Филология бөлімінің 2-курс студенті Жанат Әлемгүл.
1-слайд. Тақырыбымыз: Рәбиға Сыздық және қазақ тіл ғылымы
Рәбиға Сыздық 1924 ж. 17 тамызда Ақтөбе облысы, Ойыл қалашығында қызметкер отбасында туған.
2-слайд. Мақсатымыз: Ғалымның өміріне қысқаша шолуда қазақ тіл ғылымының көрнекті өкілі, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздықтың қазақ тіл біліміндегі орны, зерттеу бағыттары мен алатын орны, ғалымдық тұлғасы туралы сөз етеміз.
Қазақ лингвистикасы ғылымы өзінің даму тарихында түрлі көзқарастар мен ғылыми тұжырымдардың, теориялар мен зерттеулердің куәсі болған. Сондай дәйекті тұжырымдар мен ғылыми зерттеулердің авторы, қазақ тіл ғылымында ғана емес, ұлт психологиясын дамытуда, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде, жалпы қазақ халқының ұлттық болмысында өзіндік қолтаңбасы мен өрелі биіктігі бар Р.Сыздық – ғалым ретінде де, адамдық болмысы жағынан да қайталанбас тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |