59
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г.
Субъектінің өзіндік ой түюі және субъекті аралық
бағалау орын алған жағдайда
«тиіс» модаль сөзі сенімді көзқарасты көрсетеді. Мысалы:
Сүюге тиіс. Мендік болуға тиіс
(М.Мағауин). Бұрын журналистер назарына мүлде ілінбеген адам туралы тың дүние болуға
тиіс (М.Мағауин). Ербол түбінде біздің белді қызметкерлердің бірі болуы тиіс (Ә
Нұршайықов) Ал субъектінің бұйыра айтқан лебізімен астарласқанда, «тиіс» модаль сөзі
міндеттілікті айқындайды.
«Сияқты» модаль сөзі есімшенің -ған, -ген, -атын, -етін,
-йтын тұлғаларымен
грамматикалық байланысқа түседі. Бұл құрылымдардың өзара бірлігінен субъектінің
сенімсіз, сенімді,
болжалды, жорамалды көзқарастары айкындалады.
Субъекті өз басындағы жағдаятты баяндауда аталған құрылымдарды қолданса,
сенімсіз модальді реңкі орын алады. Мысалы: Қазақша сөйлеген осы оқытушы ма,әлде
басқа біреу ме деп, өз құлағым мен өз көзіме өзім сенбеген сияқтандым (Ә.Нұршайықов).
Төмендегі мысалдарда болжалды көзкарас көрініс тапқан: Саған жаңа жұмыс
бергілері келіп отырған сияқты (Ә.Нұршайықов). Жұрттың бәрі әуестікпен емес, қызыға,
қызғана қарайтын сияқты (М.Мағауин).
«Тәрізді» модаль сөзінің де тіркес құрайтын жетекші сөзі - ған, -ген,-атын, -етін, -
йтын тұлғалы етістікті құрылымдар. Бұл құрылымдар мәтін аясында күдікті, болжалды,
жорамалды, сенімсіз модальді мағынаны ашады. Мысалы: Кім келгенін сырттан-ақ аңдаған
тәрізді (М.Мағауин). Шаршатып жеңгісі келетін тәрізді (М.Мағауин). Ол қазір басын қылқан
еткізіп көтеріп алып, менің мойныма орана кететін тәрізді (Ә.Нұршайықов).
Есімше тұлғаларымен бірлікте қолданылатын «шығар» модаль сөзі де әр түрлі
модальді мағынаны сипаттауға негіз болады. Оларды төмендегіше топтаймыз:
1-
ден, субъектінің үмітін даралайды: Меңтай менің қолымды қаттырақ
қысып, ұзағырақ ұстайтын шығар (Ә.Нұршайықов).
2-
ден, субъекті сенімсіздігін көрсетеді: Бәлкім, маған солай сияқтанып
көрінген шығар (Ә.Нұршайықов). Әй, алыс қой, бара алмайтын шығармын (Ә.Нұршайықов).
3-
ден,
күдікті көзқарасты ашады: Ендігі біреумен танысып та қойған шығар
(Ә.Нұршайықов).
4-
ден,
субъектінің ішкі жорамалын айқындайды: Тегі, Меңтайдың мұнысы
қолыма қарама дегені шығар (Ә.Нұршайықов).
«Деймін» модаль сөзі мен жетекші сөз арасында үнемі дәнекер ретінде «ау»
демеулігінің қызметін байқаймыз. Бұдан модаль сөздердің
көп жағдайда шартты рай,
есімше, тұйық етістік тұлғаларымен тұрақты байланыста болатынын даралаймыз. Бұларды
да тұрақтанған етістікті модальді құрылымдардың қатарын толықтыратын тұлғаларға
жатқызамыз. Жетекші етістік, -ау демеулігі және «деймін» модаль сөзінің негізінде жасалған
тұлғалардың семантикалық өрісін шектеулі деп даралауға болады, себебі барлық қолданыста
дерлік болжау, жорамалдау мағынасын даралайды. Мысалы:
Менің «жаңа студентпін»
деген сөзімнің қыздарға жаңаша бір әсері болды-ау деймін (Ә.Нұршайықов). Берлинде
болып, Рейхстагты көргенім тергеуші қызға әсер етті-ау деймін (Ә.Нұршайықов). Сол
түрімді аяды-ау деймін (Ә.Нұршайықов). Тегі, оны ауыстырып киерлік лайықты басқа
кеуде киімі болмады-ау деймін (Ә. Нұршайықов). Менің сұқтанып отырғанымды сезді-ау
деймін (Ә.Нұршайықов).
Қазіргі модаль сөздердің қатарын «болар» модаль сөзі де толықтырады.
Қолданыста «болар» модаль сөзі етістік сөздермен де, зат есім сөздермен де жарыса
қолданылып, модальді реңкті саралауға үлес қосады. Мысалы: Қыздың көмейіне «оның ар
жағы не болды» деген сұрақ та келген болар (Ә. Нұршайықов). Кім біледі, сол жаман деген
адамның да жақсылығы болар (Ә. Нұршайықов). Бәлкім, анасы есіне түскен болар
(Ә.Нұршайықов). Бәлкім ол қазір билет алудың қамында жүрген болар (Ә. Нұршайықов).
Қорыта келгенде, модаль сөздердің модальді мағынаны айқындауда қосар үлесі зор.
Қолданыстағы құрылымдық ерекшеліктері олардың
қызметін әлі де тереңдей,
салыстырмалы негізде талдау қажеттігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: