Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Ғылымның қызметтері:мәдени, гуманистік, экологиялық. мәдениет қызметі



бет95/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103
50.Ғылымның қызметтері:мәдени, гуманистік, экологиялық. мәдениет қызметі. 
Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.
Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану - қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.
Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.
Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты - қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.
Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.
Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына - гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.
Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз - арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
51. Ғылым мен қазіргі заманның жаһандық мәселелері.
Жаһандану немесе глобализация (ағылш. Global - «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. 
«Жаһандану» деген терминді қазіргі таңда естімеген адам жоқ шығар. Бұл сөзді балабақшадағы балаға дейін біледі деген ойдамын. Бірақ «Жаһандану деген не?» деген сұраққа адамдардың көбісі нақты жауап бермейді. Елдің көп бөлігі бұл сөздің мағынасын түсінгенімен аталған сұраққа нақты жауап бере алмайды. Қазіргі таңда жаһандану, ең алдымен, бүгінгі орын алып отырған халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен серпінді техникалық прогресті қамтамасыз ететін өндірістік күштердің (көлік, байланыс құралдары, әлемдік компьютерлік желілер және т.б.) даму деңгейіне қатысты болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет