«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет52/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Түйе шешу ойыны рәміздік мағынаға толы: түйе - түркі халықтарында тотемдік жануар деп 
есептеледі және тернарлық әлем құрылымын білдіреді. Қазылған шұңқыр мен оған қағылған 
қазык, шым-шытырық байланған арқан-жіп, ер-әйел дихотомиясын көрсетеді, жалаңаш әйел - 
жаңа туылған нәрестемен теңестіріледі. Ойын Орталық Азияда пуритандық ислам 
талаптарымен біртіндеп, ас рәсімдерінен ығыстырылып, шығарылған. Түйе шешу ойыны 
қазіргі бұқаралық мәдениеттегі пайдакүнемдік пен нәпсіқұмарлыққа негізделген эротикамен
порнография және жезөкшелікпен үш қайнаса да сорпасы қосылмайды. Бұл жерде исламның 
әдептік-мәдени функциясының маңыздылығын атап өткен жөн. Арабтардағы қыз баланы 
өлтіруге қарсы бағытталған ислам шаралары сияқты, мұсылмандық сананың нығаюы 
көшпелілер үшін де өркениеттілік мағынаға ие болды» [62,46 б.]. 
Қазақтың бұрынғы ойын-сауықтарынан қазіргі заманға жеткен ойындардың бірі - 
алтыбақан. Алтыбақан - той-томалақ, сауық кезінің бәрінде ойналатын, өте кең тараған, қазақ 
жастары үшін өнер, сауық орны болған. Әнші, күйші, өнерпаздардың атын жұртқа таратып
талантын бағалайтын жер болған. Алтыбақан ойыны жаздыгүні түнде ауыл сыртында 
ойналады. Алтыбақан құру үшін ұзындығы 3-4 метр 6 салма ағаш пен жуандау бір белағаш 
және ұзын арқан керек. Мосы құсатып салма ағаштарды үш-үштен бастарын біріктіріп
белағашқа байлайды. Белағашқа байланған екі арқанға қыз бен жігіт қарама-қарсы отырып, 
төменірек жіберілген арқанға аяқтарын тіреп, тербетіліп әткеншектейді. Әткеншек теуіп тұрған 
қыз бен жігіт ән бастайды. Оларды алтыбақан айналасына жиналған жастар қостап, хор айтады. 
Шалқайта тепкен алтыбақан мен шырқата салған ән ырғағы жиналған жастарға бейне бір 
махаббат қайығындағы ғажап тербелісті елестетеді. Алтыбакан атауы қарапайым алты және 
бақан сөздері тіркесінің шектестік, қатыстық заңдылығы бойынша ауыс мағынада қолданылып, 
қазақтың этномәдени менталдық ұғымын білдіретін сөзге айналған. Алтыбақан атауы 
халықтың түсінігінде тек алты бақаннан жасалған құрылғы емес, сол арқылы жастардың бір-
біріне махаббат сезімін күшейтіп, ынтықтығын арттырып, көңіл көтеретін сауық орнының 
символын білдіреді. Мысалы, Мынау ауылда алтыбақан теуіп жатыр! - деп тоқтай қалды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет