«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет226/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   321
бағыттаушы (направляющий)
-синтетикалық 
тәсіл арқылы жасалған сөз. Лексикалық мағыналы термин болып табылады. Сөз 
түрлендіруші жұрнақтар арқылы жаңа сөз туындап тұр. Негіз сөзі-бағыт.
Бағыттаушы (орыс. направляюший) — көрсетілген бағытпен жүретін қатардағы 
әскери қызметшілер (бөлімше, машина). Бағыттаушыға карап, әскери қызметшілер 
(бөлімшелер, машиналар) өз козғалысын бағыттап отырады» [3]. 
барлаушы 
(разведчик)-бүркеніш 
(маскировка), 
жарғыш 
(взрывник),
инженерлік техника (инженерная техника), кезекшілік (дежурство), кешірім 
(помилование), авиациялық шабуыл (авиационное наступление) т.б. Бұл келтірілген 
мысалдарда синтетикалық, аналитикалық тәсілмен жасалған әскери терминдер қазақ 
тілінің сөзжасам заңдылығы бойынша жасалған. Етістік терминжасамға сын есімнен 
әлдеқайда белсенді қатысады. Етістіктен бірсыпыра термин жасалған. Мысалы, «Дүмді 
бүк» - «Приклад завернуть», «Еркін тұр» – «Вольно», «Жазыл» – «Разомкнись», «Жат»- 
«Ложись», «Жиі адымда – «Чаще шаг», «Қаруды түзет» – «Поправить оружие», «Қысқа 
адымда» – «Короче шаг», т.б. 
Бір құрамды (компонентті) әскери терминдердің екінші тобы – туынды түбірлерден 
жасалған әскери терминдер. Әскери терминдердің бұл тобы, негізінен, байырғы қазақ 
сөздерінің уәждемесі арқылы жасалған, олар өте көп, оны санаудың да қажеті жоқ. 


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
210 
Мысалы, атыс, барлаушы, байланыс, аялдау, бөлім, бөлімше, бөгет, бөлік, басқыншы, 
бағынышты, әдіскер, аңдатпа, анықтау, аралық, атқылау, бекіту, әпергіш, айдауыл, 
бақылау, барлау т.б. Бұл келтірілген туынды түбір терминдердің көбі – туынды түбір зат 
есімдер. 
Тілдің сөзжасам жүйесіндегі сөзжасамдық тәсілдердің бәрі терминжасамда, оның 
ішінде әскери терминжасамда қызмет етеді. Мәселен, атқыш, әпергіш, қабылдағыш, 
лақтырғыш, өртегіш, ұшқыш. Осы туынды терминдердің бәрі синтетикалық тәсіл арқылы 
жасалған. Олардың бәрі әскери мәнді термин жасаған. Мысалы, атқыш – стрелок, әпергіш 
– подаватель, қабылдағыш – приемник, лақтырғыш – выбрасыватель, өртегіш – брандер, 
ұшқыш – летчик. Бұлар әскери іске, әскери техникаға қатысты мағыналы сөздер. Ал, тілде 
олар жай мағыналы туынды сөздер жасайды. Мысалы, кескіш, тұтқыш, отырғыш, 
өшіргіш, ескерткіш, желдеткіш, тыңайтқыш. 
Қорыта айтқанда, елімізде тіл мәселесіне аса назар аударылып отыр. Біраз жыл 
кеңес одағының құрамында болғандықтан тілімізге, сөз саптауымызға, салт-дәстүрімізге 
қатты әсер етті. Тіліміз әбден орыс тіліне машықтанып,үйренгендіктен әскери 
терминдеріміз де орыс тілінде сайрап тұрды. Тәуелсіздік алғанымызға біршама жыл болса 
да терминология саласы ақсап тұрғаны мәлім. Қазіргі таңда әскери терминдер мен әскери 
жарғылар,қызмет атаулары мен әскери дәрежелер қазақша терминдерге өзгертіліп жатыр. 
Әскери іс-құжаттар қазақ тілінде жарық көретін болса, әскери терминдерді қазақ тіліне 
кезең-кезеңімен көшіру шарасы өз нәтижесін берері сөзсіз. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, 
библиография. – Алматы: «Сардар», 2014. - 928+16 жапсырма бет. 
2. Аманжолов, Керейхан Рахымжанұлы, Тасболатов, Абай Бөлекбайұлы Қазақша 
әскери терминдердің түсіндірме сөздігі – Алматы: Білім, 1999. - 93 б 
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. 4000-нан астам 
термин; топтама /; [авт. ұжым: С. Б. Тоқпақбаев [ж.б.]]; ҚР мәдениет және ақпарат 
министрлігі – Алматы: Мектеп, 2007. - 448 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет