«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет172/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

 
ӘОЖ 541.124 
 
БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕҰЛЫНЫҢ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ӘЛЕУЕТІ 
 
Мадибаева К.К.
, ф.ғ.д. профессор
 
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Алматы қаласы 
Мұхамади Қ.Қ.
, ф.ғ.к. профессор
 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы қаласы 
E-mail: 
кapi-51@mail.ru
 
 
Мақалада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері белгілі 
жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы туындылары тұлға әлеуеті мәселесі сөз болады. 
Тірек сөздер: әдеби үрдіс, рухани ұстам

шеберлік машығы, көркемдік әлеует,
эстетикалық мұрат. 


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
162 
В статье рассматривается вопрос личностного потенциала произведений 
известного писателя Бексултана Нуржеке-улы, лауреата Государственной премии 
Республики Казахстан. 
Ключевые 
слова: 
литературный 
процесс, 
духовность, 
мастерство, 
художественный потенциал. 
 
The article deals with the issue of the personal potential of the works of the famous writer 
Beksultan Nurzheke-uly, laureate of the State Prize of the Republic of Kazakhstan. 
Key words: literary process, spirituality, mastery, artistic potential. 
Қазіргі қазақ прозасының даму бағыттарында Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік сыйлығының иегері белгілі жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы есімі елеулі. 
Жазушы туындылары қолдан-қолға өтіп оқылатын, қолдан түспей оқылатын, ой 
қозғайтын, әсер туғызатын аса шынайы әрі көркем жазылған кәделі шығармалар есебінде 
танылды, бағаланды. 
Әрине, әдеби үдерісті қалт жібермей қалпынша кәделеп отыратын сыншылдық 
ұстанымдар қилы себептерден тұтас ағысын бәсеңдеткен кезеңдерде осыған қарамастан 
оқушысын рухани байытып, жанын түлеткен, жазу бағытындағы даралық нышандары 
жалт қаратқандай жекелеген қаламгеріміздің шығармашылыққа қатысты ойлы 
бағдарларды өзіне тиесілі сөзден кенде қалғандары да болды. 
Белгілі жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлының прозасы, соның ішінде қазіргі қазақ 
романының жанрлық бағыттарын байытып отырған «Күтумен өткен ғұмыр», «Бір өкініш, 
бір үміт», «Жау жағадан алғанда», «Ерлі-зайыптылар», «Әй, дүние-ай» романдары туралы 
қаламгердің жазудағы азаматтық ұстаным, кісілік мұраттары; шығармадағы ұлттық, 
отаншылдық арқау; рухани ұстам, қажыр, көркемдеу, шеберлік машығы, т.б. арналы 
негіздер тұрғысында тұтас таным қалыптастыру бағытында арнайы ой қозғаудың бірнеше 
мәнде қажеттілігі бар. 
Әлемнің ендігі дамуы ұсынып отырған адаспай тауып таңдауға ғана міндеттейтін 
түбегейлі мүдделер бағытында жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы шығармаларында тұнған 
жалпыадамзаттық құнар, ұлттық бітімдегі құнды қасиеттер, ел мен жер мүддесін қоздатар 
отансүйгіштік баянды аңсар, тұлға тағдырының тұңғиық иірімдері түзіп отырған, рухани 
әлеует тұрғасында мақсатты, жүйелі ғылыми негізде жинақтап, айқындап, саралаудың 
жалпы қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік әлеуетін тұтас мазмұнда тануда өзіндік үлес-
салмағы бар. Адам әлемін әр қалыпта, қилы қысылтаяң сынақ шақтарда, ой үстінде, 
әрекет үстінде алып отырып ашудың әлемдік әдеби үдерісте орныққан, үздіксіз жаңа 
бағыттарын қалыптастырып отыратын шығармашылық әуре-сарсаңның авторлық даралық 
ауқымында тағы да сан түрлі бағыт түзіп, тармақталып кете баратын, сол негізде 
сұлбаланып, тұлғаланып, түзілетін өзіндік қолтаңба, жазу машығы тұрғысында жазушы 
Бексұлтан Нұржеке-ұлы шығармашылығы бойынша ой қорыту несімен маңызды? 
Әдеби шығарма төңірегінде көркем туынды, өмірлік арқау, адам тұлғасы мәнінде 
таусылмайтын, тарқатылып кете беретін тіршіліктің өзіндей шексіз-шетсіз, түпсіз 
көркемдік тұғыр, ұстаным, шешім аумағында ой қозғалып отыруы рухани танымды өлі,
өткен шаққа айналудан сақтайды, жадыда жаңғырған жаңашыл таным сәулелері тұла-
бойы әсершілдік ауанымен діріл қаққан, әлденеге әрдайым ынтық аңсармен үміт артып 
жүретін адам баласын шалқытады, марқайтады, өмір құштарлығын сарқып алудан 
сақтайтын сенім ұялатады. Шығармашылық өнердің қиын жазу бағыттары қалыптасқан
сан мәрте талқыға тартылып, құндылық, мәнділігі бағаланып, сараланған. 
Бексұлтан Нұржеке-ұлының жазу бағытында дара сипаттар айқын. Жазу өнеріндегі 
он-сан тәсілдің жазушы қайсысына бейім деген сауал көкейде тұрады. Көркемдік-
эстетикалық арқаулар туралы қай дәуірде қисындалғандығына қарамастан қашанда да 
өнім бере-беретін дәнегімен кәделі зерттеулер бар. Осы бағытта айқындала түсіп 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет