Филология бөлімінің 2-курс студенті Жанат Әлемгүл. 1-слайд. Тақырыбымыз


-слайд. Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық



бет2/7
Дата24.04.2022
өлшемі223,46 Kb.
#32074
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Р.Сыздық

3-слайд. Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық – филология ғылымдарының докторы, профессор, Түрік Тіл қоғамының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері.

Ғалымның бұндай биік дәрежеге жетуі өзінің табандылығы, етінің тірілігі мен намысқойлығының арқасында келді. Бала кезінен қажырлы, өжет әрі қайсар болған. Өзінің ғылымға қалай келгендігін мына сұхбатында айтады. Видеодан үзіндіге назар аударсақ.


4-слайд. Рабиға Сыздық заманынан көп тепкі көрген. ХХ ғасырдың барлық балалары сияқты ол кісінің де балалық шағы мен жастық шағы болмады. Әкесі де, анасы да көзі ашық, қазақша-орысшаға бірдей сауатты болған жандар. Дегенмен әкесі Сәтіғали Құтқожин бірнеше аудандардың байланыс бөлімдерін басқарса да, 1937 жылы «халық жауы» деген атпен ұсталып, сол жылдың соңында Ақтөбе қаласында атылған.

Суретте солдан оңға қарай анасы, Рәбиға Сыздықтан екі жас кіші сіңлісі Роза Құтқожина, кіші ағасы Хамит Құтқожин, оның жанында 3 жасар Рәбиға Сыздық, әкесі Сәтіғали Құтқожин, сол жақтағы ең шеткі Шавхат деген үлкен ағасы (қайтыс болған).
5-слайд. Рәбиға Сыздықтың әке-шешесі сауатты адамдар болғандықтан, өзі де көзі ашық жастардың бірі ретінде 16 жасында мектепке мұғалім болып ораналасады. Кейіннен:

  • 1938-1940 жж. Темір қаласындағы педучилищеде білім алған;

  • 1940-1945 жж. Алға поселкесі мен Темір қаласында мектеп мұғалімі, педучилище оқытушысы болып қызмет еткен;

  • 1944 ж. жедел түрде екі жылдық Ақтөбе Оқытушылар институтына оқуға түскен;

  • 1945 ж. Абай атындағы Алматы педагогикалық институтына түскен;

  • 1947 ж. үздік бағамен (қызыл дипломмен) бітірген;

Институтқа оқуға қабылдануы туралы өзі былай дейді: видеоға назар аударсаңыздар.

  • 1947-1951 жж. осы институттың аспирантурасында оқыған.

6-слайд. 50-жылдардағы көзі ашық зиялы қауымды қудалаудың келесі толқыны басталғанда, әкесі «халық жауы» болған деген айыппен институттағы оқытушылық қызметінен шығып қалады. Содан соң:



  • 1951-1957 жж. Қазақ мемлекеттік оқу-педагогика баспасында (қазіргі «Рауан») редактор, кейін редакция меңгерушісі;

  • 1957 жылдан бастап Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында (қазірде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы) ғылыми қызметкер, Тіл тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі;

  • 1980-1994 жылдары Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі;

  • 1994 жылдан бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.

Міне сол жылдары «Абай қара сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық (1959 ж.), «Абай шығармаларының тілі» тақырыбында докторлық диссертация (1971 ж.) қорғады. Осы салада үш монография жариялады: «Абай шығармаларының тілі» (1968), «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1971), «Абайдың сөз өрнегі» (1994) жазылды.

Видеоға назар аударсақ.
7-слайд. Рәбиға Сыздық қазақ филологиясындағы ерекше құбылыс. Абайтануды зерттеп жалғастырушы ғалым. Әдеби тіл тарихын зерделеуші.

Р.Сыздықтың Абай тілін зерттеп, зерделеуі өз алдына бөлек үлкен ғылыми еңбектер топтамасы.  Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың туындыларын салааралық сипатта, яғни әдеби туындыны тілдік тұрғыдан талдауға бетбұрыс жасаған академик зерттеулері сан қырлы, яғни сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру секілді аспектілерде жүргізілген. «Абайтану» ғылымының бір саласы ретінде дамыған Абай тілін зерттеу – профессор Р.Сыздық айрықша күш жұмсаған зерттеу нысанасы. Абай тілін танудың қырлары, «жүрекке жылы тиетін» тұстары мен ерекшеліктері, көркемдік әлемі Рәбиға Сыздықтың көкірек көзінен өтіп, сүбелі ғылыми еңбектер мен ғылыми зерттеу мақалаларына айналды. Осы беталыста академик Р.Сыздық тіл біліміндегі «Абай әлемін» құрды. Осындай жетістіктердің қатарында Р.Сыздықтың зерттеулерінің келесі айрықша белгісі ретінде қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары немесе салааралық сипаттарын атауымызға болады. Когнитивті лингвистика, психолингвистикалық қырлар, этнолингвистика сынды тіл білімінің жаңа бағыттары – Р.Сыздық зерттеулерінің бірталайына тән аспектілер. Ғалым енді бірде: «Тегінде Абай уайымшыл емес, өмірді сүйген, тамашалай білген, әр нәрсеге үмітпен қарай білген суреткер. Мүмкін, сондықтан да Абайда жақсы сөзі 130 рет, жаман сөзі 46 рет, жақсылық сөзі 33, жаманшылық сөзі 18 рет, дос сөзі 60, достық 28 рет қолданылса, дұшпан 18-ақ рет, өмір 113 рет, өлім 26 рет аузына үйірілген болар» [6, 253], — деп ақын тіліндегі позитивті мағыналы сөздердің қолданыс жиілігін Абай оптимизмімен байланыстырады. Бұл – болашақ ұрпақты ұлттық қасиеттерге, ұлттық ойлау жүйесіне баулудың, адами қарым-қатынас ерекшеліктерін ұғындырудың бірден-бір жолы деп атасақ, қателеспеген болар едік.



Ғалымның өз сөзінен тыңдасақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет