«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет169/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
159 
қарапайым сөздер, этнографизмдер мен этнонимдер, фразеологизмдер, топонимдер, 
түсінігі қиын сөздер болып кең қамтылып, сараланған. 
«Жолдастар», «Бадырақ» романдары мен поэзиялық шығармаларының негізі қазақ 
халқы өміріндегі қарама-қайшылығы мен жаңалығы мол жылдарды қамтығандықтан, 
қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі кезеңдегі халық тіліндегі тілдік бірліктермен қоса, 
кезінде актив лексика құрамында жұмсалған, заман өзгерісіне байланысты көнерген 
сөздер қатарына өткен лексемалар аталған шығармаларда кездесіп отырады [1, 12].
Автор тарихи кезеңді қамтыған шығарманың өзіне тән ерекшелігінің бірі көнерген 
сөздердің болуы керек екендігін атап көрсетіп, келешекте кең қамтылған І.Жансүгіров тілі 
сөздігінің мол қорын түзетін көнерген сөздерді қолданыс аясына қарай мағыналық 
топтарға бөліп отырып, ғылыми-тілдік айналымға алып шығады. 
Қазақ тұрмысындағы ескі киім атаулары, сол тұстағы шен, билік, тұрмыстық зат 
атаулары, кәсіпке қатысты атаулар, т.б. ақын өмір сүрген дәуір ақиқатын көркемдік 
кеңістікте ашудағы таптырмас тілдік фактілер мәнінде сараланады. 
Өтпелі, өзгермелі өмір нышандарын таңбалап, уақыттың ізін тастап кетіп 
отырудағы ұлттың сөз өнерінің бай тәжірибесін, ұтқыр тәсілдерін Ілиястың мейілінше 
ұқсатып, оңтайлы пайдаланып отырғандығы нақтылы тілдік қолданыстар арқауында жан-
жақты айғақталып, ашыла түсіп отырған. 
Қат-қабат саяси мазмұн түзген күрделі уақыттағы әлеуметтік топтардың тіршілік 
мазмұны тілдік, сөздік қорға, оның толығып, молығуына байып, дамуына; шұбарланып, 
түрленуіне ұдайы ықпалын тигізіп отыруы - тіл тарихындағы елеулі фактор. Осы тұрғыда 
зерттеуші І. Жансүгіров шығармашылығын тілдік қор, қолданыс бағытында ыждаһатпен 
зерделеп, қыруар қиын шаруаны атқарған. 
Ілиястың тіл қолданыс шеберлігі, сөз таңдау, сөз тапқыш суреткерлігі осындай 
нақтылы сөз үйірімдерінде өз бағасын көтеріп кетіп отырғандығы тілдік талқының оңай 
алдырмас жұмыс екендігі тұрғысынан келгенде, көңіл көншітеді. 
Қоршаған хан қасында қошеметші, 
Даяшы
, төлеңгіті, би, 
жендеті.
Ауылы Бақанастың өлкесінде, 
Арқадан Алатауға ауған беті. 
(«Күйші») 
Монографиядағы көнерген сөздердің мағынасы тарқатылып ұғындырылып, 
этимологиялық сөздік түзіп отыру дағдысын автор лексикалық құрамды тұтас 
қарастыруында жалықпай жалғап отырған. 
Зерттеу жүйесінде ғалым дағдылы жөндерді тасалап жазуға бой алдырмайды, 
өзіндік ғылыми еркіндікпен тілдік тұлғаны танытып, ашуға ден қояды. 
Әр 
сөздің 
қолданыс 
аясын 
ыждаһатпен 
тиянақтауындағы 
ғылыми
тындырымдылық көзге ұрады.
Ана тіліміз жадап-жүдеп бара жатқан қазіргі кезеңде осындай жанашыр, тілдік 
зерттеулердің орны бөлек. Автордың тіл білімінің, тіл тарихының кірпияз мәселелеріне 
зер салуы мәнді. 
«Тілімізде қолданысқа енген кезеңдері беймәлім сөздерді төл сөзімізден ажырата 
алмайтын деңгейге жеттік. Назар салып көрелік: нан, ақыл, айқын, қиял, құмар, тұмар, 
мал, жын, халық, апта...» [1, 29]. 
«Белгілі бір дәуірдің тілдік сипатының айқындалуына сол дәуірдің ірі тұлғасы 
ретінде Шәкәрім өз шығармалары арқылы үлесін қосып, әдеби тілдің дамуына, оның 
эволюциялық қырымен танылуына қызмет етті» [3, 107]. 
Тілдік тұлғалар, идиостиль бағытындағы зерттеу кеңістігінде тілдік нормалардың 
кезеңдік сипаты туралы кеңірек тоқталып, сәйкес тұжырым жасауға мүмкіндік туды. 
Қ.Сарбасова зерттеуінде сөз қолданыстағы ақындық дара тәсілдер мол 
мысалдармен келтіріліп отырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет