, объектілердін барлығы тығыз байланыстыжәне осы осы негздеме бойынша әдістерді жекелеп бөлу шартты түрде ғана жүргізіледі, алайда олардын әрбіреуін оқытушының практикалык тәжірибесінде колдану саласын талдау үшін осылайша саралап қарастыру мақсатқа сәйкес келеді.
Жалпы педагогикалық тәжірибеде, мысалы оқытушыны зерттеу үшін байқау әдістерін (атап айтканда, күнделік жазу әдісі), әңгіме (сауалнама, сұхбаттасу) және тест жүргізуді пайдаланған дұрыс. Сыныпта, топта (топтық жіктеліс) окушыларының өзара қарым қатынасын зерттеу үшін ұзақ уақыт бойы байқаумен қатар социометриялық және референтометриялық әдісті табысты пайдалануға болады [толығырақ 15, 167-178 б. қараңыз]. Іс-әрекет өнімін зерттеуге, атап айтканда, оку қызметінің өнімін, яғни онын неден көрініс табуын зерттеуде іс-әрекет өнімін талдау әдісі аса кең тараған. Оқушылардың шығармаларын, мазмұндамаларын, ауызша және жазбаша хабарламаларының (жауаптарын) максатты, жүйелі түрде талдау, яғни олардың мазмұнын, түрін талдау педагогқа окушылардын тұлғалық жіне білім алудағы бағытын түсінуге, олардын окуға, оку орнына, оқу пәнінінің өзіне және ұстаздарға қарым-қатынасын түсінуіне ықпал етеді. Оқушылардың тұлғалық, жеке психологиялық ерекшеліктерін немесе олардың әрекетін зерттеуде тәуелсіз құбылмалыларды жалпылау әдісі қолданылады, ол мысалы, бір окушы туралы әртүрлі оқытушылардан алынған деректерді жалпылауды талап етеді. Тұлғаны іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде зерттеу барысында тен жағдайда алынған деректерді ғана жалпылауға болады. «Эксперименталды зерттеудің кез-келгенінің мақсаты- деректердің шектеулі санына негізделінген қорытындылар эксперименттің шеңберінен тыс жерде ақиқатқа сай болып қалуы тиіс. Бұл - жалпылау деп аталынады» [27, 54 б.].
Зерттеу әдістерін зерттеушінің іс-әрекетінің сипатына қарай Б.Г. Ананьев төрт топка беледі:
Ұйымдастырушылық әдістер (салыстырмалы, лонгитюдтік,кешенді); Эмпирикалық, оған: а) обсервациялық әдістер (байқау, өз-өзін байқау); б) эксперименталдық әдістер (зертханалық, далалык, табиғи, қалыптастырушы немесе Б.Г. Ананьев бойынша психологтык- педагогикалык); в) психодиагностикалық әдістер (стандартталған және прожективті тестер, сауалнамалар, социометрия, сұхбат және әңгімелер); г) праксиметрикалық әдістер, Б.Г. Ананьев бойынша, процесс пен іс-арекет өнімін талдау тәсілдері (хронометрия, циклография, кәсібиграфикалық баяндау, жұмысты бағалау); д) модельдеу әдісі (математикалык, кибернетикалық және т.б.); және е) өмірбаяндық әдістер (адам өміріндегі атаулы күндерді, оқиғаларды, фактілерді талдау);

деректерді өндеу, яғни сандық (математикалық-статистикалык) және сапалык талдау әдістері;


генетикалык және кұрылымдық әдістерді қамтитын түсінік беру әдістер [7, 296-298 б.].
Психологияның жүйелілік, топтастырушылық, даму қағидалары, сонымен қатар мен әрекеттің бірлігі қағидасы сана сиякты әдіснамалык қағидаларға негізделе отырып, педагогикалық психология әрбір нақты зерттеуде әдістер кешенін қолданады (жеке әдістер мен зерттеу тәртібі). Алайда, әдістердің біреуі үнемі негзгі әдіс ретінде, ал қалғандары косымша ретінде шығады. Педагогикалык - психологияда максатты зерттеулер барысында, жоғарыда аталып өткендей, негізгі әдіс ретінде қалыптастырушы (оқытушы) әдіс колданылады, ал оған қосымша болып байқау, өз-өзін байқау, әңгіме, іс- әрекет өнімін талдау, тест жүргізу болып табылады. Әрбір жеке окытушының іс-тәжірибесінде ары қарай окушының оқу қызметінің өнімін талдауымен негізгі әдіс байқау мен әңгіме пайдаланылады.
Әрбір психологтық-педагогтық жертту кем дегенде, төрт негізгі кезеңнен тұрады: дайындық (әдебиетпен танысу, максат кою, зерттеу проблемасы бойынша тұжырымдама ұсыну, оны жоспарлау), 2) зерттеушілік (мысалы, әдісі бойынша эксперименталдық немесе социометрикалық), 3) алынған деректерді сандық және сапалык талдау (өңдеу) кезеңі және 4) түсінік беру кезеңі, яғни зерттелінетін құбылыстың зерттелу барысын, оны тудыратын факторлар, себебін анықтау, жалпылау. Зерттеу жазбаша МӘТІН дайындаумен аяқталынады, онда зерттеудің нәтижесі мен оның талдауы келтіріледі.
Қарастырылғанның барлығы педагогикалық психология психологиялық білімнің көпқырлы саласы болып табылатынын көрсетеді. Оның ерекшелігін, заңдылықтарын, оның мазмұны мен зерттеулерінің әдістерін ескеру кез-келген білім беру жүйесінде тәрбие беруші және дамыта оқытудың психология-педагогикалык міндеттерін жүзеге асыруда үлкен көмек көрсетеді.
Зерттеу әдістемесінің дайындығы гылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. әдістер сан қилы көп түрлі, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыратылады:

  • Педагогикалык тәжірибені зерттеу әдістері

  • Теориялык зерттеу әдістері

  • Математикалық әдістер

Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері- білім беру процесін үйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеулердің жолдары. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады:

Бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық кұжаттар мен танысу.


Бақылау- зерттеу барысында нақты дерек метериалды жинақтау мақсатымен кандайда педагогикалык құбылысты назарға алынуы.Бақылау жұмысы келесі кезендерден белінеді:

  • Міндеттер мен максаттарын айкындау;

  • Бақыланатын обьект,оның элементтерін міндеттері мен ситуацияларын таңдастыру;

  • Бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдері іріктеу;

  • Байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;

  • Жинақталған ақпараттарды өндеу және дәйектеу.

Бақылау түрлері;



  • Аралас бақылау

  • сырттай бақылау

  • ашық және жасырын бақылау

  • тұтастай және таңдамалы бақылау

сұқбат әдісі- кажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не косымша колданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбаттасудың екінші бір түрі кәсіптік педагогикаға әлеуметтану саласына енген интервью алу. бұл әдісте сұрақтар түзіліп, бірізіділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет