57
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г.
мағынаға, бір қызметке көшуімен байланысты. ЕМҚ-ның да қалыптасуы осыған ұқсас, ЕМҚ
білдіретін модальдық мағына оның құрамындағы морфемаларың
тығыз бірлігінен
туындайды» (7, 11-12).
Қазіргі модаль сөздердің сөйлемдегі қолданысын екі құрылымда кездестіруге болады.
Біріншіден, кейбір модаль сөздер сөйлем құрылымында дербес қолданылса, кейбір
құрылымдар етістікті тұлғалармен бірлікте жұмсалады. Осыған сәйкес модаль сөздерді 3-ке
бөлеміз: 1) толық дербестенген модаль сөздер;
2)
жартылай дербестенген модаль сөздер; 3) дербестенбеген модаль сөздер.
Толық дербестенген модаль сөздер қазіргі оқулықтарда «қыстырма сөздер» деп
топталуда. Бұлардың сөз табына қатысы бірізді айтылмай жүр. Толық окшауланған модаль
сөздердің семантикасы, модальді мағынаны түрлендіруге қосар үлесі өзгермегенмен,
грамматикалық қолданысы оқшауланған. Кейбір оқулықтарда толық дербестенген модаль
сөздер мен етістік құрамындағы модаль сөздерді екі түрлі
грамматикалық категория деп
қабылдаған. Бұл туралы А.Салқынбай: «Модаль сөздер мен қыстырма сөздердің арасында
кейде ұқсастық болуы да ықтимал. Модаль сөздер көбінесе қыстырма сөздер ретінде
қолданылуға бейім. Дей тұрғанмен Мәтіндегі қолданыс қызметі мен семантикалық
құрылымы арқылы оларды екі грамматикалық категория ретінде ажырату маңызды. Модаль
сөздерге предикативтік тән болса, қыстырма сөздер көп жағдайда сөздің басында немесе
ортасында келеді» (2. 312).
Біздің
ойымызша, толық дербестенген модаль сөздер де о баста жетекші сөздердің
құрамында айтылса керек. Сөйлемдегі сөздердің орын ауыстыруы, жылысу, ауысу
кұбылысының салдарынан бұл модаль сөздер өзі тәуелді жетекші сөздерінен алшақтап,
дербес интонациялық жікпен айтылатындай дәрежедегі сапалық өзгерістерге түскен. Бұл
қатардағы модаль сөздерге: бәлкім, бәлки, әрине, әлбетте, анығында, шамасы, расы,
расында, шынында, шындығында сөздері жатады.
Қолданыста «сірә» модаль сөзі күдікті, болжал, жорамалды мағынаны ашуға тірек
болады. Мысалы: Сірә, әкесі бір, шешесі бөлек болды (М.Мағауин). Төс жара болып қалар,
сірә (М.Мағауин). Қасында, сірә, қала тұрғыны болса керек, интеллигент кейіпті жас
жігіт бар (М.Мағауин).
Бұл қатарға құптау, субъекті сенімін даралайтын «әрине» сөзін де жатқызамыз.
Мысалы: Әрине, мен мұнымен өкініп тұрғаным жоқ бүгін (Ә.Нұршайықов). Әрине, атты
солай суреттеу орынды (Ә Нұршайықов). Әрине,одан да қатты, анық айтылса
(М.Мағауин). Содан соң киноға барамыз ба? - Әрине... (М.Мағауин).
«Кім біледі» дербестенген модаль сөзінің мәтіндегі қызметі ауқымды. Бұл сөзді
бірнеше мақсатта жұмсауға болады. Бірде субъектінің үмітін, бірде күдігін,
бірде болжап,
жорамалын,
құптауын
ажыратады.
Яғни,
қолданыста
белсенділігімен,
көп
мағыналылығымен көзге түседі. Мысалы:
Өлгенін өз көзіммен көргенім жоқ. Бір жерде жүр
ме, кім білсін (М.Мағауин). Бәлкім, бір қарағанда біреуге біреу жаман көрінгенмен, негізінде
ол жақсы адам боп шығар, кім білсін (Ә.Нұршайықов) сөйлемдерінде субъектінің үміті
жанданса соңғы сөйлемдерде аталған модаль сөздің ықпалымен субъектінің болжалды,
сенімсіз көзқарастары көрініс тапқан. Мысалы:
Бұл қайраттың қай межеге жеткізерін, кім
білсін?! (С.Досанов).
Жартылай дербестенген модаль сөзге «мүмкін» сөзін жатқызуға болады (яғни, кейде
сөйлем құрылымынан оқшауланып, кейде етістікті тұлғалармен бірлікте жұмсалады).
Қыстырма сөздер құрамындағы «мүмкін» модаль сөзін қалыпты модаль сөздер қатарынан
деп топшылауымызға негіз бар:
1-
ден, сөйлем құрылымынан оқшауланып тұрса да модальді мағына үстейтін
семантикасын жоймайды;
2-
ден, қазіргі әдеби тілімізде «мүмкін» модаль сөзінің дербестену сатысынан
хабардар ететін тілдік деректер де орын алған. Ойымызды төмендегі мысалдармен бекітуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: