2 Қазақ халық фольклорының ҒҰрыптық лексикасының сипаттамасы наурыз, Ұлыс күніне қатысты бата-тілек сөздер



бет1/10
Дата28.04.2023
өлшемі55,11 Kb.
#87659
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 аза халы фольклорыны рыпты лексикасыны сипаттамасы нау (1)


2 ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ҒҰРЫПТЫҚ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Наурыз, Ұлыс күніне қатысты бата-тілек сөздер

Қазақ халқының, барлық түркі және парсы халықтарының өмірінде Наурыз көктем мерекесі және жаңа жылдың басы ретінде атап өтіледі. Наурыз «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Аки, бұл күн біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы атап өткен жыл басындағы мереке. Ұлттық реңктегі лексиканы зерттеу аспектілерін айқындай келе, Т.В.Романова былай деп жазады: «... сөз тағдыры оның тереңде жатқан ұғымдардың көп тұсиарымен адамның өмір сүрудегі өмірлік маңызды ұстанымдары, заңдылықтарымен байланысын айқындауға мүмкіндік береді» [18]. Сондықтан этнолингвистикалық зерттеу – тіл байлығының этнос болмысының мәдени, рухани дүниесін бейнелейтін мағлұматы бар сөздерін талдап, зерттеп түсіндіру деген сөз. Осы күндері көпшілікке түсінікті бола бермейтін сөздердің ар жағында этнос тұрмыс-тіршілікк қатысты, олардың пайда болуы туралы деректер жиналған. Енді бата, Қайрақан, Наурыз, Ұлыс, Тәңірі т.б. сөздердің этнодеректік негіздерін ашып, зерттеп көрейік.


Ежелден келе жатқан керемет салт-дәстүріміздің бірі – бата. Батаның да бірнеше түрі бар: 1) Алғыс айту, ақ ниет, жақсы тілек білдіру (оң бата); 2) Діни мұсылмандардың намазда т.б. діни жораларда оқитын дұғасы [АПС: 42]. Әйгілі ғалым С.Негимов «Ақ бата» жинағының алғы сөзінде былай дейді: «Бата ұғымының түп-төркініне барлау жасар болсақ, Құранның бірінші сүресінің аты «фәтихадан» туындаған тәрізді. Мұнда жаратушы мен оның «елшісі» Мухамедке мадақ сөз айтылады», - дейді. Ал Марат Жауыс «Бата беру мен дұға оқу» деген мақаласында: «Бата – арабтың «фатаа» қайырма немесе қайыру деген сөзінен шыққан ұғым»,- дегенді айтады []. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «бата» сөзіне мынадай түсіндірме берген: «Бата. Зат. Діни. 1. Өлген адамға бағыштап, тамақтың алды-артынан оқылатын дұға, құранның бірінші сүресінің аты. 2. Игі тілек, алғыс. Бұл жанр қазақ-қырғызда ғана бата деп аталады. Қалған тілдерде бұл атауды кездестірмейміз, ал алғыс және қарғыс атаулары жиі ұшырасады» []. Мысалы, Дағыстан елдерінде, лезиндіктерде ахрар, кваргишлар, құмықтарда алгыш, къаргыш делінетін бұрынғы магиялық поэзия жанры, әзірбайжан елдерінде алгыш және каргыш деп аталатын ауыз әдебиетінің ежелгі ғұрыптық фольклор жанры бар.
«Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен,
Шалдар бата беріскен» [] (Наурыз жыры).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет