«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет75/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
70 
оқушыларға үлгі болуы қажет мұғалімнің өзі жақсы сөйлеу техникасына ие болуы, оны 
үнемі жетілдіріп отыруы және осы бағытта оқушылармен мақсатты, жүйелі жұмыс 
жүргізуі керек. Көп жағдайда тыныс алуды, дикцияны және дауысты бір уақытта 
жаттықтыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды қолданған жөн.
Оқушы кем дегенде төрт шумақты өлеңді мәнерлеп оқу үшін оқылғанның мазмұны 
туралы ойланып қана қоймай, мәнерлеп оқудың негізгі әдістері мен тәсілдерін біліп
игеруі керек. Егер оқушыға мәнерлеп оқу техникасы мұғалім тарапынан үйретілмесе, одан 
нұсқаулар мен талаптардың дұрыс орындалуын күтуге болмайды. Мұғалім оқушыны 
қалай жетелеп бағыттаса, ол да солай дағдыланады. Бүгінгі күні жеке дыбыстар мен 
дыбыстық тіркестерді айтуға арналған жаттығуларды қолдану өте маңызды. 
Оқушылардың есту қабілетін және жақсы дикцияны қалыптастыруға арналған көптеген 
жаттығулар ішінде жаңылтпаштарды айрықша атап кетуге болады.
Педагог, эстетикалық тәрбие саласындағы маман Е.В.Язовицкий оқушының 
туындыны оқу іс-әрекетіне келесідей сипаттама береді: «Получив задание, учащиеся 
должны, прежде всего, несколько раз прочитать стихотворение, рассказ или отрывок, 
выяснить основную мысль автора, определить главную цель чтения и сквозное действие, 
направленное на ее воплощение, должны нарисовать в своем воображении предлагаемые 
автором обстоятельства и постараться оживить их при помощи своих собственных 
видений и ассоциаций» [4, 74]. Мәнерлеп оқытудың бастапқы кезеңінде қалай оқуды 
көрсету - ең тиімді жұмыс әдісі. Мәнерлеп оқудың мақсаты оқушыларға «дайын» 
интонацияға еліктеу емес, олардың қиялында тірі суреттерді, сезімдерін ояту. Мәнерлеп 
оқу мұғалімнің поэзиялық шығарманы үлгілі оқуына негізделеді. Ұстаздың осы қызметі 
туралы айтатын болсақ, Е.В.Язовицкий мұғалімнің өзі ең алдымен оқырман, баяндаушы 
және актер емес екенін ұмытпауы керек, оның басты міндеті - оқушыларымен 
шығармамен жұмыс жасау кезінде пайда болған ойларымен және алған әсерлерімен 
бөлісу. Алайда, мұғалім кейбір оқушыларға «қайталап мәнерлеп оқу» тән екенін 
ұмытпауы керек, жақсы есту қабілеті бар оқушылар айтылған сөз тіркестерінің мағынасын 
ойламай, мұғалім қолданатын интонациялық үлгіні дәл көшіруі мүмкін. Кейде 
шығарманы жақсы түсінген оқушы оны бір сарында, тыныш оқиды, интонацияны 
экспрессивтілік құралы ретінде пайдаланбайды. Бұл оның шамадан тыс ұялшақтығы мен 
өз-өзіне сенімсіздігінен болады. Ал мәнерлеп оқи білетін оқушылар поэзиялық 
шығарманы логикалық, грамматикалық үзілістер жасап, қажетті интонацияны таба 
отырып, жеткілікті дауыстап, анық оқу қабілетімен ерекшеленеді. Кейде жылау керек 
жерде балалар күледі немесе бейжай қалады, қандай сезімді сезінетінін айта алмайды, 
себебі олардың «эмоционалды тәжірибесі» аз, бағалау лексикасы жеткіліксіз. Сондықтан 
оқушыдан өлеңді мәнерлеп оқуды сұрамас бұрын, оның тақырыбын, негізгі мазмұны мен 
мағынасын түсінгеніне, автор өз шығармасында айтқан сезімдеріне еніп, оқиғаларды 
бастан кешіргеніне, өзін кейіпкердің орнына қоя білгеніне көз жеткізу қажет.
Туындыларында биік эстетикалық ұстанымды ұстанған Абай атамыз «Жұртым-ай, 
шалқақтамай сөзге түсін, ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін» деген жолдар арқылы 
поэзияның күрделі ішкі құрылымы мен стильдік бітіміне үңілуге, баса назар аударуға 
үндейді. Оқушыларды мұғалім поэзиялық шығарманы үстірт оқумен шектеліп, мазмұны 
мен формасының үндестігін, ойы мен өрнегінің тұтастығын жай сөзбен баяндап, хабарлап 
қана түсіндіру арқылы емес, оқушылардың өздеріне негізгі ой түйінін тапқызып, 
ондағы кейіпкер тағдырына ортақтасып, жаңа тақырып мазмұнын игеруде сөзбен жұмыс 
жасау, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көркемдік деңгейі мен сөз астарын аңғарта 
білу, өз ойын еркін әрі ашық, логикалық бірізділікпен айту, ақынның ұстанған бағытын 
танып, басқа авторлармен салыстыра отырып, стилі мен шеберлігіне, сомдалған 
кейіпкерлерге, сюжетке баға беруге машықтандыру секілді жұмыстар жасап қызықтыра 
алады. Қазіргі уақытта білім беру саласын цифрландыру болашақ ұрпақты оқыту мен 
даярлау сапасына қоятын талаптарынан туындап отырғандықтан, оқыту процесіне 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет