190
191
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
терісімен қаптайды: сырдария өзенінің үстіне кілем төсеп, сонда отырған
күйі күндіз-түні қобызында ойнап отыратын болады: Қорқыттың қобыздағы
ойынына айналадағы бүкіл тіршілік иелері − ұшқан құс пен жүгірген аң,
құм арасынан келген адамдардың бәрі қызығып, оған жақындағысы келеді.
Тірі жан атаулының бәрі су жағасына жиналып, қобыз күйін тыңдайды. Бір
кезде Ажал Қорқыттың жанын алуға келеді, бірақ ол қобызын тарта береді.
Қорқыт қобызда күй тартып отырғанда, Ажалдың адам жанын алатын
шамасы болмған жоқ. Бірақ Қорқыт бір күні шаршап, көзі ілініп кеткен, міне,
тура сол кезде ажал жылан бейнесінде келіп, оны шағып алды. Дегенмен
ол түпкілікті өлген жоқ, ол өлі деп өлі емес, тірі деп тірі емес күйде Су
әлемінің иесіне айналды. Және адамдарға ізгі ниетпен көмектескісі келетін
бақсылардың бәріне пірге айналды». Қобыз адамдар мен табиғатты, жан-
жануарды қамқорлайды. Ол мәңгілікті, мәңгі өмірді «жеткізуші».
Музыкалық аспап өмір сыйлаушы желі ретінде адам мен жан-
жануарлардың денесіндегі алпыс екі тамырды иеді. Қазақ халық
медицинасында адам мен жан-жануарда қан тамырлары мен энергетикалық
арналардың алпыс екі тамыры бар деп айтылады. «Ертеде Жайықтың
жағасында Ақжелең есімді керемет қыз өмір сүрген. Іңір түсе бастағанда ол
ақ киімдерін киіп, аппақ сұлу жүзіне көз қаратпас әдемілігін асырып, күміс
толы әшекейлерін тағып, ақбоз атпен ауылды аралауға шығатын. Ол ауылда
киіз үйдің ішінде түні бойы күй үзілмей, ойнап тұратын, бұл ақжелең күйлер
еді. Олар алпыс екі еді, әрбәр ақжелең күй ойнаған сайын адамның әр тамыры
иитін. Адамның денесіндегі бүкіл алпыс екі тамыр осылайша иігенде адам
ағзасына күш құйылғанын сезінеді, бақытқа кенелгендей мамыражай күй
кешетін». Бұл әпсанада музыканың көмегімен адамның тамырларына әсер
ету арқылы өмір сыйлаушы космостық энергияның көзін ашатын әйелдің
жарық сыйлаушы құдайы туралы түсініктің жаңғырығы орын алған.
«Қазақтың халықтық музыкасы уақыт өте келе, кәсіби үлкен өнер
жолына түседі. Ол бүкіл жанрда өзінің жаңғыруы мен дамуы сәтін күткен бай
негіз бар» [1]. «Мәдени мұра» ұғымы бүгінде өзінің танымдық мағыналық
аумағын бүкіл рухани құндылықтарды қамти отырып, кеңейткен.
Материалдық емес, яғни дәстүр, салт, ауызша жеткен өнер түрлері,
орындаушылық өнер, дәстүрлі қолөнердегі қалыптасқан әдеттер, аспаптар
және т.б. рухани мұра болып есептеледі.
Осылайша мәдени көпқабаттылық халықтық дәстүрлердің тамаша
үндестігі адамзаттың өркениетті тұрақты дамуының және оның мәдениетінің
потенциалын айғақтайды. Атап айтқанда, музыкалық аспаптар халықтың
материалды және рухани мәдениетінің айғағы болып табылады. Олар
рәміздік мағынаны бойына сіңіре отырып, осы аспаптарды жаратушы
халықтың космологиялық түсініктері, діни сенімдері, этикалық және
эстетикалық талғамы туралы бүкіл ақпаратты шоғырландырған.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Аманов, Б., Мухамбетова, А. Казахская традиционная музыка и ХХ
век. – Алматы : Дайк-Пресс, 2002. – 544 с.
2 Ахметова, Г. Г. Этическое и эстетическое в творчестве М. Ж. Копеева,
С. Торайгыроова и Ж. Аймаутова. – Павлодар : Кереку, 2010. – 101 с.
3 Балабеков, Е. О. Казахский музыкальный фольклор: особенности,
основные функции, воспитательные возможности и проблемы
совершенствования. – Шымкент : ТОО «МиК», 2000. – 178 с.
4 Кушкумбаев, А. Военное дело казахов в ХVII–ХVIII веках. – Алматы,
2001. – 172 с.
Материал 21.10.14 баспаға түсті.
Д. М. Мергалиев, Г. Т. Акпарова
Фольклорно – мифологическое наследие и народные музыкальные
инструменты казахов
Казахский национальный университет искусства, г. Астана.
Материал поступил в редакцию 21.10.14.
D. M. Mergaliev, G. T. Akparova
Folklore and mythological heritage and national musical instruments
of the Kazakhs
Kazakh National University of Arts, Astana.
Material received on 21.10.14.
В данной статье рассматривается значение и место фольклорно-
мифологического наследия казахского народа в формировании образа
музыкальных народных инструментов.
The article considers the value and place of folklore and mythological
heritage of the Kazakh people in the formation of national musical
instruments image.
192
193
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘОЖ 882. 151. 212.2
Р. М. Муталиева
1
, Б. Қ. Қапасова
2
, Г. А. Жұмабекова
3
1
ф.ғ.к., профессор, қазақ филологиясы кафедрасы,
2
ф.ғ.к., профессор,
журналистика кафедрасы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті, Павлодар қ.
3
докторант, журналистика факультеті, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
М. ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНДАҒЫ
ҚҰНАНБАЙ БЕЙНЕСІНЕ БҮГІНГІ КӨЗҚАРАС
Мақалада М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбай
бейнесі бүгінгі көзқараспен қарастырылған.
Кілтті сөздер: роман-эпопея, тарихи тұлға, ұлттық таным,
идеология, кейіпкер, бейне, образды мінездеу, композициялық
тұтастық.
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесі
туралы кезінде Т. Жұртбай «М. Әуезовті Құнанбайдың алдында ақтаудың
қажеттігі неде» деген мақаласында былай деп жазған екен: «М. Әуезовтің
Құнанбайды саналы түрде жауыз, қатыгез, парақор, шынжыр балақ, шұбар
төс етіп көрсетіп, кесіп-пішіп үкім айтуға хақысы жоқ. Өйткені, Құнанбай
– ұлттық руханияттан орын алған тарихи тұлға. Яғни, Құнанбайдың өмір
жолы бұрмаланса, қазақ тарихы, ұлттық таным да бұрмаланады» [1, 432].
Т. Жұртбай өзінің «Құнанбай» атты кітабында тарихтағы Құнанбай туралы
көптеген мәліметтер келтіріп, Құнанбайдың жақсы қасиеттерін көрсеткен
болатын. Ал Б. Майтанов Т. Жұртбай пікірімен келіспейтіндігін айтып,
қарсы мақала жазады [1, 432]. Б. Майтанов бұл мақаласында Құнанбайдың
өз дәрежесінде сомдалғанын, Әуезов пен Құнанбайға ара ағайынның қажет
еместігін, ол үшін «Абай жолы» романын асықпай оқу керектігін айтады.
«Дәл қазір Құнанбайды «жағымсыз» кейіпкер қатарына қосу – ескі
терминологияның салқыны. Осы атауды алып тастау жөнінде таластар
жүрді. Ал қалдырған күннің өзінде шығармадағы жағымсыз сипат алатын
Әзімбай, Оразбай, Тәкежан, белгілі бір сәттерде Айғыз, мәніке тәрізділер
болмаса, Майбасардың да, Ділданың да, Құнанбайдың да көңілге сыйымды
мінез, қылықтары романда молынан табылады» [2,4].
«Абай жолы» романын мән беріп оқысаңыз, Б. Майтановтың пікіріне көз
жеткізесіз. Ол үшін «Абай жолының» кейінгі түпнұсқа бойынша түзетіліп,
қалпына келтірілген басылымын қайта оқу керек. Мысалы, бұрынғы
басылымында Құнанбайдың сараң еместігі туралы, Меккеге барардағы
жоспарлаған ісі туралы айтылғандар қысқартылып қалған. Кейінгі 2004
жылы шыққан екінші кітаптың «Тайғақта» тарауы былай толықтырылған:
«Құнанбай өмір бойында сараңдықтың құлы болған кісі емес. Бірақ ашылып-
шашылғыш та емес. Парықсыз болмайын дейтін. Қарқаралыда қазақ салмаған
мешіт салғызу сияқты іс болса оған ақтарылып түсетін. Мына сапарда
да сондай бір нәрсеге бекінген сияқты. Бірақ не істемегін, тіпті, қатын-
балаға да айтқан жоқ. Барып орындап қайтса, сонда білдіреді» [3, 11]. Осы
үзіндіден Құнанбайдың сараң емес, мырза болғанын білсек, оның Меккеге
барып, қонақ үй – Тәкие салғызуға ниет қылғанын жазушы ашық айтпай,
астарлап қана жеткізген. Жоғарыдағы үзіндідегі «мына сапарда да сондай
бір нәрсеге бекінген сияқты» дегені соны білдіреді. Бұл туралы «Абай»
энциклопедиясында да айтылған: «Құнанбай 1874-75 жылдары қажылық
жолмен Меккеге барып, онда мұсылман елінен барған адамдар түсетін үй
– Тәкие салғызған» [4, 371].
«Абай жолындағы» Құнанбайға қатысты мінездемелерге тоқталсақ:
«Құнанбай өз басы – бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы. Қара
шаңырақ иесі. Қалың дәулет пен әмір, билік иесі. Жасқа да көп туысынан
өзі үлкен. Сол себепті, үлкен әкесі Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма
ауылдың мынандай топтарының ішінен бірде-бір жан әлі күнге Құнанбайдың
алдынан көлденең шығып көрген емес. Неше қабат бәйбіше - тоқал боп
жатқанмен, Құнанбай бұлардың араларындағы араздық болса, лезде жойып
отырады. Араздық ұстағанын әлденеше рет пайдадан, олжадан қалдырып,
жазалап отырып, өз ырқына көндіреді.
Өзара бірлігі – табыс екенін жете танытқан. Соны ұққалы осы Ырғызбай
шетінен бай боп алды» [5, 62]. Осы үзіндіде «бірлік» деген сөз айрықша
көзге түседі. Құнанбай елді қалай бірлікте ұстаудың жолын біледі. Бұл –
романдағы Құнанбайдың жақсы қасиетінің бірі. Әуезов Құнанбайдың ел
билеудегі осы тәсілі арқылы нені меңзеді? Қазақты кім билесе де, ең әуелі
алауыздыққа, араздыққа жол бермей, бірлікті көздесе екен деген ойы жатқан
секілді. Абайдың «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деп
айтқанын қайталап тұрғандай. Ә. Кекілбаев «Үркер» романында осы ойды
былай өрбітеді: «Дүние жаратылып, су аққалы жер бетінде ел бірлігін, ағайын
татулығын қазақтан көп айтқан халық бар ма екен. «Тату болайық» айтылмаған
сөз қазақтың құлағына тұзы татымай тұрған бәдік әңгімедей естіледі. Бірақ
олар дүниедегі ең бір пәтуалы сөзді орынды-орынсыз көп айтып, бәдік әңгімеге
айналдырып алғандарын өздері сезбейді. «Алауыздықты құртайық», «біздің
осы алакөздігіміз жаман» деп қақсап айта берсек, қақырап тұрған халық
бірлігі өзінен-өзі қалпына түсе қалатындай көреді» [6, 79]. Ә. Кекілбаев ел
билеушілердің қолынан елдің басын біріктіру келе бермейтін іс десе, Құнанбай
жиырма ауылды тырп еткізбей ұстады. Жиырма ауыл тұрмақ, жиырма адамның
басын біріктіре алмайтындар бар. Демек, Әуезовтің Құнанбай бейнесін
сомдауда қазақ ұлтының мүддесіне қатысты мақсаты болды.
194
195
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Тағы бір мысалға назар аударсақ: «Жүріп келе жатқан топ намаздағы
имамдай қып, аяңшыл торыны, зор денелі Құнанбайды алға салып келеді.
Бірен-саран жастардың аттарының басы оқыс ілгерілеп кетсе, қасындағы
үлкендері зекіп, күбір етіп: «Тарт! Шегін!» деп тойтарып тастайды» [5, 63].
Ырғызбайдың Құнанбайды қаншалықты сыйлап, алдынан кесе-көлденең
өтпегендерін осы мысад дәлелдейді. Жазушының «намаздағы имамдай»
деген теңеуі де көп нәрсені айтқызбай-ақ түсіндіреді. Имамның намазға
тұрған адамдардан білімі жоғары болатын болса, Құнанбайдың да қол
астындағыларынан көп артықшылықтары болғаны күдіксіз.
«Құнанбай кеп түскенше жапырлап сөйлеп, күлісіп, әзілдесіп жатқан
әйелдер Құнанбайға Майбасар кеп есік ашқанда жым-жырт бола қалды»
[5, 63]. Құнанбайдың тағы бір қырын көреміз: Құнанбайдың қасында кім
көрінген еркінси алмайды. Ол кез келген топтың сөзіне қосылып сөйлеп
кетіп, ыржалақтай салатын жеңілтек адам емес. Құнанбай бейнесінен
композициялық тұтастық байқаймыз.
Құнанбай бейнесінің әрі ұнамды, әрі ұнамсыз болып сомдалуынан
жазушының «өгіз де өлмесін, арба да сынбасын» мақалының керін келтіргенін
байқауға болады. Кеңестік идеология талабына да жарады, бүгінгі заманның
көзқарасына да сай келетін жақтары бар. Бұдан жазушының көрегендігін,
алыстан болжайтындығын аңғарамыз.
З. Қабдоловтың мына пікірі бүгінгі Құнанбай туралы пікірталас,
дау-дамайдың бәріне жауап деуге болады: «Мейлінше шыншыл суреткер
бұл образды мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай
палитрасындағы бір (қара) емес, бірнеше (ақ, көк, сары) бояуды қоса, қатар
жұмсап, түрлі-түсті табиғи кескінде, алдымен адам ретінде, барлық күнгей-
көлеңкесімен жан-жақты, толық, тұтас тұлғаландырған. Автор ұнамсыз
кейіпкер бойындағы ұнамды қасиеттерді күзеп не тонап әкетпейді, өзіне
береді, өзінде қалдырады» [7, 57]. Сондықтан да Құнанбайды оңай ғана
жағымсыз немесе жағымды деп кесіп айта алмайсың.
Эпопеядағы Құнанбай сөздері, іс-әрекеттері Қабдолов айтқан «бірнеше
бояу» қосындысы екенін дәлелдейді. Романның екінші кітабында Құнанбай
қажылықтан оралған соң Қаратайға сол сапары туралы әңгімелеп отырады.
«Құнанбай қолына тәсбихын алып, соны тарта отырып, «Мәдинеде кімдер
қабыры бар?» дегенге жауап айтты.
– Мәдинеде Рәсулалланың, хәзрәті Әбубәкір, Ғұмардың және
хәзрәті Фатиманың жатқан жайларын зиярат қылдым! – деді» [3,130].
Бұл есімдер – қазіргі кезде ислам дінінен хабары бар адамдар үшін аса
қадірлі есімдер. Әбубәкір, Ғұмар дегендердің көздері тірісінде жұмақпен
сүйіншіленген сахабалар екені барша мұсылман қауымына мәлім. Олардың
пайғамбарымызбен (ғ.с.) өткізген өмірлері өнеге боп есептеледі. Әуезов
осы мәліметті жайдан-жай келтіріп отырған жоқ. Осы романдағы дінге
қатысты атаулар, әңгімелерге қарағанда жазушының ислам дінін жетік
білетінін аңғарамыз. Өйткені ХХ ғасырдың басында ақын-жазушылардың
басым көпшілігі медреселерде білім алды. Әуезов бұл шығарманы жазған
кезде атеистік тәрбие әбден қалыптасып болған еді. Қажылыққа бару
деген көзден бұл-бұл ұшқан заман болатын. Мүмкін, «тағы да қажылыққа
баратын күн туар ма екен» деген арман жазушыда болды ма екен. Жазушы
Құнанбайдың қажылық сапары арқылы сол дәуірдегі қазақ ұлтының ислам
дінін ұстануындағы бет-бейнесін танытқан.
Тәкежанның ұлы Мақұлбай қайтыс болғандағы мына бір көрініске
назар аударсақ: «Жыласу арты Кішкене молданың зор, сұңғақ үнмен, бұхар
мақамымен бастап кеткен Құранына сайды. Құран оқу басталысымен,
Құнанбай басын төмен салып, мүлгіп, жалғыз көзін жұма түсті. Әлі жылауын
тоқтатып болмаған келіні жаққа сол қолымен ишарат жасап, «тоқтат»
дегендей етті. Қаражаннан жоғары отырған Айғыз, Қалиқалар Құнанбайдың
қимылын көре сала, келінге:
–Тоқта, Құранмен таласпа!» – десті [3,128]. Осында қазақтардың Құран
оқылып жатқанда жағаласуға болмайтынын білгендіктерін, Құранды қадір
тұтқандықтарын аңғарсақ, Құран оқудың бірнеше мақамы барын жазушының
«бұхар мақамы» дегенінен білеміз.
З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романында орыс жазушысы
Леоновтың Құнанбай туралы пікірі берілген: «Тірі пендеге бас имейтін
тәкаппар Леонов өмір мен өнер туралы түгесілмес философиясын тек
Әуезовпен ғана бөліспекке келеді.
Мұхтар Омарханович, Сіздің ақыл-ойыңызға, сыр-сезіміңізге суарылған
Құнанбай бейнесіндей ғажайып бейне сізге дейін бүкіл әлем әдебиетінде
жасалған жоқ, соны білесіз бе? Біз стандартқа айналдырған ұнамды кейіпкер,
ұнамсыз кейіпкер дегендер бар, қалай ойлайсыз: Құнанбай ұнамды ма,
ұнамсыз ба? Екеуінің шекарасын сіз қалай жойып жібердіңіз? Әлгі ұғымның
адамдарында спектрдың екі-ақ түрі – ақ бояу, қара бояу ғана бар. Ал сіз
басқа бояуларды қайдан тауып, қалай қосып жүрсіз? Құнанбайдың «адамның
құны не болса, міні де – сол!» дегені қандай терең философия!» [8, 48].
Қабдолов келтірген Леоновтың бұл сөздері де бүгінгі Құнанбай бейнесі
туралы әр түрлі пікірдің шешімі секілді. Қабдоловтың аяқталмай қалған
осы романында Әуезовтің «әдебиет ұлттың ұлылығын танытуы тиіс» деген
қағидасы келтірілген. Демек, Әуезов «Абай жолында» қазақ ұлтының жай
халық еместігін танытуды мұрат тұтқан. Сөз соңын Б.Майтанов пікірімен
аяқтағанды жөн көрдік: «Жазушы өмірдегі Құнанбайды зор етіп сомдамаса,
қор етіп пайымдаған жоқ» [2, 4].
196
197
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Ысқақұлы, Д. Әдеби сын тарихы / Д.Ысқақұлы. – Алматы : Таңбалы,
2012. – 580 б. – ISBN 978-601-06-1891-6
2 Майтанов, Б. Әуезов пен Құнанбайға ара ағайын қажет пе? // Қазақ
әдебиеті, 2000. – 21.04.
3 Әуезов, М. Абай жолы. Екінші кітап / М.Әуезов. – Алматы : Жазушы,
2004. – 432 б. – ISBN 9965-666-78-4
4 Абай. Энциклопедия / бас ред. Нұрғалиев, Р. Н. – Алматы : Атамұра,
1995. – 719 б. – ISBN 5-7667-2949-9
5 Әуезов, М. Абай жолы. Бірінші кітап / М.Әуезов. – Алматы : Жазушы,
2004. – 368 б. – ISBN 9965-666-59-8
6 Кекілбаев, Ә. Шығармалары. Бірінші том.Үркер/ Ә.Кекілбаев.
– Алматы : Жазушы, 2010. –352 б. – ISBN 978-601-200-263-8
7 Қабдолов, З. Көзқарас / З.Қабдолов. – Алматы : Рауан, 1996. – 253 б.
8 Қабдолов, З. Дана дидар / З.Қабдолов. – Астана : Астана полиграфия,
2009. – 384 б. – ISBN 978-601-254-071-0
Материал 28.11.14 баспаға түсті.
Р. М. Муталиева
1
, Б. К. Капасова
1
, Г. А. Жумабекова
2
Образ Кунанбая из романа «Путь Абая» М. Ауэзова в современном
восприятии
1
Павлодарский государственный
университет имени С. Торайгырова, г. Павлодар;
2
Казахский национальный университет
имени аль-Фараби, г. Алматы.
Материал поступил в редакцию 28.11.14.
R. M. Mutalyeva
1
, B. K. Kapasova
1
, G. A. ZHumabekova
2
The character of Kunanbay in the novel of M. Auesov «Abay’s Way» in
modern perception
1
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar;
2
al-Farabi kazakh National University, Almaty.
Material received on 28.11.14.
В данной статье рассматривается образ Кунанбая из романа
«Путь Абая» в современном восприятии.
The modern vision of Kunanbay image in «Abay’s Way» novel is
studied in this article.
ӘОЖ 398.2/574/
Б. С. Рахымов
ф.ғ.д., профессор, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қарағанды қ.
КЕҢІСТІКТІҢ ТАРИХИ ЖЫРЛАРДАҒЫ КӨРКЕМ
БЕРІЛІСІ
Мақалада тарихи поэмалардағы кеңістіктіктің көркем бейнесі
қарастырылады.
Кілтті сөздер: жер атаулары, эпос, жыраулар, поэзия,
көркемдік жиынтық, көркемдік талғам, сюжет, эпикалық дәстүр,
батырлық жыр, динамикалық қозғалыc, кеңістік.
Тарихи жырлар турасында пікір айтып, арнайы зерттеулер жасаған
ғалымдардың назарынан жырдағы кісі есімдері, жер атаулары қалыс қалмаған.
Кісі есімдері мен жер атаулары бойынша қуалай пікір білдіріліп, кейде оның
қисынсыз дәлелдеме болып шыққандығын білеміз. Егер бір ғана батырлық
эпостың бүкіл нұсқасын алдыңызға алып жайып тастап, жағрафиялық картаға
ондағы жер-су аттарын түсіріп көрсек, алғашқысындағы мен кейінгілері
сәйкес келіп жата ма екен. Бұлайша қарау – эпосты таза айна-қатесіз тарих
деп түсінушілік. Керек десеңіз жырау-жыршы дегенге күмән туғызып,
оның шығармашылығын жоққа шығару. Бұл мақсатта ең алдымен эпосты
жасаушылар кімдер, олардың шығармаларында жер-су атаулары қалай
көрініс тапқан, неліктен нақтылықтан гөрі шарттылыққа басым тұрады
деген сауалдарға жауап іздесек, іс оңға басуы мүмкін. Алсықа бармай-ақ,
XVIII ғасырдағы елім-жерім дегенді асқақ үніне қосқан, қазақ еліне есімдері
мәшһүр жыраулар поэзиясына үңіліп көрейік:
Кеше тоқыраулы судың бойынан,
Тоқал терек түбінен,
Ніл дарияның басынан,
Құмкент шәрінің қасынан,
Перінің қызы Перизаттан туған,
Қара Мерген атасы,
Сөзімнің жоқ қатасы
Кеше бұл тұрымтайдай ұл еді-ау,
Түркістанда тұр еді-ау,
Әбілмәмбет ағаңа
Қызметші жүрген ұл еді-ау [1].
(Абылайға арнаған Тәтіқара ақын арнауы).
198
199
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Баян Аула, Қызыл тау,
Абыралы, Шыңғыстау,
Қозы Маңырақ, қой Маңырақ
Арасы толған көп қалмақ,
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырды!
Ақ шәуліге қос тігіп
Ауыр қол жиып алдырдың [2].
(Үмбетей жыраудың Бөгенбай өліміне арнаған толғауы).
Асу салған, тас бұзып
Тарбағатай белінен,
Қол қондырған қос тігіп.
Борлы деген көлінен
Қалмақты шашқан шулатып
Ақшәулінің өрінен [3].
(Бұқар жыраудың Бөгенбай өлімін естіртуі).
Арту-арту бел келсе,
Атан тартар бүгіліп.
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар тігіліп [4].
Ақын-жыраулар мұрасынан бұндай сандаған шумақтарды тауып,
тізбектей беруге әбден болатыны түсінікті. Жырдағы шумақтар жыраулар
поэзиясындағы болмысты эстетикалық тұрғыдан қабылдаудың бір көрінісі.
Осы көрініс эпос табиғатына жат па, әлде ақиқат заңдылық па оған да жүгініп
көрейік:
Ніл дарияның басында,
Құмкент шәрі қолында.
Баба түкті Шашты Әзиз
Мені сонда тауып ап,
Едіге деп ат қойған да... [5]
(«Ер Едіге» - Ш. Уәлиханов жазып алған нұсқасы).
Асқар-асқар белдерден
Айдын шалқар көлдерден,
Қан сасыған жерлерден
Үмітін үзіп жол шекті [6].
(Қобыланды батыр. Марабай-Мергенбай нұсқасы).
Осындай салыстырулардың өзінен-ақ, жер-су жайындағы ұғым-
түсініктердің көркемдік жиынтығы эпос тіліне қалай түскені, оның себеп-
салдары жөнінде белгілі бір мәмілеге келуге болатын сияқты. Мәселе
жырды айтушы жырау-жыршылардың эпостағы қаһарманның мекенін,
жүріп өткен жолдарын білмегендіктен емес, көркемдік талғам тұрғысында
мейлінше кең ауқымды шығарманы шындыққа негіздеудегі көркемдік
жолды таңдауында жатыр. Егер жырау-жыршыда таңдау болмаса, батырлық
эпостағы қаһармандарымыз Алпамыс, Қобыланды т.б. жауға аттанған, одан
қайтқан жолдарындағы жер-су атаулары бірді-екіліден аспай, уақыт пен
кеңістік жағынан шектеліп қалар еді. Онда көлемді шығарма да тумайды.
Жырау мен жыршының құдіреті сонда, батырды елі мен жерін қорғаушы
ретінде тым ұзақ та, қауіп-қатерлі алыс сапарға аттандырады. Сондықтан
оның мекені жүріп өткен жолы, қайту сапары халық ұғымына сай жер
атауларымен берілуі тиіс. Батырлық іс ауыл арасындағы дау-жанжал емес,
жалпы халықтың мүддесінен туындайтын «ел шетіне жау келсе» аттаныспен
өлшенеді. Ендеше сол аттаныс сапары тым ұзақ жол. Ол жолдың өзен-көл,
тау-тас, шөлді-шөлейтсіз болмауы мүмкін бе?! Эпостағы жер атаулары
мен кісі есімдері көрсеткішімен кейіпкер әрекетінен бұрын немесе кейін
болған оқиғаларға тели салуда күмән туғызатыны бар. Эпостағы мұндай
олқылықтардың орнын толтыруға арналған еңбек ретінде, эпостанушы
Ш. Ыбыраевтың «Эпостың кеңістік концепциясы», «Кеңістіктің көркемдік
сипаты» турасындағы зерттеулерін орынды атау керек. Ғалым эпикалық
кеңістік турасында ізденістердің негізін екі түрлі мақсатқа бағындыруды
тұжырымдайды:
1. Жер-су, өзен-көл, тау-тас, елді-елсіз жер атауларының эпостағы
жиынтығы және олардың тарихи негіздері, нақтылы жағрафиялық және
эпикалық атаулардың бір-біріне сәйкестігі, осы арқылы тарихтың эпостағы
көрінісін анықтау мәселелері.
2. Кеңістік ұғымдарының эпос поэтикасының дәстүріне бағындырылған
сыр-сипаты, уақытпен өрелесуі, кейіпкерлер іс-әрекетімен және сюжеттік
ситуациямен байланысы, мерзімі жағынан түрлі оқиғалардың дәстүрлі
эпикалық кеңістікке телінуі [7]. Осы екі мақсатқа байланысты мұнда
батырлық жырлардағы кездесетін жер-су атаулары, оның тарихқа қарым-
қатынасы, шындықты игерудегі эпикалық дәстүрдің ықпалына байланысты
назар аударатын құнды пікірлер бар екені даусыз. Осы мақсатта өзіміз сөз
етіп отырған – тарихи эпостағы эпикалық кеңістік жайында қарастырып,
одан бұрынғы қаһармандық эпостан ерекшелігі бар ма, бар болса, оның
себебін анықтау да елеусіз іс емес. Бұл бағытта дәуір және дәстүр мәселелері
назардан тыс қалмайды.
Эпикалық шығарманы жырлаушы көлемді дүние жасауда қаһарманның
өмірбаянын реалды өмірге жақындатуы керек. Сондықтан шығармада уақыт
пен кеңістік ұғымдары дәуірге тән өлшемдермен сараланып, эпикалық
дәстүр арқылы бір-бірімен өрелесуі тиіс. Өйткені эпикалық дәстүр ақын-
жыраулардың шығармашылығындағы асқан шеберлік көрсеткішінің
тұрақталған жүйесі. Кеңістік жайындағы ізденістерімізді тек қана жырдағы
|