«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 69
ой қалдырған. Мұғалім алдында оқушылардың тілдік тәсілдерді, сөз шеберлігін орнымен
қолдана білу қабілетін, көркем сөйлеу мәнері мен мәдениетін, сөйлеу дағдысын
қалыптастыру арқылы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған өскелең ұрпаққа
берілетін сапалы білім мен саналы тәрбиені бұдан әрі жетілдіру міндеті тұр.
Үздік сөз шеберлері, ақындардың шығармалары бойынша дұрыс жұмыс
жасаудың маңызы зор. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, ойланып оқуға, автордың
бейнелер арқылы білдіретін ойларын түсінуге үйретеді. Шығарма бойынша сауатты
жұмыс оқушылардың сөздік қорын байытады, әдеби тіл мен әр түрлі көркемдік техниканы
меңгеру қабілетін дамытады. Поэзиялық шығарма авторының тіл шеберлігіне көңіл бөле
отырып, оқушыларға әсер ету, оларды сөз құдыретін сезінуге баулу, туындыны сөйлету
күрделі әрекеттің бірі - шығарманы мәнерлеп оқудан басталады. Мәнерлеп оқуды үйрету -
сабақтың барлық кезеңдеріне енетін күрделі процесс, өйткені ол ақын туындысын
қабылдауға дайындықпен, поэзиялық шығармамен алғашқы танысумен және еңбек
идеясымен жұмыс жасаумен анықталады. Автордың ойларын анық және дұрыс жеткізу –
мәнерлеп оқудың бірінші міндеті. Шығармадағы сөздер мен олардың өзара байланысы
арқылы логикалық экспрессивтілік ақын сезімінің нақты берілуін қамтамасыз етеді. Ол
әрқашан автордың өзі бейнелейтін өмір құбылыстарына қатынасын, құбылыстарды
бағалауын, эмоционалды түсінуін қамтиды. Мәнерлеп оқуды дамытуда интонациямен
жұмыс та үлкен рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған мәнерлеп оқыту нәтижесінде
оқушылардың сөйлеуі еркін болады және балалар өздерінің сөйлеуін әрі қарай жетілдіруге
тырысады. Сөздің ырғақтық құрылысы мен ұйқасына негізделген шығарманы мәнерлеп
оқу өлеңдегі әр сөздің, ой ағымына, мәтіннің болмысына терең бойлап, жете меңгеруді,
үнемі дайындалуды, үздіксіз ізденуді, жаттығуды, үлкен шеберлікті қажет ететіні сөзсіз.
Бұл туралы С.Желдербаева былай деп жазады: «Оқылатын шығарманы мұғалім жан-
жақты талдап, қай жерін қалай оқу керек, дауыс қай жерде көтеріледі, төмендейді, орташа
қалыпқа түседі деп дайындалады. Дайындалып, дауысты дұрыс қойып оқығанда
мазмұнды жұмыс болады» [2, 17]. Өкінішке орай, бүгінгі күні мектепте оқушыларды
жатық сөйлеттіруге, шығарманы нақышына келтіріп, әp cөздeгi oйдың apa жiгiн ecкepe
oтыpып, дaуыcты құбылтып, cөздepгe peңк бepiп oқуды үйретуді қамтыған іс-әрекет -
мәнерлеп оқуға арнайы сағат бөлінбеген және оқытылатын шығарманы дауыстап оқуға
қарағанда оқушылар арасында іштен оқу, үйде оқып келу үрдісі басымырақ. Сонымен
қатар мұғалімнің тәжірибелік және теориялық дайындығы жетік болмауы себебінен
оқушылардың тіл дыбыстарын айтудағы және сөзге екпін түсірудегі, дыбыс үндестігін
сақтаудағы, сөйлем түрлері мен интонациялық бояуды ажыратуғы кем-кетік тұстары
ескерілмей қалатынын да мойындауымыз керек. Оқушының талғамы мен талабына, ой
өрісі мен дүниетамына, білім деңгейіне мәнерлеп оқи білуіне қарай баға беретін болсақ,
поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқи білуге немқұрайлы қарауға болмайды. Мәнерлеп
оқыту арқылы мұғалім оқу процесінде келесі мақсаттарға қол жеткізе алады: оқушыларды
автормен бірге толғанып, тебірене білуге ұмтылдыру, шығарма мән-мағынасын терең
түсіну, оқушылардың рухани жан-дүниесін әрқайсысының сана-сезімімен, жеке-дара
ерекшеліктерімен санаса келіп байыту, асқақ армандарға жетелеу, тыңдаушының сезіміне
әсер ете білуге үйрету, көркемдік, эстетикалық, адамгершілік және азаматтық тәрбие беру,
оқырмандық талғам мен ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Бұл мақсаттарға
жетудің бірден-бір жолы – поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқуда мұғалімнің
шәкірттеріне үлгі бола білуі, яғни мұғалімнің өзінің автор көңіл-күйін сезіне оқу,
мазмұндық ой екпінін қоя білу, негізгі ойды жеткізу шеберлігі. Бұл ретте айнаға қарап,
оқушылар алдында оқылатын поэзиялық шығарманы әсерлі оқу техникасын жарасымды
қолдану үшін жаттығудың мұғалімнің өзіне деген сенімділігін күшейте түсетінін, сондай-
ақ бет-әлпет, мимика, жесттің, дауыс үні, күші, сөйлеу тембрі, ырғағы, қарқыны, үзіліс,
логикалық екпін жасау сияқты сөйлеудің экспрессивтілігі құралдарының да дұрыс
қолданылуы сөздің тартымдығын арттыратынын айта кету қажет. Мәнерлеп оқуы