Ғылымның тарихы мен философиясының пәні



бет96/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103
Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді.
Адамзаттың жаһандық мәселелері - ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар: Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму әселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б. Бұл тізім тұрақты емес. 
52. Ғылым дамуындағы қарама- қайшылықтар.
Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіпматематикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.
Ғылымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі Мысыр мен Месопотамия өркениеттеріне барып тіреледі. Олар математикаастрономиямедицина секілді ғылымдардың алғашқы кейпін жасап, 2600 жыл бұрын басталған Грек табиғат философиясына, антикалық классикаға арқау болды. Олар физикалық дүниені ондағы оқиғалардың табиғи себептері арқылы түсіндіретін дәстүр қалыптастырды. Әсіресе ғылым тарихында түрлі ғылымдардың ең алғашқы зерттеу объектін бекітіп, жүйелі пайымдаудың алғашқы сынағын жасаған ұлы ойшыл Аристотель дәуір бөлгіш рөл ойнады. Бірақ Рим империясының христиан дінін қабылдауы Еуропада ғылымның құлдырауына алып келіп, қараңғы орта ғасыр 5 ғасырдан 15 ғасырға дейін жалғасты. Осы тұста шығыстағы ТүркіПарсыАраб жұртынан шыққан ойшыл ғалымдар - Әл КиндиӘл-ФарабиИбн СинаИБн РушдОмар Хаиям секілді ұлы тұлғалар сол ежелгі ғылым мен Аристотель салған жолды жылғастырып, ғылымды жаңа кезеңге шығарды. Бірақ Шыңғыс хан жорықтарынан кейін бұл талпыныс діни әсірешілдік пен қатып-семушілдіктің зардабынан мүлде әлсіреп, мұсылман әлемі де ғылымы құлдыраған қараңғы орта ғасырға кірді. 15ғ бастап Еуропада Ренессанс сана жаңғыруын жасап, ғылымға жаңа көк жиек ашты. Әсіресе Астрономиядағы Католик шіркеуінің мың жылдық өтірігін ашқан гелиоцентризмнен кейін ғылымның тасқынын ендіқайтып ешкім тоса алмастай болды. Өнеркәсіп революциясының ғылым мен техникаға мұқтаждығы ғылымға жаңа күш бітірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет