Филология бөлімінің 2-курс студенті Жанат Әлемгүл. 1-слайд. Тақырыбымыз



бет3/7
Дата24.04.2022
өлшемі223,46 Kb.
#32074
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Р.Сыздық

8-слайд. Байқағанымыздай Рәбиға Сыздықтың қазақ тіл білімін зерттеу арналары өте кең. Рәбиға Сыздықтың қазақ тіл біліміндегі орны:

    • Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері арасындағы «АЛТЫН КӨПІР»

    • Тіл білімінің өзекті мәселелерімен айналысқан қайраткер

    • Тіл білімінде лингвистикалық стилистика сияқты жаңа бағыттардың тууына бастама жасаған академик

    • Сөздерді сөйлете отырып, тіл білімінде өзіндік «үні» мен мектебін қалыптастырған ғалым

    • Тілдегі Абайтану саласын дамытушы, Ахметтану, Жұбановтану салаларының негізін қалаушы

    • Зерттеулерін ұлттық тұтастыққа, рухани жетілдіруге бағыттаған тілші

9-слайд. Мұхтар Әуезов айтқандай, Рәбиға Сыздық тілді ғылыми тұрғыда шаблонға салып, бір қалыппен бермей, көркем шығарма сияқты жазып, жеткізген. Сондықтан зерттеулерінің тілі де жеңіл.



Академик тынымсыз ізденісі арқылы тіл ғылымының өзекті мәселелері қатарында аталатын әдеби тіл нормалары мен олардың қалыптасу ерекшеліктері, тіл мен сөйлеу мәдениетінің нормативті қалыптары, жазу мен емле заңдылықтары, Қ. Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі орны, А.Байтұрсынов және тіл білімі мәселелері, лингводидактика және қолданбалы лингвистика, Абай тілінің ерекшеліктері, түркітану мәселелері, тарихи лексикологияның негізгі қырлары, көркем мәтін лингвистикасы және оны талдау, тіл білімінің жаңа бағыттары, қазақ тілінің синхрондық және диахрондық жағдайы, тілдегі мақсатты-стильдік саралану секілді тілдік проблемаларды көтеру арқылы жалпы теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды тұжырымдардың жасалуына ат салысты.
10-слайд. Қазақ сөзінің даму тарихы мен мағынасын саралау – ғалым зерттеулерінде басымдыққа ие бағыттардың бірі. Ғалымның еңбектерін қарастырып отырған шақта кез келген адам өзінің ана тіліне, оның құдіретіне, деген сүйіспеншілік сезімін сезінеді. Ғалым зерттеулерінің «Сөз құдіреті», «Сөздер сөйлейді», «Сөз сазы», «Абайдың сөз өрнегі» деп аталуының өзі де ғалым апамыздың сөз өнеріне, сөз байлығын қадірлей білуге деген құрметі болып саналады. Осы арқылы болашақ ұрпаққа ұлттық тәрбие беру көзі ретінде этнолингвистика саласына елеулі үлес қоса білді. Ол өзінің 1997 жылы жарық көрген “Сөз құдіреті” атты еңбегінде М.Әуезовтің 20жылдардағы әңгімелері тілінен бастап, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Сейдахмет Бердіқұлов, Оралхан Бөкеев, Асқар Сүлейменов, Тахауи Ахтанов, Қабдеш Жұмаділов, Кәдірбек Сегізбайұлы тәрізді қазақ көркем сөзінің қас шеберлері қаламынан шыққан туындыларға лингвостилистикалық тұрғыдан талдау жасап, олардың сыры мен сымбатын ашып береді. Сөз шеберлерінің шығармаларын сөз таңдау, сөз қолданыс, сөз әрлеу тұрғысынан зерттейді. “Сөздер сөйлейді” еңбегі ғалымның аса бір зеректікпен орындаған жұмысы болды. Тілшінің өзі айтқанындай: «Белгілі бір сөздің, не сөз тіркесінің бұрынғы және қазіргі қолданысына, яғни сөз мағынасының өзгерісіне, даму эволюциясына назар аудару. Бұл ана тіліміздің барша байлығын айқындай түсуге жол ашады» [2, 159]. Онда ақын-жыраулар тілінде кездесетін сан алуан тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер құрамындағы көне сөздердің байырғы мағыналары ашылып, олардың семантикалық өрім-өзгерістері сараланады. Еңбектің тарихи лексикология бойынша өте қажетті оқу құралының біріне айналуы сондықтан. Ғалым бұл кітапқа еңбегінің көп сіңгенін жазады. Кітапта қазіргі тіліміздегі бастапқы мағынасы күңгірттенген немесе мүлде ұмытылған, тарихи тұрғыдан түркі-моңғол, түркі-иран тілдеріне ортақ сөздердің әуелгі мәні анықталып, олардың түп төркінін анықтаудың жолдары мен тәсілдері, шарттары айқындалады. Бұл – екінші ерекшелік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет