Видео қосылады.
Әлемгүл өлеңді оқиды.
Тіліңіз тәтті,
Ойыңыз қандай.
Тыңдадым,
Ұқтым жан-күйіңізді.
Болар ем күнде бір жасағандай
Көп туса қазақ дәл сіздей қызды!
Ойыңыз жақын,
Тойыңыз жақын.
Қуаныш, бақыт бір өзіңізде.
Жүрегіңізге тимесін салқын,
Ұрынба, жаным, ертелей күзге.
Қасым Аманжолов
Қазақ тіліне, сөзіне деген құрмет, ұлттық құндылықтарды сақтауға деген талпыныс – кез келген ғалымның бойынан табыла бермейтін тұлғалық қасиеттер. Осыдан келіп, ғалымның осы қасиеттерін лингвистикалық зерттеулері арқылы болашақ ұрпаққа жеткізу, санасына сіңіру, маңыздылығын таныту мақсатында талай жұмыстар жүргізу қажеттігі туындайды. Бұл – болашақтың, яғни біздің асыл міндетіміз.
Әдебиеттер
Оразбаева Фаузия. Көп туса қазақ дәл сіздей қызды... [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. – 2009. – №14. – Б. 7.
Сыздық Р. Сөздер сөйлейді (Сөздердің қолданылу тарихынан). Толықтырылған 3-басылымы. – Алматы: Арыс, 2004. – 232 б.
Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы: Қазақ ССР «Білім қоғамы», 1990. – Б. 52.
Сыздыкова Р. Язык «Жами ат-тауарих» Жалаири. – Алма-Ата: Наука, 1989. – 243 с.
Сыздықова Р. Ясауи «Хикметтерінің» тілі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 552 б.
6 Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 614 б.
Достарыңызбен бөлісу: |