Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Ғылым және қазіргі заманғы білім беру жүйесі



бет101/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
������ ������ ��� ������������� ���

63. Ғылым және қазіргі заманғы білім беру жүйесі.
Білім беру процесінің ішкі шындығы. Білім беру процесіндегі құндылықтар мен идеологиялар. Тұлғаның әлеуметтенуі процесінде білім берудің орны, білімділіктің канондарын, педогогикалық концепцияларды қамтитын білім беру технологиялары. Білім беру – қызмет айырбасы ретінде. Білім – беру коммуникативті процесс ретінде. Білім беру – субмәдениеттердің өзара ену процесі ретінде. Білім беру процесінің кеңістік – уақыттық параметрлері. Білім берудегі уақыттың маңызы. Білім беру процесінде қарым-қатынас жүйелері. 
Білім саласындағы негізгі мәселелер келесідей болады: 
1. Мазмұн 
2. Әдістеме 
3. Нәтиже 
Әрбір педагогикалық жүйе мен әр ұстаз осы сұрақтарға өз философиясы ауқымында жауап беруге ұмтылады. Дәстүрлі оқыту білімді бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырады. Бұл түсінік білім игеру процесінің басты проблемаларының біріне айналып кеткен. Қазіргі заман – ақпарат заманы, ол жан-жақтан әртүрлі формада (кітап, газет-журнал, теледидар, радио, қарым-қатынас, Интернет, жарнама, т.б.) орасан зор көлемде ағыл-тегіл келіп түсуде. Алайда адам өзінің шектеулі миымен барлық ақпаратты есте сақтап, игере алмайды, оған уақыты, тіпті өмірі жетпейді. Мәселен миллионға дейін санаудың өзі ғана 278 сағаттай уақытты керек етеді, ал бұл дегеніңіз 11 жарым күн! Сонымен, «білім – ақпарат» формуласы бүгінгі күні ескірген, білім ақпарат емес деп ұйғаруға әбден болады. Білім беруде басты мақсат- «не нәрсеге оқыту», яғни мазмұн емес, «қалай оқыту», яғни әдістеме қажет. Білім деген тек дағды білік қана емес, сонымен бірге адами қасиет екендігін ізгілікке зәру ХХ ғасыр кеш түсінді. Біз – адамбыз және де күніміз тек қана адамдармен болмақ, демек білімнің басты мазмұны – адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылатын шығар? Кезінде Абайдың да басты өмірлік қағидасы «Адам бол!» емес пе еді? Адами қасиет болмаса, қалғанның бәрі де бос, даурықпа сөз. Немістің классикалық философы Иммануил Канттың өмірлік қағидасы келесідей болған: «Адам әрқашан да мақсат болып, ешқашан құрал болмауы керек». Бұл сөздер бойынша дүниеде барлығы да адам үшін, оның игілігі үшін жасалуы шарт, алайда адамның қолымен немесе адамның арқасында белгілі бір мақсатқа жетуге тырысу – адамгершілікке жатпайды. Біз бар ұмтылысымызды қоғам игілігіне бағыштауымыз керек. Білім беру – болашаққа капитал алу және статус үшін күрес ретінде. Білім беру саласындағы стандарттау. Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру контекстнде білім беру жүйесін реформалау. ҚР-да білім беруді реформалаудың нормативті негізі: «Білім беру» (1999 ж.); «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту концепциясы» (2003 ж.); «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат концепциясы» (1995 ж.). ҚР-ғы білім беру бағдарламалары және шарттары. Азаматтық білім беру идеясы. Діл және білім беру. Ұлттық білім беру: ұғым және мәселелері (проблемалары). ҚР-да білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Отандық білім беруді әлемдік евразиялық білім беру кеңістігіне интеграциялау. Жаһандану және интернационализация жағдайындағы ұлттық білім беру. Әлем мәдениетін қалыптастырудағы білім берудің рөлі. Білім игерудің нәтижесін бұрынғыдай тек білім, білік, дағды аумағында ғана құрастыру қазіргі күні аздық етеді, өйткені олар үйренушінің тек біліктілігін ғана айқындайды. Сол себепті де Болонья процесінде біліктілік (квалификация) термині құзырлылықпен (компетенция) алмастырылған, құзырлылық білім игеру процесінің басты нәтижесі ретінде танылады. Бұл процесс бойыша студент білімді өздігімен игеруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет