«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


арық, бас бармақ, бас киім, бас асау, баз бұзар, бас көтере алмады, бас қатырды, бас



Pdf көрінісі
бет22/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   137
арық, бас бармақ, бас киім, бас асау, баз бұзар, бас көтере алмады, бас қатырды, бас 
салды, басына mac тиді, басын қатырды, басын ала қашты, бас жарып, көз шығарып 
барады т.б. II. муз. Ер адамның төменгі даусы, төмен тембрлі үрмелі аспап. III. Жүру, 
адымдау, бір нәрсені таптау, мыжу, жаншу, кітап, газет, журналды баспадан шығару, басып 
қалу, жабу, бір нәрсені қарқындата түсу, үдету, азайтыңқырау, бәсеңдету, киізді білектеу, 
бірнәрсенің уытын қайтару, бәсеңдету, тоқтату, күшпен жеңу, бағындыру, ауысп. тоқтату 
тежеу. Мысалы: бас салды, басып кірді, басып озды, басып өтті, басып салды, басып 
тастады т.б. Сонымен бірге, көз сөзі түсіндірме сөздікте I. Адамның, жан- жануарлардың 
көру мүшесі. 2.3аттың жіп өткізетін жері. 3. Бір нәрсенің шығатын жері, қойнауы. 4. Бір 
нәрсенің нақты өз басы. 5. Өткеннен қалған нәрсе: біреуге арналған ескерткіш, мұра, ұрпақ. 
6. ауысп. Ақыл, ес, сана. Мысалы: көз айырмады, көз алмады, көзтаныс, көз жұмды, көз 
жүгіртті, көзкөрім, көзі ашық, көзі қарақты, көз ілмеді, көзін ала алмады, көзін малмен 
ашты, көзі шарасынан шықты, көзі шүңірейді, көзін жоғалтты, көзі шырадай жанды 
т.б. деп берілген [2, 110; 404 б.]. Осындай көптеген мысалдарды атап өтуге болады. 
Номинативтік бірліктер бірнеше тәсілмен жасала береді, солардың ішінде 
жетекші кызметті синтетикалық тәсіл алады. Бұл жерде сөзжасамдық 
форманттардың кызметі ерекше. Мысалы, дәрігер, жұтқыншақ, шеміршек, бөртпе, 
сіреспе, қоздыру, өлім-жітім, талма, ісік, шарбы, құсық, жарақат, күбірткі, кекірік, 
кемістік, іріңдеу т.б. 
Номинативтік бірліктердің үшінші түрі - медициналық аталымдардың жалпы әдеби 
тілге метафора тәсілі аркылы өту. Бұл тәсілде ауызекі сөйлеу тілінде терминдер ауыспалы 
мағынада қолданылып, негізгі тура мағынасы сақталмай, тек ішкі мағыналық кұрылым 
ретінде қалыптасады. Сөздің сыртқы тұлғасы қалғанымен, мағыналық құрылысы өзгеріске 
ұшырап кетеді. Медициналық аталым әдеби тілге өту кезеңінде коннотативтік, модальдық 
мағынаға ие болуы мүмкін. Мысалы: Бойда қайрат, ойда көз, Болмаған соң айтпа сөз (Абай). 
Басында ми жоқ, өзінде ой жок (Абай). Арыстандай жүректі, Жолбарыстай білекті 
(Батырлар жыры). Тербетілген үстінде сағым көлдер, Сары аурудай сарғайған сары белдер 
(М.Әлімбаев). Осы жердегі көз, ми, жүрек, сары ауру дегендерде тура мағынада емес, әдеби 
тілдегі ауыспалы мағынасы түрінде айтылып тұр. Осы талдаулардан кейін метафора барлық 
кезеңдерде ұштасып жатқанын байқаймыз. Номинативтік бірліктер туралы пікірлердің өзі 
қайшылыққа толы пікірталастарды тудырады. Бір жағынан, термин бір ұғымды білдіреді, 
сондықтан номинативтік бірліктер жокқа шығарылса, екінші жағынан нақты дәлелдерге 
сүйене отырып, номинативтік бірліктерді анықтауға болады. Сондықтан номинативтік 
бірліктерде метафораның орны ерекше болатынына көз жеткіземіз. 
Медициналық аталымдарда метафора үрдісін, сонымен бірге ішкі номинативтік 
бірліктерді қарастыра келе, тағы бір ерекшелікті байқауға болады: ол - бір ғылыми саланың 
термині бірнеше терминологиялық жүйелерге метафора арқылы өтеді. Мысалы: 
анатомиялық тіс түбірі, иықтық (мойындырық) өрім, қанат тәрізді өзек, жұлындық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет