«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет177/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   321
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
167 
оң-солын аңлай бастаған соғыстан соңғы жылдарда қалды. Ел ұланы расымен де, ол 
уақыттарда жұпыны киінсе де жұтынып тұрған біртүрлі келбетті еді. 
Өмір жазығында кинодағы қым-қуыттар далада қалатындай небір шарпысулар, 
шайқастар өтеді. Жасөспірім Шеген үшін Бүбішке қатысты оқиғалар ертегінің 
дюларының араласуымен өткендей бір қым-қуыт сынау сәттер болды. 
"Дүние маған, мен дүниеге қажетсіз болып қалғандаймыз" деп түңілген. Күйзеліс. 
Жауаптасу. Арылу. Өмірде болды. Болатын. Бола беретін де шығар. Шеген мен Бүбіш 
кезінде қанша жанды өздерімен қоса толқытты. Қазірде толқытады. Келешекте де...? 
Ендігі "Қозы Көрпеш-Баян Сұлуды" оқымайтын, оқымаған соң толқымайтын жас 
буын қауіп ойлатады. Өмір сүру даналығымен суарылған «Бір өкініш, бір үміт» қымбат, 
қимас жандар бірін бірі қайрайды, қорғайды, қолдайды, демеп, сүйейді. Пендешіліктен 
жоғары тұлғалар әр халық, әр ұлтта да бар болды. Құпиясы көп тәтті өмірдің бар сәтіне 
маңыз беріп, құнттап, әр қадамын аңдап басып қадіріне жетуде қазақтан артылған дәнеңе 
қалмаған сияқты кейде. 
Қуанышты рәсімдер өз алдына, қазаның жолын қастерлеу өнегесі де бөлек-ау 
қазақтың. Бәтжан ана қайтыс болғандағы қызы Кәмештің айтқан жоқтауы, Жәмиханның 
дауыс салып келіп көріскендегі жылдар бойғы құрмет-аңсары сай-сүйегіңді сырқыратар 
еді; бір түрлі кенелтіп, жеңілдетіп кетер еді. Шығармаларында Жетісудың жер мекендерін 
жылдың әр мезгіліндегі жаратылыс сәнімен талмай жазған жазушының ендігі ұрпақ та 
бауырын төсеп көкмайсасына аунап өсер, табанын басып тасынан қуат алар киелі өлкенің 
тарих талқысынан аман-есен сақталып жеткен құндылығын бірі – жер-су атауларын 
жадыға сіңіре түсуі. 
Қастерлеп қадірін білуге баулуы. Баркөрнеу, Көкжота, Ақжазық, Аралтөбе, 
Алтынемел, Қапал, Іле, ... - таусылмастай байлық, қордаланған қазына... 
Бексұлтан Нұржеке-ұлының туған ел, туған жер, ондағы тұғырлы, киелі 
құбылыстар ауқымында ізгілік нұры шуақ шашқан шығармалар шоғыры ортақ олжамыз, 
ортаймас құндылықтарымыздың рухани дәйек, дерегі. 
Жүздеген жылдар күні біреуге қараған жұттың рухани тұнығы шайқалды. 
Әлеуметтік тұғыры былқылдап, солқылдап жатты. Қазақ атты өр ел біртіндеп өз туған, 
бабалары тұрған мекенінде жарылқанып өмір сүру игілігінен қақпайланып, ығыстырылды. 
Герольд Бельгер ағамыз кейде күйін кетіп, қазақ романдарын батырлар мен 
билердің қаптап кеткеніне тиісетін. Ұлттық жадтың өтіп кеткен өмірлердегі бірі түйреп, 
бірі бүйірлеп соғып, жаймашуақ бітім, бірлік сөзімен иіп, баршасының көкейіндегі 
тұтасып елдік мұраттарға тізгін ұстататын бұрынғылардың өнегесін көксейтіндігінен 
туындаған шығармадағы жаппай шешендік, жаппай көсемдік көркемдік шеберлік 
тұрғысынан басқалар қалыптаған шеңберлерге сыйыспай жатқанымен, қазақ баласына 
ендігі технологиялар заманында даналық дәстүрдің ұмыт болған технологиясы мәнінде 
расымен де, тым бағалы. 
Бексұлтан Нұржеке-ұлы "Күтуімен өткен ғұмыр", «Жау жағадан алғанда», «Әй, 
дүние-ай» романдарында қатыгез отарлық езгі тұншықтырған тұтас бір өркениет 
тарихындағы кісілік қақы тапталған тағдырларды өмір фактілерінің шынайылық қалпын 
төгіп- шашпай көркемдік тұтастыққа сіңірді. 
Жазушы романдарындағы орталық тұлғалар, қосалқы кейіпкерлер адамзат тарихындағы 
жоғалып кеткен өлшеусіз құндылықтардың жоқтаушысы, сақтаушысы мәніндегі 
сапасымен қымбат көрінеді. 
Қазақ болмысы дегенде көбіне есіме жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлының өмір 
өзегінен алынып жазылған шығармалары түсетін болды. Жас ұлғайғанда қайта 
оқығанымда оның әңгіме, ұзақ әңгімелерінен жастау кезімде кітапты қыз бен жігіттің 
уақиғасын іздеп, қуалай оқу дағдыммен, басқа тұсын оқып тауыссам да ұғынып сіңіре 
қоймаған бір өзгеше дүниелерді сезініп, жоғымды тапқандай қуанғанмын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет