Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
53
шынайылығымен ерекшеленеді. Повестегі кейіпкерге қатысты төл сөздер біртектес емес.
Кейбір тұстарында классикалық әдеби тілде сөйлеу үлгілері сақтала бермейді. Бұл кезде
кейіпкерлердің ішкі және сыртқы дүниелері жан-жақты, еркін сөйлейтін, шынайы
өмірдегі, тіршіліктегі қалыптарында танылады. Повесте кейіпкерлердің
эмоцияға толы
субъективтік сөйлеу үлгілері, монологтары орын алады. Мәселен, повест автордың өзі
кейпінде 8-9 жас шамасындағы бала атынан баяндалады. Шығармадағы оқиғаны
баяндаушы кейіпкерлер жазушының «Менінің» поэтикалық бейнесі ретінде көрінеді. Бұл
туындыларда автор мен кейіпкер сөзінің құрылымы жақын болып келеді. Жақындық
шығарма мазмұнының баяндалуында ауызекі сөйлеу элементтерінің қолданылып, ауызекі
тілдің экспрессивтік синтаксис құралдарының молынан ұшырасуынан байқалады.
«Жусан иісі» повесіндегі кейіпкердің сөйлеу мәнері автор сөзінің құрамында
экспрессивті-эмоционалды лексиканың қолданылуы бірнеше мақсатта жұмсалады.
Олар:
1) Мәтіннің композициялық
сөйлеу формалары баяндау, суреттеу, пайымдау
сияқты түрлерін түзуде кеңінен қолданылады.
2) Кейіпкердің портретін жасауда көркемдік құрал ретінде кеңінен қолданылады.
Повестегі экспрессивті-эмоционалды сөздердің қолданылу еркешеліктерін
жоғарыда аталған мақсаттар бойынша талдап көрсеттік. Мәтіннің композициялық сөйлеу
түрлерінінің бірі – баяндау мәтіндерін түзуде кеңінен қолданылуы мүмкін. Мысалы,
«Жабайы алма» повесіндегі «Байдалы шал айтыпты» деген сөзде ақыл-ой, білігі автордың
беруінде кейіпкерлердің төл сөздері арқылы шынайы көрініс тапқан:
− Е-е, құдай басқа
салған соң көнбеске шараң не. Темірім тұрса келмек түгілі аяғын қия басар ма еді! — деді
кемпір көзіне жас алып, ауыр күрсіне
(Жусан иісі).
Біз, балалар, көзіміз атыздай боп,
аузымыздағы әлгінде ғана Көбеген үлестірген қанттың дәмін де ұмытып, үрейлене қарап
қаппыз
(Жусан иісі).
Есікбай - сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын,
жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді
(Жусан иісі).
Баяндау мәтіндеріндегі автор тілінде берілген «көзіне жас алып», «кепкен шалдар»,
«кебісті кәмөнестер», «жанын жағасынан алу» эмоционалды-экспрессивті лексикаға
негізделген тіркестер автордың кейіпкерлеріне деген бағалауыштық, сыни көзқарасын
білдіреді. Ал «көзі атыздай болу», «қайыстай қатқан» кейіпкерді бейнелеу мақсатта
жұмсалған,
поэтикалықтан гөрі, ауызекі сөйлеу стиліне көп жақын бұл тілдік құралдар
сөйлеушінің хабарға өзіндік бағасын да жеткізіп отырады. Автор сөзі мен төл сөздің
үйлесіп келуі, автор сөзінде есімшелі оралымдардың, анықтауыштардың болуы,
грамматикалық құрылымдармен күрделеніп келуі, тұрақты
сөз тіркестері кейіпкердің
суретін жандандырып, бейнесін аша түседі.
Достарыңызбен бөлісу: