Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет62/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   159
№ 15,16  дәріс тақырыбыБұйрықты сөйлем 

Дәріс мақсаты: Бұйрықты сөйлемнің түркі тіл білімінде зерттелуін меңгерту 

Тірек сөздері:  бұйрықты сөйлем, сұрау интонациясы, жасалу жолдары 

Дәріс жоспары:  

1 Түркі тілдерінде бұйрықты сөйлемге берілген анықтамалар. 

2 Түркі тілдерінде бұйрықты сөйлемнің зерттелуі 

Дәріс тезистері:  

Түркі тілдері синтаксисінде бұйрықты сөйлемдердің тілек, бұйрық, өтініш, талап, кеңес беру, біреуді іске қосу 

мақсатында  айтылатындығы  көрсетілген.  Бұйрықты  сөйлемдерді  татар  тілінде  боерык  жөмлә  деп,  башқұрт  тілінде 

бойорок һөйләм деп аталады. Қазақ, башқұрт, татар тілі синтаксисінде бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары нақты 

санамаланып  берілген,  оның  ішінде  бұйрықты  сөйлемді  жасауға  қатысатын  ортақ  грамматикалық  құралдарға 

мыналарды жатқызуға болады:  

1) 


бұйрық рай формасындағы баяндауыш;  

2) 


бұйрықтық мән беретін демеуліктер;  

3) 


бұйрық сарынды интонация .  

Бұйрықты  сөйлем  баяндауышының  жасалу  жолдарының  қазақ  тілінде  М.Балақаев,  Т.Сайрамбаев  5  түрін, 

Р.Әмір  13  түрін,  В.Н.Хангилдин  татар  тілінде  5  түрін,  Ғ.Ғ.Сәйетбатталов  башқұрт  тілінде  5  түрін  атап  көрсетеді. 

Олардың негізгі жасалу жолдары аталып отырған тілдерде бірдей сипатта. Нақты тоқталсақ:  

1)  Бұйрық  мағыналы  баяндауыштардың  ішіндегі  негізгі  тірек  форма  –  етістіктің  жалаң  ІІ  жақ  бұйрық  рай 

тұлғасы арқылы жасалады. Бұл форма бұйрық мағынаны ешбір қоспасыз жалаң түрде білдіреді. Мысалы, қазақ тілінде: 

Көп сөзді қайтесің? Башқұрт тілінде: Балам, йөрәк коло булмағыз, акыл коло булығыз (М.Кәрим). – Дитя мое, не будьте 

рабами чувств (сердца), а будьте рабами разума.   Татар тілінде: Әйдә, башла (Тәфкилев көенә жырлыйлар).  

2)  1-жаққа  қатысты  бұйрықты,  іс-әрекетке  жұмсауды  –айын,  -ейін,  -айық,  -ейік  формалы  етістіктерден 

жасалған баяндауыштар білдіреді. Мысалы, қазақ тілінде: Кел, балалар, оқылық! (Ы.А.). Башқұрт тілінде: Әсәләрзе һәр 

вакыт  кыуандырып  торайық!  (Ш.Биккол)-  Аналарды  әр  уақыт  қуандырып  тұрайық.  Татар  тілінде:  Жырлыйсың  килсә,  

әйдә, жырлыйк.  

3)  Бұйрықтық  мән  сыпайыланып,  жұмсартып  білдірілу  үшін  өзбек  тілінде  -чи,  қарақалпақ  тілінде  -шы/-ши, 

қазақ тілінде –шы/-ші, башқұрт тілінде -че/-чы, -сы/-се қосымшалары қосылады және өзбек тілінде ку, қазақ, қарақалпақ 

тілдерінде  қой,  ғой  демеуліктері  тіркеседі.  Мысалы,  өзбек  тілінде:  Холажон,  ўтирсангизчи!  –  Тетя,  сядьте  же! 

Қарақалпақ  тілінде:  Айналайын,  қаттырақ  жүре  ғой.  (Т.Жум.).  Қазақ  тілінде:  Айтқаныма  көнсеңші!  Башқұрт  тілінде: 

Чыкчы, и фикрем кояшы, Китсен өстеңнән болыт. (Г.Тукай). Һайрамасы, һары һандуғасым (Ғ.Сәләм).   

4)  Бұйрық  райлы  етістік  3-жақта  келіп  бұйрықты  сөйлем  жасауға  қатысады.  Ол  кезде  етістік  түбіріне  өзбек 

тілінде    -син,  қарақалпақ  тілінде    -  син/-сын,  қазақ  тілінде        -сын/-сін,  татар  тілінде    -сен,  башқұрт  тілінде  -һон/-һен 

жалғанады.  Мұндай  етістік  әдетте  бірлескен  әрекетке  шақырып,  бұйрықты  тілек  мәнінде  жеткізеді.  Мысалы,  өзбек 

тілінде:  Яшасин  партия  билан  халқнинг  бузилмас  буюк  бирлиги!  Қарақалпақ  тілінде:  Жаслар  менен  ислесиўге  кеўил 

бөлинсин!  Қазақ  тілінде:  Көгерсін,  қалқам,  көсегең!  (К.Ә.).  Татар  тілінде:  һичкем  белмәсен,  берәү  дә  күрмәсен 

(Г.Коләхметов). Башқұрт тілінде: Белгәндәрегез – өйрәтергә, белмәгәндәрегез өйрәнергә атлығып торһон (Ағизел).  

5)  Сөйлемнің  бұйрық  мәнін  оның  құрамында  қаратпа  сөздердің  келуі  де  қамтамасыз  етеді.  Өйткені  қаратпа 

сөздің негізгі қызметі – қандай да бір хабарға тыңдаушының назарын аудару, қандай да бір әрекетке жұмылдыру. Бұл 

қаратпа  сөзбен  келген  сөйлемнің  хабарына  өзгелердің  үн  қосуына  итермелейді.  Мысалы,  қазақ  тілінде:  Ауыл 

шаруашылық  мамандары!  Егіс  көлемін  ұлғайтыңдар,  егіншіліктің  мәдениетін  арттырыңдар,  егіннен  мол  өнім  алатын 

болыңдар! (газеттен). Өзбек тілінде: Йигитлар ва қизлар! Ишлаш ва яшашни қунт билан ўрганингиз! Башқұрт тілінде: 

Балам, йөрәк коло булмағыз, акыл коло булығыз (М.Кәрим). 

Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштарының бұл жасалу жолдары түркі тілдеріне ортақ сипатқа ие. Бұлардан 

басқа да жасалу жолдары бар. Оларды әр тілдің өзіндік ерекшелігі қатарында санауға болады. Қазақ тілінде бұйрықты 

сөйлемнің мұндай жасалу жолдары:  

1) «2-жақ бұйрық форма – деген соң – 2-жақ бұйрық форма» болып құрылған баяндауыш:  

-Шық деген соң шық! –деп таяғына жармасты (Б.М.).  

2)  «-уші  формалы  есімше  –  болма»  құрамында  жасалған  баяндауыш:  Айтпа,  айтпа  деймін  анаған!  Айтушы 

болма анаған (М.Ә.).  




56 

 

3) «келер шақ етістік – сұраулық шылау ба (бе)» құрамында жасалған баяндауыш: Сен Төремді шақыртасың ба, 



жаздыратын қағаздарым бар еді (Б.М.).  

4)  контекске  сүйеніп  бұйрық  мағынаны  беретін  баяндауыш  құрамы  мынадай  түрде  келе  алады:  «болымсыз 

келер шақ етістік – ба». Мысалы: Сөйлей бергенше бармайсың ба? – Сөйлей бермей  бар.   

5) ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келгін формалы баяндауыштардың қатысуымен де құралады: 

Сен ертең келгін.  

Башқұрт тілінде бұйрықты сөйлемнің төмендегі жасалу жолы өзгелерде кездеспейтіні аңғарылды:  

Ғ.Ғ.Сәйетбатталовтың көрсетуінше, башқұрт тілінде бұйрықты сөйлем баяндауышы инфинитивтен жасалады. 

Мұндай  бұйрықты  сөйлемдер  бұйрық  мәтіндерінде  жұмсалады.  Мысалы:  Комдив  приказын  тайпылышһыз  үтәргә  һәм 

Корбановты кулға алырға! (Я.Хамматов) – Неукоснительно выполнить приказ комдива и арестовать Курбанова! .  

В.Н.Хангилдин  татар  тілінде  бұйрықты  сөйлемнің  жасалу  жолын  былай  көрсетеді,  біздіңше,  бұл  жол  татар 

тілінің  өзіне  тән  ерекшелік:  «Боерык  жөмләнең  хәбәре  исем  фигыль  нигезендә  төзелгән  булырга  да  мөмкин.  Ләкин 

мондый хәбәр өчен иң характерлы форма – исем фигыльнең рга – ргә, маска – мәскә кушымчалары белән ясалган төре, 

чөнки  монда  өндәү,  чакыру  төшенчәләре  яки  төсмерләре  көчле  була.  Мәсәлән:  Алдынгылыкны  кулдан 

ычкындырмаска!». 

Бұйрықты  сөйлемнің  аталған  түркі  тілдері  синтаксисінде  зерттелуі  ыңғайлас,  ортақ  сипаттары  басым 

болғанымен,  олардың  әрбірінде  өздеріне  ғана  тән  жасалу  жолдары  бары  да  байқалады.  Бұл  айырмашылық  бұйрықты 

сөйлемдердің айтылу интонациясынан да байқалады. А.Н.Нурмаханова қарақалпақ, қазақ, өзбек тілдеріндегі бұйрықты 

сөйлемдердің  айтылу  интонациясын  арнайы  тәжірибе  арқылы  зерттей  келе,  мынадай  ерекшеліктерді  атап  көрсетеді: 

«Қарақалпақ тіліндегі бұйрықты сөйлемдердің айтылу қарқындылығы өзбек, қазақ тілдеріне қарағанда жоғары, ал өзбек 

тілінде бұйрықты сөйлем жиілігі жоғары кең диапозонда айтылады».   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет