Филология факультеті 118-топ



бет3/12
Дата26.12.2023
өлшемі366,67 Kb.
#144008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тұлпары:Байшұбар 
Байшұбар бейнесі алпамыстың жан серігі , сырласы досы ретінде жазылған 
Қолтығыңа бір қанат
Тастап кетпе апарып
Адам көрмес салаға
Өлігімді тастамай
Аман-есен алып бар
Ата менен анама 
Мүйіз шықпас басыңа
Иең жоқ өзің барғанда» деп алпамыс өз тұлпарымен тілдеседі
«тұрды шұбар айналып 
Алмадай мойны ұзарып 
Екі көзі қызарып
Құйрығын салып сыртына
Жан-жаққа тұрды таңдалып
Кіндігін тартып баурына
Құйрығын салып саурына
Жерді теуіп ысқырып
Жын ұрғандай сандалып
Темір үйдің  ішінде
Жеті жыл жатқан қамалып
Қырық арқан  бойы зынданнан
Егесін алды шығарып» бұл үзінді де байшұбар өз иесін құтқарғаны белгілі .алпамыс пен байшұбардың арасында тіл болмаса да бір-бірін бқлжытпай түсінетіні айқын
Қарсыласы:Тайшық хан 
Алпамыс пен тайшық ханның араз болу себебі :тайшық хан алпамыс елінің жылқыларын айдап алып кетеді
Сол себепті бір-бірін жау санап ақыр соңы соғыспен аяқталады
«тайшық алған жылқының 
Ал артынан кетейін
Шаһимардан жар болса
Артынан қуып жетейін
Жете алмасам жан ата
Жылап жүріп өтейін» деген үзінділер дәлел.
«сол уақытта тайшық хан
Қанша айтқанмен хан дағы
Өзіндігі бар дағы
Бір ақыл ойлап бастады
Неше қиын жерлерде
Жоқ еді мұның сасқаны
Бұған ақыл таппаса 
Абыройын жаппаса
Әбілет енді басқаны
Қимылдаса бұл бала
Қалмақ тұр бәрі қашқалы
Түрегелсе орнына
Болатын әркім бас қамы» деген үзінділер тайшық ханның бейнесін  басқару жағынан сипаттап тұр
«АЛПАМЫС БАТЫР»
К. СЕРҒАЗҰЛЫ НҰСҚАСЫ
Басты кейіпкер Алпмаыс  батыр
Жырдағы сипаттаулар: «ал енді алпамыс жетіге келді. Ойнаған баланың асығын ұтты.сөйлеген адамның ақылын ұтты. «ел уәлі» деген сөз рас қой, жаудан кек алатын болады-ау деген сөз ел аузына кірді» алпамыстың өсуі туралы айтылған
Жары :Күлбаршын
Жырдағы сипаттаулар:күлбаршынныңкөңілді хаты: «әкемнің ұлындаймын қыз да болсам, мен риза болдым, сен ырза болсаң. Шілденің сазға түскенг аптабындай, ерідім қаттылығым мұздай болса да» деп алпамысқа хат жолдап өзін таныстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет