«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет307/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
282 
Ғасыр ғалымы
.
Адамзат ақыл-ойының данышпанына айналған ғұлама ғалым 
Альберт Эйнштейннің есімі Темірқазық жұлдызындай мәңгі жарқырап тұрмақ. Оны 
осындай биікке көтерген – физика саласында ашқан Ықтималдық теориясы туралы 
жаңалығы. Нобель сыйлығының лауреаты А.Эйнштейн атом бомбасын жасап шығару 
идеясының авторы. 
Ғасырдың ең қайырымды адамы. Ізгілікті де қайырымды істерімен әлемнің 
көптеген елдерінің ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген Тереза шешейдің есімі ерекше 
аталады. Ол – бүкіл өмірін жер шарындағы кедейлерге, жетімдерге арнаған аяулы, абзал 
жан. 1946 жылы өзінің қайырымдылық орденін тағайындаған. 
Ғасыр спортшысы. “Футбол королі” атанған Пеле есімін білмейтін адам жоқ. Ол 
әлем чемпионатының үш алтын медалін жеңіп алған жалғыз футболшы. Пеле 1363 ойында 
1281 доп соққан әлемдегі ең үздік шабуылшы. 
Тыңдалған мәтін бойынша тапсырма: 
1. Сізге таныс қандай есімдер аталды? 
2. Аталған есімдерден қайсысын көбірек білесіз? 
3. Өзіңізге таныс есімдер туралы қосымша әңгімелеңіз. 
Жазыңыз 
Ғасыр сыйлығы 
Бүгінгі таңда сыйлықтардың “атасы” – Нобель атындағы сыйлық. Альфред Нобель 
1833 жылы Стокгольм қаласында туған. Әр жылдары Ресейде, АҚШ-та, Францияда өмір 
сүріп, 1896 жылы Италияның Сан-Ремо қаласында дүние салды. Өзі ашқан бірқатар 
ғылыми жаңалықтар арасында динамитті ойлап табу да бар, оны әлемдегі ең бай 
адамдардың қатарына шығарды. Қайтыс боларынан бір жыл бұрын ол өз капиталын 33 
миллион швед кронымен есептелетін 
сыйлық қорына
айналдыру жөніндегі өсиет-
аманатын қалдырды. Сыйлықтар бес бөлікке бөлініп: бірінші бөлігі – физика саласындағы 
ең маңызды жаңалықты ашқандарға, екіншісі – химия саласында ірі зерттеу немесе 
жетілдіру жасағандарға, үшіншісі – физиология мен медицина саласында аса зор 
табыстарға жеткендерге, төртіншісі – адамзат мұраттарын бейнелейтін ең елеулі әдеби 
шығармаларға, бесіншісі – халықтарды біріктіруге, езушілікті жоюға, әскерлер санын 
қысқарту мен бейбітшілік келісімдерін жасауға үлкен үлес қосқандарға беріліп келеді. 
Мәтін бойынша тапсырма: 
а. Сыйлықтар бес бөлікке бөлінген. Өте қысқаша жазып көрсетіңіз. 
ә. Нобель сыйлығын алған жазушы, ғалымдарды білесіз бе? Олар кімдер және не 
үшін алды? 
Сұрақтарға жауап беріңіздер: 
а. Ғасыр суретшісі деп кімді атар едіңіз? 
ә. Ғасыр фирмасы деп қай фирманы атар едіңіз? 
б. Ғасыр фильиі деп қай фильмді атар едіңіз? 
Жазыңыз: 
Ғасыр суретшісі. Әйгілі француз қылқалам шебері Пабло Пикассоның (1881 - 1973) 
шыққан тегі испандық, кубизм өнерінің негізін қалаушы. Ең атақты картинасы – 
“Герника”. Өте жемісті еңбек еткен суретшінің “Бейбітшілік көгершіні” аталатын 
туындысы нағыз бейбітшілік, достық символына айналды. 78 жыл бойы тынымсыз сурет 
салған ол 13500 картина, 100 мың гравюра, 34 мың кітап иллюстрациясын, 300 мүсін мен 
керамикалық фигуралар жасаған екен. Пикассоның бүкіл туындылары 500 миллион фунт 
стерлингке бағаланған. 
Мәтін бойынша тапсырма: 
а. Мәтіндегі цифрлар нені айтады? 
ә. Қандай суретшілерді білесіз? Олардың қандай туындылары бар? 
Тәуелдік жалғауды естеріңізге түсіріңіздер. Жіктелуін жазыңыз. 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет