вестник КазНПУ имени Абая, серия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г.
өздерінің кейбір солақай түсініктерінің құлы боламын деп жүріп ғана қателесетін.
Нағыз
күрес осы қателіктермен тартыс жолында өтуі керек-ақ. Әйтпесе, шығарма жасанды,
жалпылама шығады» (3, 338)деп, жақсы идея, жақсы ниетті түсінбейтіндерді тым су ми
қылып қоймай, олардың іс-әрекеттерінің табиғи, әдеби шешімін табуға жөн сілтейді.
М.Гумеровтың «Асыл дәрі», Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повестері мен
Д.Сапаровтың «Ескі дәптерлер», Н.Сералиевтің «Ақ лақ пен қара лақ», М.Сүндетовтің
«Бәйге», И.Жақановтың «Қобыз сыры» сияқты тәп-тәуір әңгімелеріне де шеберлік жетіспей
жатқандығын бүгінгі балалар прозасының алынбаған біраз асулары деп қарайды. Сыншы
жазушы жаңа шығармасы арқылы өзінің жас оқырманына қандай жаңалығымен келді деген
сауалға көп назар аударады. Ылғи бір сарынды шығармалармен оқырман талғамын бұзуға
наразы. Бала көңілін елең еткізетін жан-жануарларға қатысты шығармаларда да еш жаңалық
болмай, ескі сүрлеуді әлі таптап жүргенімізге (Т.Дәуренбеков «Сонарда», Б.Шалабаев
«Мұхит жорығы») қарны ашып, мұндай шығарма жазғаннан гөрі «сол хайуанаттарға
жақынырақ жүріп, оларды аулап ұстаған, немесе талай
ондаған жылдар бойы сарылып
зерттеген маман адамның жазбаларын аударып беру анағұрлым тиімдірек болар еді» (3, 340)
деп қорытады. Күшік, мысық, балапан, үйрек, торғайлардың қай-қайсысының да мінез-
құлық, характерін сондай табиғи бейнелеген белгілі поляк жазушысы Ян Грабовскийдің
«Рекся мен Пуцек» кітабынан үлгі алуға шақырады.
Қазақ балалар әдебиетінде жеңілтек, ұшқалақ күлкіге негізделген, мақсатсыз жазыла
салған әңгімелердің де (О.Әубәкіров «Қалғаны кекіл болсын») жүргені сыншы назарынан
тыс қалмайды. Өмірде кездесетіннің бәрі бірдей көркем шығарма нысанасы бола
бермейтінің, жазушы болған оқиғаға қызығып, еш мақсатсыз сыдыртып жаза салғаннан
көркем туынды болмайтынын еске салады.
Сыншы К.Чуковскийдің «Екіден беске дейін» атты кітабына сілтеме жасай отырып,
мынадай түйінді ой айтады: «... сәби қылғынан келтірілген қызғылықты мысалдар, балдай
тәтті
аңғал сөздер жалпы естияр, ересек оқушыларды сергітіп, жадыратып, қуанышқа
бөлейтін, сонымен бірге бүлдіршіндер психологиясын зерттеушілер, педагогтер, ата-аналар
үшін аса құнды материалдар болып табылғанымен, жасөспірім жанына көп жағдайда
керемет эстетикалық әсер ете қоймауы мүмкін. Өйткені балаға бала мінезін сырттай
бақылаудан байқалған натуральды бір шындықты көркемдік мәніне келтірмей, жай қайталап
шығу барлық кезде бірдей таңсық бола бермейді. Оған кәдімгідей ойландырып, белгілі бір
сезімге берілдіріп, тебіренте алатындай, біреулерінен жерісе, біреулеріне еліктер
кейіпкерлері бар,
айқын моральді, қызық оқиғалы нағыз қастерлі шығарма қажет. Жас
буынға үлкендер қылығын сөз еткенде де біз, міне, дәл осындай, тек балалар әдебиетінің өз
табиғаты талабынан ғана шығуымыз керек». (3, 341).
Қай заманда болмасын, балалық шақ - адам өмірінің асқақ арманға, шексіз қиялға
толы кезі. Осы қиял, осы армандардан өмірлік биік мұраттар туындап отырған. Сондықтан
да сыншы Зейнолла Серікқалиұлы, әрине, көркем дүниенің барлығына, оның ішінде бала
қиялын қанаттандыратын, баланың эстетикалық талғамын қалыптастыратын балалар
әдебиетіне бей-жай қарай алмады, қашанда «арман аспаны биік болуын» қалап,
өзінің
білген-түйгенімен ақын-жазушыларымызға үлгі болып, оларды қасан схемадан шығару үшін
еш аянбады.
Достарыңызбен бөлісу: