«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет309/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
284 
көрсетіп отыр. Бұл студенттердің қазақ тіліне бір семестрде ғана оқылатын, өзінен көп 
нәрсені талап етпейтін қатардағы пән ретінде салғырт қарауына себеп болады. Он бір жыл 
мектепте қазақ тілін оқығанымен, қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық деңгейде қазақ 
тілінде қарым-қатынас жасауға шорқақ студенттер саны әлі азаймай келеді. Сондықтан 
оқытушының міндеті - студенттердің пәнге деген қатынасын өзгерту. Ол үшін пәннің 
неғұрлым қызықты, тартымды, жоғары деңгейде ұйымдастырылуы – жетістікке апаратын 
басты шарт. [1, 4] 
Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогресске жол ашып отырған 
жағдайда оқу-тәрбие жұмысында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық 
жетістіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Соңғы кезде шетел тілдерін 
оқытуда бейнефильмдерді қолдануға үлкен мән беріліп келеді. Бейнефильмдер студенттің 
көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Қазақ тілі сабағындағы бейнефильмдер 
студенттің сөйлеу іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Студенттің белсенділігін 
арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын, тілін дамытуда, оларды түрлі 
тақырыптарға сөйлетуге үйретуде бейнефильмдердің пайдасы орасан зор.
 
Қазақ тілін оқыту процесін жеңілдету және жетілдіру үшін сабақта техникалық 
құралдарды, соның ішінде, бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан да, 
экономика тұрғысынан да маңызы зор: 
Бейнефильмдер студенттің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды 
жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі. 
Бейнефильмдер оқытушыға оқу-тәрбие жұмысын өмір шындығына жанастыруға 
мүмкіндік береді. 
Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде студенттер өздері меңгерген
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін 
қолданады. 
Бейнефильмдер тыңдап - түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, студенттің 
бойында тыңдап - түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі. 
Сабақта бейнефильмдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, студенттің қазақ 
тілін үйренуге қызығушылығын арттырады. 
Сабақта қолданылатын бейнефильмдердің түрлері: қысқа метражды фильмдер, 
мультфилм, комедия, тіл меңгеруге арналған фильмдер, жарнамалық және коммерциялық 
фильмдер. 
Сабақта бейнефильмдерді қолданғанда ескерілетін жағдайлар: бейнефильмдерді 
жоспарға сай іріктеу, тақырыпқа сәйкес таңдау, фильмнің көлемін ескеру, қысқа болуын 
қадағалау, сюжеттің студент үшін қызықты әрі логикасы болуы шарт, баяндалу тілінің 
жатықтығына көңіл бөлу. 
Бейнефильмдерді сабақта пайдалану жолдары: Фильмді бірнеше кадрға бөліп 
көрсету керек. 
Сабақты ой ашардан бастау. 
Фильмді көруге дайындық кезеңі: 
а) таяныш, қажетті сөздермен таныстыру; ә) болжау сұрақтар қою; 
б) хабарлама жасау. 
Фильмді көрсету барысында мына жайлар ескеріледі: а) негізгі идеяны анықтау
ә) басты ақпаратты да, қосалқы ақпаратты да толық түсіну. Фильмді көріп 
болғаннан кейін төмендегі жұмыстар жүргізіледі: а) сұрақтар қою арқылы студенттердің 
түсініктерін тексеру; 
ә) сюжетті талқылау
б) рөльдік ойындар ұйымдастыру. 
Фильмді көрсету әдістер де әр түрлі. Студенттер фильмді дауысын шығармай ды- 
быссыз не болмаса кинодан қажетті үзіндіні көру арқылы оқытушының берген тапсырма- 
сын орындайды. 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет