Филологическая серия



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата12.02.2017
өлшемі3,54 Mb.
#3945
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

200
201
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
жер-су, өзен-көл, тау-тас, елді-елсіз жер атауларының жиынтығымен ғана 
қарау бір жақты. Кеңістіктің өзі тігінен және көлденеңінен түсінікті қажет 
етеді. Бұл турасында адамзат түйсігінде белгілі болған объективтік шындық 
бар. Эпикалық кеңістік сол шындықты көркемдік дәстүрге сай қажетіне 
қарай алады, сондықтан онда психологиялық тұрғыда объективтік және 
субъективті пайымдаулар өткенді шындық ретінде қабылдаса да, көбіне өз 
тұрғысынан да бағалау орын алады. Осының бәрі жырдың жеткізушісіне 
байланысты айтылып жатқан мәселелер. Жырды айтушы жаратылыстан 
аян кеңістіктің қозғалысқа түсіреді. Қозғалыс жоқ жерде – уақыт өлшемі 
жүрмейді. Жырдағы уақыт пен кеңістіктің байланысын іс-әрекетсіз ешқандай 
зерттеуші түсіндіре алмайды. Осы заңдылықтың нақты ұғымы бүкіл түркі 
әлеміне ортақ, көне ескерткіште тұр.
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда
Екеуінің арасында адам баласы
Адам баласын басқаруға ата-бабам жаралды [8].
Алайда осы ескерткіштердің деректерін тарих ретінде сүзу мен тілдік 
жағынан түсіндіру бар. Көркемдік тұрғыдан ескерткіштегі сипаттау, сөйлету, 
даралаудағы жинақтаулар кең көлемде енді ғана сөз бола бастады. Қалай 
десек те көне ескерткішті оқудың құпиясы ашылғанымен, көркемдік әлемнің 
сыры айқындалды деуге ертерек. Сонымен, эпостағы уақыт пен кеңістіктен 
белгілі  бір  дәуірдің  тарихын  табуымыз  керек.  Ең  алдымен  сол  дәуірді 
бейнелейтін эпикалық кеңістіктің өзі ұшы-қиыры белгісіз, шалқып жатқан 
әлем емес. Эпоста батырдың мекенінен кейін кетіп бара жатқан жолының 
бәрі жаудікі деу қате ұғым. Эпикалық кеңістікті дәуірге қатысты жыршы 
тарапынан аймақ дегенді кең көлемде алады, батырдың мекені сол аймақтың 
бір  ғана  бөлшегі.  Қазақ  эпосында  батырдың  шығу  тегімен  қатар,  оның 
мекенін анықтамаған бірде-бір эпос жоқ. Бұл тарихи тұрғыдан шындықтан 
алыстамаған. Батырлық жырлардағы «Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар», 
«Қырымның қырық батыр жырлары» т.б. қаһарманның жаз жайлауы, қыс 
қыстауы нақты айтылғаны күмән туғызбайды. Мұнда мезгіл мен кеңістіктің 
үндестігі бір қалыпта тұрса, батырдың елінен аттану себебі бүкіл аймаққа, 
анықтай түссек біртұтас елге қауіп төнгендік болатын. Жыршы сондықтан 
қаһарманның сапарындағы жолды көрсетуде, өзіне таныс кеңістіктің көлін, 
тау-тасын, шөлі мен шөлейтін жырға бөлек-бөлек жинақтап, ел шетіне келген 
немесе қаһарманның іздеп келген жауына кездестіреді. Оның қашықтығы, 
батырдың  қанша  уақытта  жеткендігі  жөніндегі  баяндауда  кеңістік 
динамикалық  қозғалысқа  түседі.  «Күнді  бұлт  құрсайды»,  «Қар  жауарға 
ұқсайды», «Айды бұлт құрсайды», «Айды байқамай қарасам, түн жауарға 
ұқсайды», «Таң сарғайып атқанда, Шолпан жұлдыз батқанда» т.б. кеңістікті 
тігінен қарағандағы көрінісі болса, көлденеңінен жерде бұрқыраған шаңы, 
ағып жатқан көлі, бұрқыраған буы, шуылдаған шуы назардан тыс қалмайды. 
Жырлаушы сол шындықты жеріне жеткізу үшін әмседен аян жер-су, тас-
тау, мекен-тұрақ атауларын жырға қосқанда ғана, тыңдаушының шындық 
демеске шарасы қалмайды. Өтірік жағы А. Байтұрсынов айтқандай мінген 
аты,  жауға  жалғыз  аттануы,  қарсыласқан  жауды  мың-мыңдап  жапыруы 
ғана [9]. Ежелгі эпостағы осы бір дәстүр, қаһармандық эпоста жалғасын 
тапқан. Жыршы батырдың іс-әрекетін даралаудың жолында, қиялға ерік 
беріп, халықтың арман-тілегіне орайластыруға мықтап бекінген. Жырдың 
шындығы дәуір шеңберінен аспай, уақыт пен кеңістікті өрелестіре алуында 
екендігі даусыз. Қорыта келгенде, эпикалық кеңістік – көркемдік жүйеге 
келтірілген екінші шындық. Өткендегі де, бізге жеткені де сол шындықты 
іс-әрекетпен көрсетуші эпикалық шығарманың бас қаһарманы. Сонымен 
қаһармандық  эпос  жөніндегі  эпикалық  кеңістікке  қатысты  тұжырымды 
былайша түйіндер едік:
Біріншіден, бұл кеңістік көлденеңінен де, тігінен де жұптасқан. 
Екіншіден, қозғалыстағы кеңістік.
Үшіншіден,  оның  негізін  әрекет  жасаушы  басты  қаһарманның 
субъективтік-объективтік жырдағы қарым-қатынасы білдіреді.
Қысқаша  шолып  өткен  қаһармандық  эпостағы  кеңістік  жөніндегі 
ой-пікірдің одан әрі дамуы, біздің негізгі мақсаттағы тарихи жырлардағы 
кеңістікке қатысты болмақ. Тарихи жырлар мен реалды-тарихи эпоста кеңістік 
турасындағы ізденіс тарихи (диахронды) және құрылымдық (синхрондық) 
тұрғыдан қарауға әбден реті келеді. Өйткені, дәуір кезеңдерінің бейнесін 
жан-жақты ашып, халықтың қамын арман-тілектері жөніндегі сұраныстарға 
жауап беретін тарихи жырлар мен реалды-тарихи эпоста дәуір жөніндегі 
деректер болған іс-әрекеттің шындығынан шалғай кетпесе, екінші жағынан 
уақыт пен кеңістікті сәйкестендірудің жинақталған көркемдік үлгілері бар. 
Кеңістіктің бұндағы көркемдік заңдылықтарға бағындырылуының өзі өзгеше 
формада, жаңа бір қырынан көрінеді. Эпостағы дәйекті дәстүрлердің өзі 
кеңістік турасындағы ізденістерге келгенде, қалыпты сақталмайтындығын 
дәлелдеген  тарихи  жырлар  мен  реалды-тарихи  эпостар  екендігі  анық. 
Қаһармандық  эпостағыдай  тарихи  жырлар  мен  реалды-тарихи  эпоста 
батырлардың  қоныстанған  мекені  дәстүрге  сай,  жырдың  басында  да, 
сюжеттік байланыстарда да көрініп отырады:
Өтіпті Қанжығалы қарт Бөгенбай
Мекені көшіп қонған Шет қорайдай [10].
Олжекем Орта жүзге ұран болған,
Сарысу, Арқа есігі – Арқанатта,
Айдабол Төртуылды қоныс қылған.
Жайлауы Нұра суы еді мұның,
Сала мен Домбыралы бетегелім,

202
203
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Моншақты, Құлан өтпес, Шідерті өзен,
Сілеті, Қара-Сеңгір, Шалқар белім [11].
Туған жерін сұрасаң,
Жайықтың шығыс күн-жағы.
Жаз жайлауын сұрасаң,
Үш аңқаты, Барбастау,
Бұлардың қатаң шымдағы,
Күз күзеуін сұрасаң,
Бұлдырты мен Жымпиты,
Қалдығайты, Жақан бай,
Балқашты сала мұндағы,
Қыс қыстауын сұрасаң;
Ойылда Қиыл, Жем, Сағыз,
Үйшіктен бергі қалың сор,
Қаракөл менен Қаратау,
Тайсойған, Бүйрек құмдағы.
Есі бір нағыз өнген де,
Жасы он беске келгенде,
Қоныс етіп Нарынды.
Қалың елмен бірге өткен [12].
Тарихи жырлар мен реалды-тарихи эпостардан эпикалық шығармада 
қаһарманның  қоныстанған  жерлерін  бұлайша  беру  қаһармандық  эпос 
дәстүріне қатысты. Бұл орайда тарихи жырларда да, кейінгі реалды эпоста 
да  деректік  мәлімет  мол.  Қаһарманның  мекенін  таныстырудан  кейінгі 
тарихи жырлар мен реалды-тарихи эпоста эпикалық кеңістікті беру мәселесі, 
қаһармандық  эпостағы  эпикалық  кеңістіктен  мүлде  бөлек.  Мұнда  бір 
сызықтың бойына орналастырып қоятын, реалдық өмірге қайшы келетін, 
тізбектеле айтылатын кеңістік атаулары мүлде кездеспейді. Мәселен, XVIII 
ғасырдағы тарихи жырларда эпикалық кеңістік тігінен де, көлденеңінен де 
мүлде басқаша көрінеді. Батырлық жырлардағы мәңгілік жаз, кеңістіктің 
жалпы сипатының соған сай көрінуі тарихи жырларда мүлде өзгере бастаған. 
Тарихи жырлардағы кеңістіктің атаулары және оның уақытпен сәйкес келуі, 
тарихи тұрғыдан дұрыс көрсетілуі, бірін-бірі толықтыра түсіп, тұтастанған 
көркемдік жүйенің белгілі эпикалық уақытқа телінуі жағынан, қаһармандық 
эпостан бөлек жанр екендігін дәлелдейді. Тарихқа жүгінсек, жоңғарлардың 
қазақ жеріне жасаған шабуылдары XVII ғасырдың 1607 жылдарынан бастап, 
сол ғасырдың әр кезеңінде қазақ қолынан Есім хан, Жәңгір хан, Жалаңтөс 
баһадүр, Әз Тәуке хандардан бірнеше жеңіліс табады. Бұдан кейінгі Әз 
Тәукенің қайтыс болуы, қазақ хандығының іштей ыдырап, «Жеті жарғы» 
бойынша тәртіпке түскен заң жүйесі бұзылуы, оған қоса 1723 жылы қазақ 
сахарасында «қайың сауған ақ тышқан» жылы зұлматы мен нәубетін қоса 
әкелді. Осы жұтты мықты пайдаланған, жоңғарлар қазақ жеріне ендей кіріп, 
елді  «Ақтабан  шұбырындыға...»  ұшыратты.  Бұл  оқиғаны  Ш.Уәлиханов: 
«XVIII ғасырдың алғашқы он жылы қазақ халқының өміріндегі ең бір жан 
шошырлық  кезең  болды,  әсіресе,  1723  жылғы  халық  трагедиясы  әрбір 
қазақтың  жадында  қалды.  Бұл  жылы  қар  қалың  жауып,  мал  ашығып, 
онсыз да қыстан жұтап шыққан елге қырғын салып, Жоңғар хонтайшысы 
Голдан-Церен басқарған қалың жау қазақ жеріне басып кірді. Шошынған 
ел сайғақтың үйіріндей дүние-мүлкі мен мал жанын тастап түстікке қашты. 
Орта жүз Самарқанд маңына, кіші жүз Хиуа мен Бұқар барып тоқтады» [13], 
– деп көрсетеді. Жойқын жау жоңғарға қарсы тұру 1724 жылғы Түркістан 
қаласын  қорғау  шайқасы,  1725  жылғы  «Әйгілі  Алакөл  қақпасы»,  1728 
жылғы Шұбар теңіз жағасындағы шайқас, 1729 жылғы Бұланты өзенінің 
бойындағы шайқас және Балқаш көлінің Оңтүстік өңіріндегі ірі жеңістер 
(«Қалмақ қырылған – Аңырақай») ұзаққа созылған Шаған шайқасы, 1730 
жылдары  жоңғарларды  Ілеге  дейін  қуып  келу,  одан  кейінгі  1741-1743 
жылғы қызыл қырғын соғыстардың тынышталатын тұсы 1750 жылы жоңғар 
қақпасындағы шешуші жеңіс еді. Міне, осы аласапыран уақыттағы шын 
мәніндегі Отан соғысының болып өткен жерлерін, босқан ел мен жаудан азат 
етілген жеріне көшкен елдің деректері ретінде қазақ даласында 15-тен астам 
«Қалмақ қырылған» дейтін және сандаған өзен-су, тау-тасы аталады. Бір ғана 
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан бастап, 300-ге жуық топонимикалық 
аңыздар мен тарихи өлеңдер, барлық нұсқаларымен есептегенде 100-ден 
астам тарихи жырлар бар екен. Бұлардың көпшілігі қолжазба қорындағы 
дүниелер ғана, ал қаншама рухани дүниелер хатқа түспей кетті десеңші. XVIII 
ғасырдағы азаттық жолындағы соғыстың эпикалық шығармаға айналғаны, 
зиялы қауымның тәптіштеп айтып келе жатқаны – «Ақтабан шұбырынды» 
кезеңінен бергі – Абылай дәуірі. Шын мәнісінде, ерлік пен елдікті ту етіп 
ұстаған Абылайдың өз басына қатысты қаншама аңыз, өлең-жырлар қалған. 
Өзінің  дәуіріне  шоғырланған  баһадүр  батырларды  дәріптейтін  тарихи 
жырлардың сюжеті Абылайды қалыс қалдырмаған. Эпикалық шығармаға 
айналған тарихи жырлардың бастамасы қай мезгілден екендігіне жоғарыда 
тоқталдық,  ендеше  эпикалық  заңдылыққа  бағынған  кеңістіктің  көркем 
бейнесін сол кезеңмен қарап көрейік. XVIII ғасырдағы тарихи жырларды 
жырлаушылар ең алдымен, эпикалық шығармада кеңістікті көлденеңінен 
және тігінен қозғалысқа түсіреді. Көктен тоқтаусыз жауған қар, ақ түтек 
боран, жердің үсті мұзға айналған. Босыған халық бір жерден, екінші жерге 
шұбырып барады. Өкшелей қуған жау болса, тігерге тұяқ қалдырмай жалмап, 
кеңістікті қызыл түске бояған. Тарихи жырларда бұл бұлайша өрнектеледі:
Айнадай жарқырайды дүние жүзі,
Мұзбенен шағылысып күннің көзі,
Тас, топырақ, қопсан, жазық бірдей болды.

204
205
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Сырғанап батпай кетті мықтың ізі
Тау тас, құзда ағаш, жерде бұта,
Мұз басып барлығы да қалды жата [14].
Барасың Қожахмет кімге қалып,
Қайран тау, қайран Сырым, қайран дала,
Күн көрген өсіп, өніп қатын бала.
Жөнелді у-шу болып қазақ тозып,
Көлік жоқ ең болмаса екеу ара.
Қазақтан тартып алды Түркістанды
Хиуамен билеп Ташкен, Самарқанды [15].
Әйгілі  тарихи  өлеңнің  желісімен  келген  мұндай  жолдарды,  тарихи 
жырлардың көпшілігінен кездестірдік. Кейде сол өлеңнің өзі жырдың ішінде 
жүруі  бұған  айғақ.  Сайын  дала,  көсілген  кеңістіктің  мезгілмен  өрлесіп, 
эпикалық шығармаға енуі түптеп келгенде заман психологиясын жеткізуден 
туған. 
Тарихи жырда ұлы жүз, орта жүз, кіші жүздің белгілі бір аймақтарының 
қай жерлерде орналасқанын шежірелеп баяндау бар. Жыршы мұны айтуда 
кеңістік атауларын тізбелеп шындықты дәлелді жеткізеді. Батырлық эпоста 
негізгі қаһарман ел шетіне жау келгенде мекенімен сол жауға қарсы аттанса, 
тарихи жырларда қаһарманның елін жау шауып, тұтас аймақты тарылтып 
келеді.  Қаһарманның  аттаныс  іс-әрекетін  жыршы  бірден  жауға  қарсы 
бағыттамай, бірнеше қолмен Ұлытауға қарай жүргізеді. Өйткені онда үш 
жүздің басы қосылып, жауға қарсы шықпақ. «Абылай хан, Сабалақ» жырында 
Бөгенбай мен Қабанбай атынан жазғытұры Ұлытауда жиналатыны айтылып, 
оған Сабалақтың баруы, үш жүздің тәмәм батырлары жиналып, Шақшақ 
Жәнібектен бата алып, жоңғармен соғысқа шыққаны баяндалады. «Шақшақ 
Жәнібек батыр» жырында еліне аттанып шыққан Жәнібек батыр келе жатып 
Қабанбай мен Бөгенбайға кездеседі. Жауға аттануға Ұлытауға бара жатқаны 
айтылып,  Жәнібек  оларға  қуана  қосылады.  «Олжабай  батыр»  жырында 
Ұлытау қалыс қалмаған. Қысқасы тарихи жырда жыршы тыңдаушысына 
бүкіл батырлар Ұлытауға жинақталып, содан бастап қаһарманның жекпе-
жектерде үлкен жеңіске жеткенін даралап көрсетуді мұрат еткенін аңғару 
қиын емес. Бұл жырдағы шалғай кеткен тұс екені рас. Біріншіден, 1926 жылы 
Ордабасындағы жиында жауға қарсы аттаныс жөнінде, Әбілмәмбет, Төле 
би бастатқан қазақтың біртуар ақылды алыптарының бір мәмілеге келіп, 
аттанысты Ұлытаудан бастауға ұйғарғаны, Әбілхайырдың сол бас қосуда 
бас қолбасшы болып жауға аттанғандығын аңыз да, тарихи деректер де 
теріске шығармайды. Екіншіден, жырды айтушылар осыдан кейінгі 1728, 
1729 және 1730 жылдары жоңғарларға қазақ қолының қатты соққы бергенін 
білуі мүмкін. Сондықтан бүкіл соғыстардың оқиғасын осыған жинақтап, 
таратуды көздеген. Үшіншіден, жырлаушы аймақтағы кеңістіктің орталық 
нүктесін дәл тауып, бүкіл жорықтарды содан шығаруға ниеттенген. Ертегі-
аңыздағы жер ортасы Көктөбе, «Манастың Бозтөбесі – жер кіндігі» т.б. 
кеңістіктің орталық нүктесіне қатысты пікірлер бар екені белгілі. Тарихи 
жырларда Ұлытаудың қайта-қайта айтылуы, Абылайдың сол тауда аңда 
жоңғарға ұсталуы соны еске түсіреді.
Тарихи жырларда кеңістік үнемі қозғалыста дегенді айттық. Соның 
бір көрінісі, жердегі шұбырған жұт жылғы жұртты айтсақ, екінші үнемі 
жырдағы  кездесетін  көшпелілер  өміріндегі  көш  суреттері.  Қаратаудан 
Сырға ойысып әрі қарай Мұғаджар тауларынан пана іздеген, бірақ пайдалы 
қоныс таппаған, жөңкілген елдің бір парасы Құм, Жем, Сағыз, Жайыққа 
барып тоқтаса, келесі көш Арқа жаққа ауа көшіп Көкше, Ереймен, Шыңғыс, 
Тарбағатай сілемдерінен орын тепкен. Орта жүз аталатын рулар мен тектер 
кіші жүз мекен қылған, Ырғыз, Шалқар бойларын басып өтеді. Қараөткел, 
Ереймен, Баян ауыл, Қызылтау, Сілеті, Сарысу, Арғанаты, Нұра, Домбыралы, 
Моншақты,  Шідерті,  Қара  Сеңгір,  Шалқар,  Көкшетау,  Шыңғыстау, 
Қызылжар, Алакөл, Сарыбел т.б. сандаған жерлерге шежірелей таратып, 
қоныстандыратынын көруге болады. Жырды айтушылар осы өлкенің бәріне, 
жұрт жоңғардан азат етілгеннен кейін қоныстана бастады дегенді көлденең 
тартады.  Біз  жоғарыда  «Ақтабан  шұбырынды»  оқиғасында  елдің  қай 
бағытқа қарай шұбырғаны жөнінде Шоқан Уәлихановтың пікірін келтірдік. 
Әйгілі ғалымның кезеңінде бастан өткен зұлматты да, нәубетті де халық 
санасынан шығара алмаған тұс, сонымен қатар, бұл пікірді тарихи деректер 
мен  еңбектерде  жоққа  шығармайды.  Тарихи  жырлардағы  жайбарақат 
тыныштықтағы қазақтың үш жүзінің Қаратау мен Сыр бойында жатқаны, 
бейқам жатқан елге тұтқиылдан жау шапқаны, Қаратау, Сыр бойы, Түркістан 
мен Ақмешіт қалаларын жау басып алған екен, соған қарсы қазақтың небір 
батырлары аттанғаны айтылып, жеңіске жеткендерін мақтан ететін мотивтер 
де бар. Бұл, шындыққа жүгінсек, XVIII ғасырда болған іс емес, керісінше 
Әз Тәукенің заманындағы үлкен жеңістер екендігін анықтаған жөн. Кеңістік 
атаулармен оқиғаға нақты көшіруде, уақытпен өрелестіруде жырау мұнда 
аса  үлкен  жаңсақтыққа  бармай,  белгілі  тарихи  батырларды  айтады  да, 
дереу  бұдан кейінгі  кеңістік әлеміндегі  шұбырынды  заманына оралады. 
Жоғарыдағы жыршылардың ата қонысқа жеткен еді деуінің шындықтан 
шалғай тұсы, «ақтабан шұбырынды» кезінен бұрын да аталған жүздер мен 
рулар  бұл  жерлерге  ұшқан  құспен  бірге  қайтып  отырғаны  көпке  мәлім. 
Ендеше, бұл жерде жыршы жоңғардың жойқын шабуылын, оны аймақтан 
қуып шығарудағы қаһармандар ерлігін ерекшелеу мақсатында көрсеткен 
деудің орны бар. Соның өзінде де, шындықтан шалғай кетпеген. Себебі, 
жаудан босаған жерлерге халық қайтадан оралып, ата қоныстарына орналаса 
бастағаны рас. Көреген Абылай да ендігі уақытта кеңістікті бос тастамай, 
жұртты тығыз орналастыру ісін қолға алғаны да – осы шақ, сол бір сұрапыл 

206
207
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
соғыстар кезі болатын. Қаһармандық эпостағыдай батырдың жүріп өткен 
жолындағы тау-тасын бір бөлек, өзен-суын, көл-дариясын бөлектеп жинақтау 
тарихи жырлардың табиғатына жат. Мұнда қаһармандардың өз мекенінде, 
бүкіл  аймағында  болып  өткен  басқыншылардан  азат  етудегі  жорық 
жолдарының алғашқысы «ақтабан шұбырындыға» дейінгі, келесісі – одан 
кейінгі кезеңдерді қамтып, Абылай дәуіріне жинақтаған. Сол жинақтауда 
кеңістік атаулары жүріп өткен уақыттан алшақтамай, эпикалық шығармада 
бірін-бірі толықтырып жатады.
Тарихи  жырлардағы  ендігі  бір  ерекшелік,  қаһармандардың  жайлы 
қоныс, жаңа мекен іздеу мәселесі. Бұны ерекшелейтін «Өтеген батыр» мен 
«Олжабай батыр» жырының сюжеттері екені белгілі. Асылында бұл сюжет 
желісі қазақ фольклорында Асан қайғы туралы аңыздардан басталатыны, 
қазақ фольклоршылары назарына ерте іліккен еді. «Қазақ халық прозасы» 
атты еңбегінде С. Қасқабасов: «Құтты мекен жайындағы қазақтардың әпсана 
хикаяттары варианттары бойынша қарастырсақ, біріншіден, мұндай сюжеттің 
қарақалпақ,  қырғыз,  құмық,  ноғай  елдерінде  де  бар  екенін  көреміз,  ал 
екіншіден, бұл сюжетке құрылған шығармалар Асаннан да бұрын болғанын, 
тіпті  Асаннан  кейінгі  заманда  басқа  адамға  байланысты  айтылғанын 
байқаймыз»,  –  дей  келе,  «XV  ғасырда  Сәбиттің  орнын  Асан  басқан,  ал 
ақтабан шұбырынды дәуірінде оның орнына Абат батыр мен Өтеген батыр 
қойылған. Міне, бұл сюжет осындай тарихи циклизацияға түскен. Мұнда 
тіпті батырлық эпосқа тән генеалогиялық та циклизация бар: Жерұйықты 
іздеуші алдымен Сәбит, одан кейін оның баласы Асан, ең соңында ұлы 
Абат болып көрінеді. Бұл да – фольклорлық дәстүрдің заңдылығы» [16], – 
дей отырып, утопиялық әпсана-хикаяттар қатарына қосады. Дәлелді пікір 
екендігі даусыз. Жалпы ел басына қатер төніп, қиыншылық заман келгенде, 
Жерұйықты іздеу мәселесі күн тәртібіне шығатынын қазақ халық прозасы 
мейлінше ерекшелеген. Асан қайғының Жерұйықты іздегені ерте кезеңде 
хатқа түскен. Басқа да халықтар фольклорында кездесетіні, кей халықтарда 
әр түрлі шығармаға айналғандығы турасында зерттеу еңбектер бар. Қазақ 
тарихи жырларында қоныс іздеу, жер шолу Асан қайғы әрекетімен үндес. 
Ең басты Жерұйық деген – кеңістік, тек қана эпикалық шығармада ғана 
болатын жер атауы екендігін ұмытпайық. Ешқандай карталардың бұған 
жауап бермейтіні біз айтпасақ та түсінікті. Бұл орайда С. Қасқабасовтың 
«Жерұйық – халықтың жарқын қиялынан пайда болған еркін, азат, жанға 
жайлы жердің образы, «Жерұйық» деген сөздің өзі де, біздіңше, «ел ұйып, 
тату-тәтті өмір сүретін жер» деген ұғым береді» [17], – деп тұжырымдаған 
пікіріне біз де қосыламыз. Тарихи жырдағы қаһармандардың жер шолу, 
құтты мекен іздеуінің өзі аңыз желісі арқылы эпикалық шығарма сюжетіне 
енген. Мысалы:
Даярланып сапарға
Іздеуге қоныс беттеді,
Қара қазан, сары бала
Қамын ойлап батырдың,
Ешбір тыным көрмеді.
Күн шығысқа барыпты
Қалың елдің қамы үшін [18].
«Өтеген батыр» жырының алғашқы нұсқасында, ел басына қиыншылық 
туғанда  Өтеген  жайлы  қоныс,  жауға  алдырмас  жер  іздесе,  Жамбыл 
нұсқасында әлеуметтік сарынға үстемелей таптық мәселе қосылады:
Жұрттан бұрын ол сезді
Қайғыға халық түсерін,
Патша алдында бас иіп,
Хандардың ант ішерін.
Өтеген сезді хандардың
Арам, пасық ниеттерін,
Халықтың сатып, патшаның
Киерін шенін, шекпенін...
...Қара қазан, сар бала
Қамы үшін қамдана
Қонысқа жер іздейді, – [19]
деп  жырлаған.  Мұның  өзі  жырдың  қаншалықты  өзгерістерге  түсіп, 
кейінгі кеңестік идеология мақсат-мұраттарына қарай бұрмаланғандығын 
дәлелдейді.  Ақиқатына  жүгінсек,  Өтегеннің  қоныс  іздегені  турасында 
аңыздар жеке жазып алынғаны туралы деректер, эпикалық ауқымды дүниеге 
фольклорлық басқа да жанрлардың әсері бар екенін көрсетеді. «Олжабай 
батыр» жырында жайлы қоныс іздеп, жер шолу Сарыарқа өңірінде екені 
баяндалады.
Арқаның барлық жонын аралады,
Еділ мен Жайық, Ертіс аралары.
Есіл мен Алтай тауы, Арғанаты,
Ұлытау, Сарысуды шамалады.
Бұл жердің қыры – киік, ойы – балық,
Көргеннің сүйсінеді шыбын жаны.
Мың жылқы жатсадағы көрінбейді,
Жаз жайлау, қыс-қыстауы жалғыз сайы [20].
Жырды айтушы қаһарманға жер шолғызып алып, одан кейін Көкшетау, 
Қарқаралы, Өлеңті, Шідерті бойын Айдаболдың бес баласына қалдырып, 
өзі  Жанқозы,  Малғозы  балалары  Қоңырбелді  мекендейді.  Баянауылды 
қыстатып, Ерейменді жайлаған халықта бейбітшілік орнаған. Жыршының 
бұл  жердегі  ерекше  тоқталып  отырғанын  түсіну  қиын  да  емес.  Бұл  бір 

208
209
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
кездегі  құспен  бірге  келетін  елдің  енді  арқа  өңіріне  біржола  қоныстана 
бастаған шағы болатын. Тарихи жырдағы бұндай ерекшеліктер, жыршының 
тұспалдау, жорамалдау арқылы көрсетіп кеңістік турасындағы көзқарастары 
сайып  келгенде,  шындықтан  алыстамай  белгілі  бір  уақыттың  дерегін 
беретіндігін байқаймыз. Тарихи жырда бүкіл қазақ елінің аймағы үш жүздің 
орналасуымен  ажыратылып,  кеңістік  атаулары  сол  тұрғыдан  жіктеледі. 
Жауға қарсы ұрыстар кеңістіктің оңтүстік, шығыс, орталық өңірлеріндегі 
белгілі жерлерде өтіп жатса да, жыршы қаһармандардың жеңісінен кейін 
қалмақты қайтарған, жоңғарды солай жосытты, қырылған қалмақ есепсіз 
дей келе, «Қалмақ қырылған» жер атауы содан қапты деп сюжетті шарықтау 
шегіне жеткізеді. Осыған қарағанда, жырда ұсақ қақтығыстардан гөрі, ірі 
соғыстар өткен кеңістіктерді жинақтау бар. Себебі, Қазақстан даласында 
«Қалмақ қырылған» деген жер атаулары молынан ұшырасатынын жоғарыда 
атадық. Қазіргі уақытта «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына арналған, Отан 
соғысының жүріп өткен жерлерін тиянақтаған карталар да шыға бастады. 
Бұндағы  көрсетілген  кеңістік  атаулары  да  біздің  пікірімізді  нақтылай 
түсетінін пайымдадық.
Тарихи  жырларға  қарағанда  реалды  тарихи  эпостағы  кеңістік 
атаулары  жалпы  аймақты  қамтымайды,  оны  жырдағы  қаһармандардың 
іс-әрекеттері де дәлелдейді. Кеңістіктің бұлайша көрінуінің өзі, жырдағы 
нақтылы болып өткен оқиғаларға байланысты болса керек. Реалды-тарихи 
эпостарда да қаһармандардың мекені айтылатыны, оның ерекшелену себебі 
қаһармандық эпос дәстүрінен туындағанын жоғарыда ескерттік. Жырдағы 
эпикалық кеңістіктің көрінуінің басты себебі – сол мекеннің тарылуына 
байланысты.  Мұнда  бір  жақтан  қарулы  күшпен  келіп,  мекенді  тартып 
алып жатқан жау жоқ. Негізгі жау алыстағы өз аймағында отырып, айлалы 
саясатымен  айтқанына  жүргізіп,  сатқындарға  кеңістікті  көлденеңінен 
бөлшектетіп жатыр. Осыған жұрт наразылығы күшейген, ақырында эпикалық 
шығармада қаһармандар мекені үшін атқа мініп, жалпы аймақты қорғау 
ісіне айналдырады. Қаһармандық эпостағы «өзімдікі мен өзгенікі» реалды 
эпоста өзімдікі де, өзгенікі де емес, біздікі дейтін бір-ақ түсінікпен беріледі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Бес  ғасыр  жырлайды:  2  томдық.  Құрастырған  М.  Мағауин,  
М. Байділдаев. – Алматы : Ж., 1989. – Т.1. – 70 б.
2 Сонда. 76 б.
3 Сонда. 99-100 б.
4 Сонда. 101 б.
Сәтбаев, Қ. И. Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы мақалалары. 
– Алматы, 1989. – 374 б.
6 Батырлар жыры. – Алматы, 1986. – Т.1. – 59 б.
7  Ыбыраев,  Ш.  Эпос  әлемі.  Қазақтың  батырлық  жырларының 
поэтикасы. – Алматы : Ғылым, 1993. – 10-30 б.
Айдаров, Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. Алматы : Ғылым, 1990. – 56 б. 
Байтұрсынов, А. Ақ жол. Алматы : Жалын, 1991. – 415 б. 
10 «Бөгенбай батыр» жыры. – Алматы, 1935. – 2 б.
11 «Олжабай батыр» жыры. – Сақау ақын нұсқасы. – 18 б.
12 «Исатай-Махамбет» жыры. – Шәренов Ығылман нұсқасы. – 2-3 б.
13 Валиханов, Ч. Ч. Собрание сочинений. – Т.1. – Алма-Ата, 1961.  
– с.  426-427
14 «Шақшақ  Жәнібек батыр» жыры. Айтушысы Иманжан Жылқыайдаров. 
– 19 б.
15 Сонда 23 б.
16 Қасқабасов, С. Қазақтың халық прозасы. Алматы : Ғылым, 1984. 
– 175-176 б.
17 Сонда. 177 б.
18 «Өтеген батыр» жыры. Қасымхан Тілемісов нұсқасы. – 13 б.
19 Жабаев, Ж. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Алматы : Жазушы, 
1982. – 164 б.
20 «Олжабай батыр» жыры. – Сақау ақын нұсқасы. – 27 б.
Материал 13.11.14 баспаға түсті.
Б. С. Рахимов

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет