«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет171/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
161 
«Ашуы әбден жеткен қымыз кәрлен кеселерде майлы тоқашпен ішіліп, шекелерден 
терді шып-шып шығарады. Өзі бұрынан құрсақты молда іші кеңіген сайын айы 
жақындаған әйелдей айналып отыра алмай, тек сүйретіліп отыр. 
Ыңқ-ыңқ етеді
» (Ж) [1, 17]. 
Монография нақты мысал, талдау, түйін-тоқтамдармен, күрделі тілдік қитұрқыларды 
тізгіндеп отырып, ықшам, ұғынықты ғылыми стильде жазылған. 
«Өлең жолдарындағы қайталаулар әсерінен өзіне сенімді, еңсесі көтеріңкі лирикалық 
кейіпкер көз алдыңа «көлбеңдейді». Көбіне етістіктен жасалған инверсиялық қайталаулар іс-
қимылдың созылыңқылығын білдіреді. Ал Ілияс қайталаудың бұл түрін қарқын, екпін үшін, 
қуаныш эмоциясын баса көрсету үшін үдете қолданады» [1, 180]. 
Ілияс шығармашылығындағы сөзжасам, окказионал айшықтаулар бағытында 
жалықпай зерттеу жүргізілуі қаламгердің тілдік тұлғалық тұғырын негіздей түскен. 
«Ілияс Жансүгіров – жаңа сөз, сөз тіркестерін жасаудың шебері. Олардың қатарында 
окказионал теңеулер де молынан кездеседі. Окказионал теңеулер – автордың қолданысында 
ғана кездесетін, өз қаламынан туындаған теңеулер. Мысалы: «Шына аяққа 
тауықтың 
қанындай
жұқтырып, түйенің сүтін қатып күрең бұйралап шұбар Шәлипан шәй құйды». Осы 
сөйлемдегі «
тауықтың қанындай
» теңеуі – автордың жеке қолданысы. Кез-келген үйдің түйе 
сүтін шайға қата бермейтінін, қатса, аса ұқыптылық, аз-аздан, 
тауықтың қанындай
ғана, 
үнеммен жұмсайтындығын және Шәлипанның сараңдығын да астарлап жеткізу үшін 
қолданылған теңеулер. «Ыбырайым қымызды көп ішкендіктен бет-аузы кер сиырдың 
желініндей қып-қызыл боп кеткен».... «Олар жұрт көңілін 
сабадай пісіп, айрандай ұйытады

Махмұт суға түскен 
пробкедей
ырғып, 
шегірткедей
ыршып, алыптың қолына түсе қоймады» 
(Ж) [1, 155].Авторлық эпитеттік теңеулерге 
шым күміс тұрман сияқты, кептірген балықтай
бұзаубас молдаша, қашаған құлындай, ит кемірген асықтай, тұз түйген келсаптай, суалған 
шыңыраудай,
т.с.с. теңеулерге де (окказионал) барынша мол мысалдар орынды келтіріліп 
отырады. 
Ілиястың бейнелеу тіліндегі басым тұғыр халықтық негізге мән беріледі.Қилы сөз 
жарату амалдарының ғылыми-теориялық айқындамалары назарға алынып отырады.Тілдік 
тұлғаның қаламгерлік ұстаным, қаламгерлік суреткерлік арқауындағы ұлттық мүдде, 
ұлтжандылық, ел иесі, тіл жанашыры мәніндегі тоғысқан тұтастық тұрғысында тың тоқтамдар 
жасалады. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Сарбасова Қ.Б. І.Жансүгіров шығармаларының тілі: монография. –Талдықорған,2017. – 190 б. 
2. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі (монография). – Алматы: Санат, 1995. – 208б
З. Момынова Б. Шәкәрім поэзиясының тілі (лексика-функциональды ракрус). – Алматы: 
Арыс, 2008. – 256 б. 
4. Салқынбай А. Шаһкәрім шыққан шың. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 213 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет