имек тұмсықты жыртқыш құс»болып шығады.
Көркем әдебиеттен мысалдар: - Сөйтсе де, қияға қанат қаққан бала бүркіт от жігері әр тұстан бір жарқ еткендей. (I.E.) Асулы туұрған қыр мұрынды, сопақ бет, қара қасты бала жігіт екен (I.E.). Өзін сүзгелі келген дөнежін бұқаны сыңар қолымен мүйізінен ұстап, жұлқып тартқанда етпетінен шөке түсіріп, тұрғызбай қойған бір ісін жұрт аңыз етіп кеткен. (М.Ә.). Қаражан бала жігітті былай шығарып алып: «Сен менің қалыңдығыммен билеуіңді қой», - деп қалш-қалш етті (I.E.). 2.
Бағыныңқы басыңқыдағы заттың (тіршілік иесінің: адам немесе жан- жануарлардың) жынысын білдіретін сөз тіркестері. Сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы
тіркеске түскен сөздердің лексикалық мағыналарындағы «Жыныс» семасынан өрбиді. Мысалы,
ұл бала, ер адам, әйел дәрігер, ата қаз, арлан қасқыр, шыбыш ешкі, атан түйе, мекиен тауық, мегежін шошқа, қаншық ит, т.б. Сөз тіркесіндегі сөздердің семантикалық құрылымы: басыңқы - «Адам», «Аң», «Құс»,
«Мал», «Жәндік», т.б. лексика-семантикалық топқа жататын (Д1 семемалы) тура атауыш
сөздер. Сөз тіркесін және оның грамматикалық мағынасын қалыптастыруға қатысты «Жыныс»
семасы көбіне потенциалды семада болады. Бағыныңқы - көбіне (Д1 семемада) тура атауыштық
мағынада жұмсалады. Ауыспалы-бейнелі мағынада (ата қаз тіркесіндегі сияқты) жұмсалуы
сирек құбылыс.
Мысалы, атан түйетіркесіне талдау жасап көрелік.
Атан.А - «Туйе»
Туйе,А - «Мал»
Д: а) «еркек»
Д; а) «өркешті»
в) «тарттырылған»
в) «шөлге шыдамды»
с) «жалпақ, май табанды»
Р-«Жыныс»
Сөз тіркесінің атауыштық мазмұны - «тарттырылған еркек өркетті шөлге шыдамды жалпақ, май табанды мал». Сөздердің лексикалық байланысына және сөз тіркесінің
мағынасына бағыныңқының Д а), в) семалары мен басыңқының Р семалары негіз болған.