«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет58/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
56 
үлкен мәнi бар. Жазушы үшін айтылатын ойдың мазмұнына байланысты тiлдiк 
құралдарды сұрыптап қолдану заңдылықтарының, сөз арқылы жеткiзiлетiн ой мен оның 
мазмұнының арасында тығыз байланыстылықтың мәні зор. Ішкі эмоцияны сөзбен берудің 
жазушы үшін табиғи қасиет екендігін «Жусан иісі» повесінен аңғаруға болады: 
Ол өте ақ 
көңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де тез 
көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Ең жақсы қасиеті - ешкіммен 
төбелесіп, сөзге келмейтіндігі еді 
(Жусан иісі). 
Ойлау нәтижесі тiл арқылы бейнеленедi. Сондықтан ауызша не жазбаша түрде 
айтылатын ойдың түсiнiктi, нақтылы болуына айрықша көңiл бөлiп, оның мазмұнын дәл 
бере алатын тiлдiк құралдарды сұрыптап қолдана бiлудiң маңызы зор. Көркем шығармада 
тiлдiк тәсiлдер көркемдiк мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиi қолданы-лады. Әр 
жазушының өзiнiң талғамына қарай тiл ерекшелiгi, қолдану тәсiлi болады. Ол 
ерекшелiктердiң бәрi бiр-бiрiмен ара қатынаста болып, көркем шығарманың 
қайталанбайтын, айрықша ерекшелігін жасайды. Көркем әдебиет – ойды және сезiмдi 
образ арқылы бейне-лейтiн айрықша өнер. «Жусан иісі» повесінде жазушы қуаныштан 
жүрегі алып ұшқан Аянның эмоциясын ерекше шабытпен суреттеген. Төмендегі екі 
мәтінге назар аударайық: 
1. - Мә, Аян, сен бір жол теуіп кел, - деп шанамды бердім. Қуанғанынан ол езуін 
жия алмай ыржия күліп кеп шанаға отырды да:
- Ал кім менімен жарысады! - деп айқайлап еңіске қарай зулата жөнелді.
2. 
Аян да енді бұрынғысындай шанаға отырғанына қуана даурықпайтын. 
Қызараңдай күлімсіреп кеп шананы қолыңнан именшектеп алатын да, бір сырғанап кеп 
қолыңа беретін». 
Екі мәтін де бір ойды жеткізіп тұрғанымен екеуінің арасындағы 
айырмашылық жер мен көктей. Егер біз бірінші мәтіннен шынайы қуанышты көрсек, 
екінші мәтіннен аса бір қуанышты емес, көңілсіз кұлкіні көреміз. 
Көркем шығармаларда адамның эмоциясын білдірудің негізгі тәсілі – 
эмоционалды-экспрессивті лексиканы қолдану. Алайда эмоцияны беру, суреттеу, 
кейіпкердің эмоциялық жағдайын оқырманға да сезіндіру, дәл сол сәтті, сол жағдайды 
суреттеген мәтіннің қуат-тылығы жазушының ой зерделілігі мен тіл байлығына, 
шеберлігіне байланысты. Талғамсыз қолданылған сөздерден оқырман жанының терең 
тебіреніс алуы, лайықты әсер алуы мүмкін емес. Кейіпкердің көңіл-күйін, ішкі 
толғанысын беруде, шебер салынған суреттегі бояулардың тілі мен әсері сияқты, көркем 
шығармадағы сөздер де қажетті мағыналық бояуды бере алатындай болуы тиіс. «Жусан 
иісі» повесінде эмоциялық суретті беруі: 
Күні бойы Ешкіөлместің күнгейінде жайылған 
мал ешкім қайырмаса да бір ізбен шұбырып ауылға қайтқан. Кенет бүкіл ауылды шулыға 
шыққан ащы дауыстар селт еткізді. Төбе құйқаны шымырлатып жоқтау айтқан 
дауыстар. Аянның үйінен шығып жатыр. 
Мәтінде эмоция – қорқу, үрей. Осы эмоцияның 
бәрі мәтінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет