«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


да, — ойбай, жақсы болды!



Pdf көрінісі
бет53/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

да,ойбай, жақсы болды! (М.Әуезов). Салтанат құрган секілді, Жастықтың салты 
жапанда. Шалқыған ән, жыр төгілді, Тербеліп алтыбақанда (Н. Шәкенов). 
Тараушада айтылғандарды қорыта келе, ойын үрдісінің орындалу рәсіміне тоқтауды 
жөн көрдік. Жиын-тойларда ойналатын спорт не ойын түрлері қалай болса солай емес, 
ғасырлар бойы қалыптасып орныққан тәртіппен өткізілген. Б.Төтенай қазақтың әдеп-ғұрып 
ойындарының бастамасы - наурыз айының 22-інде өткізілетін «Наурыз мерекесі» дейді. 
Қазақша жаңа жыл туған күннің атын «Ұлыс» деп атағандықтан, бұл мерекені «Ұлыстың ұлы 
күні» деп атаған. Бұл мерекеде спорттық мәні жоғары ойындардың барлығы дерлік ойналған. 
Наурыз мерекесіне жиналған ауыл адамдары келісім бойынша, екі топқа бөлінеді. Бірінші 
топтағылар - «Ақ боран», екінші топтағылар - «Қалтырауық қара кемпір» деп аталады. Әр топ 
өз іштерінен бір-бір ақын, жыршы, балуан, садақшы, шабандоз, мерген, найзагер, бүркітші, т.б. 
ойыншыларын сайлап алады. Үш күнге созылатын мереке алдымен ақындар айтысынан 
басталады. Ақындар айтысынан соң, балуандар күресі басталады. Ортаға шыққан балуандар 
салмақ ерекшеліктеріне қарамай, тек өздерінің білек күштеріне ғана сенген. «Күш атасын 
танымас» деген мақал содан калған. Балуандар күресінен кейін жаяу жарыс басталады. Оның 
қашыктығы дәл өлшенбеген. Мөлшермен бірден бес шақырымға дейінгі қашыктық алынған. 
Осыдан соң ат үстінде ойналатын ойындарға кезек берілген. Ат ойыны ат үстіндегі күрес - 
аударыспақтан басталған. Одан кейін атжарыс-бәйге басталады. Aттap бәйгеден келгенше, 
жұрт жамбы ату ойынын қызықтаған. Мергендер ұзын сырықтың басына шүберекке орап, 
'аттың қылынан ескен жіппен байлаған жамбыны емес, жамбы байланған жіпті ат үстінде 
шауып келе жатып атуға тиіс болған. Одан соң ат үстінде шауып келе жатып, күміс ілу ойыны, 
одан кейін ұлт ойындарының ең қызықтысы қызқуу ойыны өткізілген. Осылайша жалғасып 
жатқан мереке-тойдың тағы бір қызықты ойыны көкпар тарту не көк бөрі тарту болған. 
Оған атқа шаба алатын, білегі қарымды, астында жаратқан аты бар, ауыл адамдарының бәрі 
қатысқан. Бұл ойынды жорға жарысы жалғастырған. Одан кейін түйе жарысы, түйе шешу 
сияқты ойындар ойналған [121, 10-14 бб.]. Жергілікті аудандарда әртүрлі жағдайға байланысты 
бұл айтылғандардан кейбір ауытқулар болуы мүмкін. Негізінен жиын-той, мерекелердегі 
ойындарды өткізуде осы жүйе сакталған. Ал әдеп-ғұрып ойындары халықтың әдет-ғұрпы 
негізінде туған және тұрмыс-салт жырлары деп аталатын жанрмен тікелей байланысты. Әдет-
ғұрып ойындары тұрмыс-салт жырларының нақты өмірдегі орындалу үрдісін білдіреді. 
Қазіргі кезде республиканың тәуелсіздік алуына байланысты денешынықтыру 
ойындарына ерекше мән беріліп, жыл сайын көңіл көтеретін ұлттық ойын-сауықтар өткізілуде. 
2009 жылы мамыр айына дейін телеканалдарда «Ұлы дала ойындары» деген атпен ұлттық 
ойыннан тұратын отандық жаңа телешоу ұйымдастырылады. Оған «Түйе балуан», «Бәйге», 
«Жамбы ату», «Қызқуу», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Көкпар», «Ақындар айтысы», «Жыршы-


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г. 
термешілер», «Күй тартыс», «Дәстүрлі ән» кіреді («Литер» газеті, 5X1. 2009). 
1. 
Төтенай Б. Қазақтың ұлттық ойындары. Докт. дисс. автореф., -Алматы, 1999, -
38 б. 
2. 
Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семъя мен неке,- Алматы: Ғылым, 1973. -327 6. 
3. 
Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на материале 
произведений М.Ауэзова). -Алма-Ата: Наука, 1989. - 283 с. 
4. 
Тұрышев А.Қ. Мәшһүр Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері: 
докт. дисс. автореф.,-
АлматыАтаты
, 2005. — 57 6. 
5. 
Мұрғабаева А.С. Қазақ мәдениетіндегі ұлттық ойындардың ерекшелігі мен 
рәсімдік негіздері. Канд. дисс. қолжазбасы.- Алматы, 2006. - 119 б. 
6. 
Симаков Г.Н. Общественные функции киргизских народных развлечений в конце 
XIX – начале XX
 
века,- Ленинград: Наука, 1984. - 229 с. 
Түйін 
Бұл мақалада қазақ халқының әдет-ғұрып ойындарының атаулары қарастырылады. 
Резюме 
В данный статье рассматриваются найменования казахских национальных бытовых игр. 
Summary 
The names of Kazakh national domestic games are considered in this article. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет