«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 78
-бала мен ұстаздың арасында (сыйластық, түсінітік) әрекеттестік ұстанымен
тұлғалық түсінушік барысында жүзеге асырылуы,
- оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың
жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен
анықталуы;
- білім алушылар шығармашылығын арттыруға жағдай жасап, жақсы қасиеттерінің
дамуына ықпал етуді көздеген түрлі әдіс-амалдардың жаппай қолданылуы (диалог-
сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары т.б.)
- балалар біраз уақыт ішінде мысалы: (бір, не бірнеше жыл белгіленген бір тұрақты
топтарда сабақтасуы) бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша (бір, не
бірнеше сабаққа) қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, оқушының өзімен
жұмыс жасалынуы;
- балалардың эммоционалды – сезімдік, логикалық ой-өрісін арттыруға әсер етуі
- оқу жоспарына міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйесімді қосылуы;
- білім алушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін
жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
- мектеп оқушыларының өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өзін-өзі
бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Қазіргі кезде қоғамда болып жатқан үлкен өзгерістер ғылым мен техникалық соңғы
жаңалықтарының өмірдің барлық салаларында тез ендеуді өзгерістер білім беру саласына
да өзінің үлкен әсерін тигізуде. Сондықтан да тәуелсіз қазақ елінің басты мақсаты – осы
заман ағымынан қалып қоймай, өркениетті мемлекет құру және білім беру саласына
әлемдік білім стандарты негізінде жақсарту. Қазақ әдебиеті пәнінде қазіргі
технологияларды пайдалану арқасында оқушылардың іздену қабілетін жоғарылату, қазіргі
уақыттағы заманның деңгейіне тура келетін ой-өрісін жоғарылату, шығармашылығын
арттыру, білімді, бәсекеге қабілетті азамат етіп қалыптастыру, уақыт талабына сай
ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру басты мақсат болса керек.
Баспа беттерінде педагогикалық білім берудің стратегиясымен тактикасын
өзгертудің қажеттілігі, оның уақыт талабына сай келмейтіндігі туралы мәселелер жиі
айтылуда. Ендеше білім берудің инновациялық технологияларын шапшаң ендірудің
қажетті өзектілігін танытып отыр. Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың
қажеттілігін анықтайтын себептерде қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр.
Олар:
- Білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғары оқу орындарының кредиттік оқу
жүйесіне көшуі орта білім беру жүйесінің жылдыққа өтетіндігі.
-
Мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңартылған тұрғыдан
қарастырылуы, яғни, оқушы тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де.
Қазіргі уақытта «жаңа», «жаңалық», «жаңалық енгізу», «инновация»,
«инновациялық процесс» деген ұғымдарды білім алушылардың түсінуінде шатастыру
байқалады.
«Инновация» латын тілінен аударғанда жаңару, өзгеру, жаңарту деген түсінікт
береді екен. Алайда жалпы инноватика саласының маманы Э.Роджерстің берген
анықтамасы бойынша жаңалық нақты адам үшін жаңашыл болып табылатын идея» [1, 16].
Идеяның шын мәнінде жаңа екендігі маңызды емес, біз оны уақытпен, яғни
ашылған уақытымен немесе алғашқы қолданылғанынан бастап анықтаймыз-деп
тұжырымдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық энциклопедиясында «инновация»
жаңалық деп берілген. С.И.Ожетов сөздігінде жаңа-алғаш бұрынғының орнына пайда
болған, жарыққа шыққан онша таныс емес қайта ашылған; жаңалық-жаңа құбылыс, жаңа
салт, жаңа әдіс, өнер табысы деп түсіндіріледі [2, 118].
Қазақстандық ғалым Н.Нұрахметов «инновация», инновациялық үрдіс дегеніміз
білім беру саласында жаңалықтарды жасау, игеру, пайдалануға негіздеген өзгеше
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции