Салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің грамматикалық жағынан өзара тең болып байланысуы түркі
тілдерінде негізінен көрініс тапқан. Қазақ тіл білімінде салалас құрмалас сөйлемдерді былайша анықтайды: предикатив
3) СҚС предикативтік сыңарларының мағыналық дербестігі басым, олар өзара теңдес дәрежеде және
4) предикатив сыңарларының аралығындағы дауыс кідірісінің тиянақтылық дәрежесі басым түрде болады,
5) предикатив сыңарларын байланыстыратын амал-тәсілдері болады, атап айтқанда: жалғаулық шылаулар,
интонация тұтастығы, предикатив сыңарларының орналасу тәртібі, кейбір тұлғалық, құрылымдық ерекшеліктері,
предикативтік сыңарларының синтаксистік қатар түзеп, бірдей құрылымда жұмсалуы, баяндауыштарының қайталанып
64
келуі не бірдей шақ, жақ тұлғаларында тұруы, алдыңғы сыңарының толымсыз болып келіп, соңғы сыңары арқылы
толығып отыруы.
СҚС түрлерін топтастыру принциптеріне компоненттерінің байланысу түрі мен мағыналық қатынастары
немесе грамматикалық мағынасы, жалғаулықты түрі үшін
байланыстыратын жалғаулықтарының мағыналық
топтары жатады. Компоненттерінің байланысу түріне қарай
жалғаулықты және
жалғаулықсыз (іргелес), мағыналық
қатынастарына және байланыстыратын жалғаулықтарының мағыналық топтарына қарай ыңғайлас (мезгілдес),
себептес, қарсылықты, талғаулы, кезектес деп бөлінеді. Қазақ грамматикасы оқулығында берілген бұл топтау
қатарына Т.Қордабаев және Қ.Есенов зерттеулерінде тағы да салаластың 3 түрі аталып жүргенін айту орынды:
түсіндірмелі, салыстырмалы, шартты.
Салалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыратын грамматикалық тәсілдердің бірі – жай
сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмаластыру. Жай сөйлемдерді бір-бірімен салаластыра құрмаластыратын
жалғаулықтар қатарына төмендегілер жатқызылады:
1) себептестік қатынасты білдіретін сондықтан, себебі, сол себепті, өйткені, неге десең жалғаулықтары;
2) мезгілдестік, өсіңкілік қатынасты білдіретін және, да, де та, те, әрі жалғаулықтары;
3) қарсылықты қатынасты білдіретін
бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, өйтсе де, ал, дегенмен
жалғаулықтары;
4) кезектестік, талғаулықты, бірдейлестік қатынасты білдіретін бірде, біресе, кейде, не, немесе, болмаса, әлде, я,
яки жалғаулықтары;
5) бейтараптық қатынасты білдіретін мейлі, құй жалғаулықтары жатады. Жай сөйлемдерді бір-бірімен
құрмаластыру функциясында қолданылатын бұл жалғаулықтардың мағыналарына қарай мезгілдес, қарсылас, себептес,
талғаулы, кезектес, бейтарап мәнді жалғаулықтар деп бөлінетіні сияқты, бұлардың дәнекерлігі арқылы жасалатын
салалас құрмалас сөйлемдер де жалғаулықтар аттарына сәйкес аталады. Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру
қызметін жоғарыда аталған жалғаулықтармен қатар, жалғаулық мәнінде қолданылатын солай бола тұрса да, солай
Достарыңызбен бөлісу: