Педагогикалык зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі Зерттеу әдістемесінің (методика) дайындағы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы кызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылык пен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалык әдістер (метод) тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір белігін колданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, онын барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден етеді. Педагогикалык зерттеу әдіснамадан өзгешелігі бул педагогикалық кұбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, зандылыкты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде гылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінін өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірак үйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалык тәжірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері; 3) математикалык әдістер.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері-білім беру процесін қйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен катардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады.Олардың жұмыстарында , кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қыйыншылықтарымен пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу процесс барысында келесідей әдістер қолданады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, окушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын кезден откеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау-зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстартың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндеттің түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі Бакылау жұмысы келесі кезендерге бөлінеді: 1) міндеттері мен максаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, онын элементтерін және ситуацияларын тандастыру; 3) бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруга оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді ірітеу; 4) байқалғандарды хатка тусіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өндеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтын мүшесі ретінде катысады; сырттай бақылау-зертеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау, тұтастай және таңдамалы бақылау.
Бақылау-орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс. Бірақ езіндік кемшілігі де жок емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық-әлеуметтік жеке дара бітістерін (к-зқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, онын кандай да шынайылыктан ауыткуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат әдісі- кажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербесне косымша колданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. ангимелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір туі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген - интерью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу-ауқымды материал жинақтау үшін олданылады. Сұрақ 1 жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интерью алу бетпе-бет әнгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу сырттай орындалады. Аталган әдістердің нәтижелі болуы қойылған сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер: 1) алынатын ақпараттын сипатын анықтап алған жөн; 2) койылатын сұрақтың бірнеше баламалы ернегі болғаны кажет; 3) сауалнаманын бірнеше жоспары түзіліп, ол алгашкы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға реакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал окушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалык, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмысьтар окушылардың даралық кабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін колдана отырып, окушының жеке iсi (личное дело), дәрігерлік карта, кунделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді игеру процесін уйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі акпараттармен қаруланады.
Педагогикалық зерттеудін кандайда бір әдіс не тәсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:
1) жобаланған педагогикалық құбылыс және онын іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мәнән зерттеу;
2) педагогикалык кұбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;
3) педагогикалық келесі кезең мен өткізіледі:
теориялық(проблема кою, зерттеу мақсатын, нысанын және денін аныктау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен онын жоспарын айқындау,ба дарлама түзіп, алынған нәтижелерді өндеу әдістерін нақтылау);
эксперимент жұмысы бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау (ситуация түзу ,бақылау,тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау);
талдау - сандық және сапалық сарапқа салу: алынған деректерге түсініктеме беру: қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.